“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ТІЛ-РУХАНИ ҚАЗЫНА!

 

Бүгін қаламыздағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл-рухани қазына» атты диалог алаңы атты іс-шара өтті.

Негізгі мақсаты – жастардың ана тілге деген құрметін арттыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру және мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыру бағыталған. Мерекелік шараға Қарағанды индустриялық университетінің белсенді 1 курс студенттері қатысты.

Диалог алаңында Қазақстан халқының тілдері күнінің маңызы жайлы бейнебаян көрсетілді. Іс-шараға мемлекеттік тілді жетік меңгерген университет студентері қатысып, өздерінің қазақ тілін меңгерудегі тәжірбиелерімен ой бөлісіп,залға жиналғандардың сұрақтарына жауап береді.

Шара соңында белседілік көрсеткен студенттер бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттарға ие болды.


 

05.09.2022, 18:34:32, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ!

Қарағанды индустриялық универсиетінде әр жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде «Бірінші курс апталығынан» басталады. Жаңа оқу жылы ережеден ешкім тыс қалған жоқ, өйткені біздің бірінші курс студенттеріміз – Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау облыстары, Теміртау мектептерінің және біздің облыстың барлық аудандарының үздік түлектері.

Бейімделу апталығы барысында жаңадан келген студенттер үшін семинар,презентациялар, денсаулық фестивалі, спартакиадалар, эстафеталар және қалалық тарихи – өлкетану мұражайына, қысқы баққа, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығына экскурсияларға барды. Осы аптадағы барлық іс-шаралар жаңадан құрылған студенттерге жаңа ортаға оңай бейімделуге көмектесу үшін ғана емес, сонымен қатар өмірдің жаңа кезеңінің алғашқы күндерін есте сақтау үшін де өткізілді.

Бүгін, біздің бірінші курс студенттеріміз үшін «Танысайық» жетекшілік сағаттары өткізілді. Онда олар университет басшылығымен, біздің ЖОО тарихымен және қызметімен, факультет,кафедра мен бөлімшелердің жұмысымен, олардың даму перспективаларымен, ТҚЖ ақпараттық-техникалық база, аудитория, оқу корпус, зертхана, кітапхана және оқу залдарымен танысты.

2022 жылға арналған академиялық күнтізбемен– 2023 оқу жылы, Қарағанды индустриялық университеті студенттерінің ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың академиялық адалдық кодексі, ҚарИУ-дың қызметкерлері мен ПОҚ этика ережелері, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі техникасы бойынша нұсқаулықтан өту және ҚарИУ-дың тарихы мұражайына барды.

Сонымен қатар, университеттің барлық студенттері үшін “Аманат” партиясының Қарағанды облыстық бөлімшесінің атқарушы хатшысы Бекзат Алтынбековтың қатысуымен бірыңғай парасаттылық сағаты ұйымдастырылды және өткізілді. Оның мақсаты-студент жастарға адамның басты құндылықтары-адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім туралы түсінік беру, студенттерден мейірімділіктің, ақылдылықтың, шыншылдықтың, қайырымдылықтың және т.б. адамгершілік қасиеттерін алуға ықпал ету, бір-біріне құрмет пен қайырымдылықты тәрбиелеу. Қорытындылай келе, бірінші курс студенттер апталығына қатысудың бірінші күні өте жақсы өтті!

02.09.2022, 14:26:42, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ!

   

Бүгін дене тәрбиесі секциясы бірінші курс студенттері үшін «Денсаулық фестивалі-2022» атты спортық жарыс өтті.

Фестиваль бағдарламасына спорттық іс-шараларға: 60 метрге жүгіру және жалпы физикалық дайындық жұмыстары ұйымдасырылды. Студенттер 260 студент қуана қатысып, өздерінің физикалық қабілеттерін көрсетті.

Жарыс Металлург стадионында өтті. Жарыс қортындысы бойынша 60 метр қашықтыққа жүгіруден жарыста ұлдар арасында Тұрсынбек Ердос, ал қыздар арасында Трибунская Анастасия жеңімпаз атанды.

Итеру жарысында 1 – орынды Тұрсынбек Ердос алса, ал 2 – орынды Сағатов Әлихан алды, кезекті 3 – орынды Қуаныш Үмітбек иеленді.


02.09.2022, 11:29:11, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ!

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында барлығын синтетикалық есірткіге қарсы пікір білдірген болатын. Синтетикалық есірткі жыл сайын арзан әрі қол жетімді болады. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы еш кедергісіз сатылады және тіпті үйге жеткізіледі.Сондықтан нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу қажет екенін айтқан болатын. «Biz BIRGEMIZ» жастар лигасы және «Ассамблея Жастары» РҚБ Қарағанды облысы бойынша өкілдігі синтетикалық есірткіге қарсы жалпыұлттық күресті қолдайды және азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен «Серғали Түркістан»  РҚБ қолдауымен «Мен өмірді таңдаймын» жобасын іске асыруда.

Жобаны іске асыру аясында жастармен бейресми кездесулер сериясы, сондай-ақ Tik Tok байқауы жоспарланған, осылайша оқушылар мен студенттер синтетикалық есірткінің зиянына қатысты өз ұстанымдарын өз бетінше көрсете алды.

Бүгін 16 қыркүйекте «Тең-теңімен» қағидаты бойынша студент жастармен бесінші бейресми кездесу ұйымдастырылды. Қарағанды индустриялық университетінің 1-4 курс студенттері есірткі ұғымымен және есірткі заттарын сақтау, өткізу және пайдалану үшін қылмыстық жауапкершілікпен танысты, есірткіні қолдануға байланысты ең өзекті мәселелерді белсенді талқылап, талқылады. Семинар соныңда сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алды.

01.09.2022, 20:16:24, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Бүгін 1 қыркүйек ел іргесі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан…

 

Бүгін 1 қыркүйек ел іргесі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің ең өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бастамаларды атап өтті. Жолдаудың негізгі басымдықтары -экономиканың барлық салаларының жұмысын сапалы арттыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту.


Президентіміз ұлт сапасын арттыруда үлкен рөл атқаратын мәселелерге – мектепке дейінгі білім беруден бастап жоғары білімге дейінгі білім беру жүйесіне ерекше назар аударды. Балабақша тәрбиешілерінің әлеуметтік мәртебесін, жалақысын көтеру, осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптарды бекіту қажеттігі айтылды. Балаларға барлық пәндер бойынша базалық білім беретін, өскелең ұрпақты патриотизм рухында және жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелейтін мектеп мұғалімдерінің зор рөлі атап өтілді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өз Жолдауында жоғары білімге, оның сапасы мен еліміздің барлық жастары үшін қол жетімділігін арттыру қажеттілігіне баса назар аударды. Президент отандық жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасының артуына қарай оларда оқу құны да өсетінін атап өтті. Мемлекет ҰБТ нәтижелері мен басқа да көрсеткіштерге байланысты мөлшері 30-дан 100 пайызға дейін сараланатын білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдетілген несие берілмек. Бұл шаралар жоғары білімді қол жетімді етеді. Студенттік жатақханалар туралы мәселе көтеріліп, осындай нысандарды салудың нақты жолдары ұсынылды.
Мемлекет басшысының барлық бастамалары елдегі жағдайды жақсартуға, білім беру сапасын арттыруға, Тәуелсіз еліміздің бірлігін нығайтуға бағытталған. Бұл ел азаматтарының ел үшін өз қабілеттерін көрсетуге арналған ерекше мүмкіндік. Еліміздегі жоғары оқу орындарының басшылары осы тапсырмалардың барлығын жүзеге асыруға бірден атсалысатынына сенімдімін.

 

01.09.2022, 19:46:07, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар