Заманауи ақпараттық технологиялар мемлекеттік қызмет түрлерін онлайн режимде алу мүмкіндігін кеңейтуде. Пандемия жағдайында университетке бетпе-бет байланыссыз құжаттарды тапсырудың бірнеше тәсілдері әзірленіп, сынақтан өтті.
Жоғары оқу орындарының талапкерлерді виртуалды қабылдауы ең сенімді тәсілдерінің біріне айналып отыр. Өткен жылы шалғайдағы ауылдардың мыңдаған түлектерінің құжаттары қабылданды.
Биылғы жылы жоғары оқу орындары виртуалды кеңселерін қайта ашты және қабылдау комиссиялары алғашқы жұмыс күндерінен бастап өтініштерді онлайн қабылдауға әзір. Мұнда университет қызметкерлері кеңес береді және бейне байланыс арқылы құжаттарды қабылдайтын болады.
Қызмет көрсетудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыру мақсатында сондай-ақ, ауа райының аптап ыстығы жағдайында қызметкерлердің штаты кеңейтілді. Қызмет көрсетуге студенттер қатарынан еріктілер тобы тартылуда. ЖОО-ның басшылығы қабылдау комиссиясына толық дайындығы туралы мәлімдеді.
Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылмақ. Сондықтан Egov электронды үкімет порталындағы уақытша олқылықтар талапкерлердің қызмет көрсету сапасына және құжаттар тапсыруына еш кері әсерін тигізбейді.
Университеттер мен виртуалды қабылдау комиссиялары үшін барлық қажетті байланыс ақпараттары Ұлттық тестілеу орталығының
www.testcenter.kz сайтында орналасқан.
Толықанды ақпараттарды біздің әлеуметтік желілер мен сайттан ала аласыздар!
https://instagram.com/kariu_kz
https://www.facebook.com/profile.php?id=100022651051239
https://old.tttu.edu.kz/
Біздің мекен жайымыз:
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30
Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары:
8(7213)914234, 87759894543, 87014306414, 87029080086
Бүгін Теміртау қаласындағы Қарағанды индустриялық университетінің студентері диплом алды. Қарағанды индустриялық университеті – еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының қатарында. Бұл білім ордасының 60 жылдық тарихы бар. Бүгінде бұнда 3 мыңға жуық студент бар. Оның 676-сы биыл қолдарына диплом алды. Салтанатты табыстау рәсіміне Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Абдрасилов Болатбек Серікбаевич 4 жыл оқыған бакалавр және магистранттарды білім алғандығын растайтын негізгі құжатты табыс етті. Біз техник мамандарды дайындайтын алдыңғы қатардағы университеттің өндірістік орындардың барлығымен дерлік тығыз қарым-қатынаста. Олармен түлектерді жұмыспен қамту бойынша қыруар жұмыстар атқаралып, жазда 181 бакалавр, 22 магистрант диплом алды. Салтанаты жиын барысында стратегиялық даму жөніндегі проректор Сивякова Галина Александровна – біз 16 мамандық бойынша электрик, жылу энергетика, құрылыс, металлургтер дайындап,оларға деген сұраныс жоғары екенін айтты. Жұмыспен қамту үлесі 90 пайызды құрайды. Яғни, түлектер міндетті түрде қызметке орналасады. Өнеркәсіп орындарының өкілдерімен жиі кездесу өткізетінін айта кетті. Оңтүстік өңір, Тараз қаласында тумасы Айдын Есмхановна 2015 жылы «Серпін бағдарламасы бойынша 4 жылдық оқуды жылу энергетика мамандығына оқуға түсіп, әрі қарай оқуын жалғасытып магистрант атанды. Айдын Есмхановна айтуынша, бұл университетті таңдағаным бұндағы оқытушылар, жалпы білім базасы өте мықты. Тәжірибе де, ғылыми жұмыстар да жүргізілетінін атап өтті. Салтанаты диплом беру рәсімі көңілді ән шашумен аяқталды.
Қарағанды индустриялық университетінің ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық департамент директоры, Жүнісқалиев Талғат Тоқашұлын металлургия саласында диссертациялық жұмысын қорғап, PhD философия докторы мәртебесін алуымен құттықтаймыз.
Ең алғаш білім алған ордасы Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің жас түлегі, алғашқы жұмыс баспалдағы «Hobas Pipes Kazakhstan» ЖШС, оператор болып қызмет атқарған. Жүнісқалиев Талғат Тоқашұлы өз ісінің майталманы.
Қазіргіргі уақытта Қарағанды индустриялық университетінің ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық департамент директоры, Жүнісқалиев Талғат Тоқашұлына жұмысына сәттілік тілей отырып, білім жолындағы ізденісіне тек шығармашылық табыс тілейміз. Жаңа ғылыми атағыңызбен құттықтаймыз.