“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА…

   

“Күміс университет” өз жұмысын жалғастыруда: тыңдаушылардың екінші ағымының компьютерлік сауаттылық бойынша сабақтары басталды

Қарағанды индустриялық университетінде “Күміс университет” жобасын жүзеге асырылуы жалғасуда.

2022 жылдың 1 маусымында “Компьютерлік сауаттылық” курсы бойынша оқуға 20 адамнан астам тыңдаушылардың екінші ағымы кірісті. Практикалық сабақтар басталар алдында курс тыңдаушылары университетпен танысты. Стратегиялық даму жөніндегі Проректор Галина Александровна Сивякова жоғары оқу орнының құрылу тарихымен, ал кітапхана меңгерушісі Светлана Анатольевна Носкова университеттік кітапханамен таныстырды.

Экскурсия соңында тыңдаушылар 2 кіші топқа бөлінді және тыңдаушыларға кіріспе сабағы өткізілді. Кіріспе сабақта Күміс университетінің курсанттары дербес компьютердің құрылғысымен танысты, тінтуір мен пернетақтамен, сондай-ақ флеш-тасымалдаушылармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін игерді.

Курс аясында барлығы 10 сабақ өткізіледі, онда тыңдаушылар интернеттегі іздеу жүйелерімен жұмыс істеу, электрондық поштаны құру, әлеуметтік желілерді пайдалану, Электрондық үкімет сайтында түрлі қызметтерді алу дағдыларын ала алады.

Компьютерлік сауаттылық курстарынан басқа, “Күміс университет” жобасы шеңберінде қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік мектебі, шахмат клубы сияқты бағыттар бойынша топтар жасақталады.

   

02.06.2022, 09:38:31, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ-ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ…

Бүгін 31 мамыр Қарағанды индустриялық университетінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған “Тарихтан тағылым-өткен тағзым” атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға факультет декандары, факультет декандарының орынбасарлары, кафедра оқытушылары, белсенді студенттер қатысты.

Іс-шараның мақсаты ұлттық тарихи сананы қалыптастыру, ортақ тарих негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту, теңдікті, толеранттылық құндылықтарын және барлық этностардың достығын, ел ішіндегі тұрақтылықты нығайту болып табылады.

Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Салпенова Мадина Мейрамқызы бұл атаулы күн ұлтты біріктіретін, өткен дәуірдің трагедиялары туралы әртүрлі ұстанымдағы барлық адамдарды ортақ диалогқа итермелейтін саяси күннен гөрі орынды екенін атап өтті.

“Қазақстан тарихы, қоғамдық-гуманитарлық пәндер” кафедрасының меңгерушісі Солтан Магира Солтанқызы ел тарихында ұлы мәртебелі дәуірмен қатар көптеген қайғылы кезеңдер болғанын атап өтті. Қазақ халқы үшін ХХ ғасырдың ең қорқынышты трагедияларының біріне айналған сталиндік қуғын-сүргін барысында ол біздің көптеген азаматтарымыздың ерлігі туралы айтты.

Осыған байланысты, “Қазақстан тарихы, қоғамдық-гуманитарлық пәндер” кафедра оқытушысы Лаура Оралбекқызы Шоева бізге бүгінде жалпыұлттық деңгейде жинақталған, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы бола алатын тарих қажет. Алаш-ұлтты Аспан асты елі, Жер бетінде өз орнын алатын ел ретінде танытатын ел.

Кездесу соңында тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Салпенова Мадина Мейрамқызы біздің тарихымызды білмеу — бұл тәуелсіздік құндылығын түсіну емес екенін атап өтті. Және, әрине, біздің әрқайсымыз өткен дәуірдің тарихын ұрпақ санасында жаңғырту, халық зиялыларын жадынан шығармау-ұлт алдындағы азаматтық парызымыз екенін ұмытпауымыз керек.

31.05.2022, 18:37:34, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ЖАҢА БАСТАМА-ЖАҢА ҚАДАМ!

Бүгін мамыр айының 30 жұлдызында Қарағанды ​​индустриялық университетінің базасында онлайн форматта конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Жаңа Қазақстан: жаңа келбет» атты кездесу өтті. Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, магистранттар, студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, жоғары оқу орындарының студенттік белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын басында сөз алған Қарағанды ​​индустриялық университетінің ректоры Абдрасилов Болатбек Серикбаевич алдағы болатын ел болашағы үшін жаңа бастамаларға дайын болу керектігін тоқталып, ел үшін референдумның маңызды қадам екендігін тілге тиек етті. Ел  президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың конституцияға енгізгелі отырған өзгерістер мен толқулар жаңа тарихтың бастауы болмақ. Бұл жаңа Қазақстаның алға деген айқын мақсаты мен кемел болашағын көрсететін мәртебелі кезең болмақ.

Келесі болып сөз бастаған Теміртау қаласы мәслихан хатшысы Ломакин Алексей Барисович университет қабырғасында белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын және студенттермен тығыз қарым-қатынаста  екендігіне тоқталды. Бұл жаңа реформа жастар үшін үлкен басымдыққа ие екенін жеткізді.

Осы орайда Қарағанды ​​индустриялық университетінің 2 курс студенті парламентінің президенті Тілеубек Арайлым жаңа Қазақстаның болашақ жастарының атынан референдумның туралы өз ой білдірді. Менің ойымша, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды.

Солардың бірегейлерін тілге тиек ете кетсек студенттердің сөздік қорымен шешендік қасиетін арттыратын дебат ойындары, жастарды шымырлыққа үйрететін спорттық іс шаралар ұйымдастырылған болатын. Шынында да жастық шақ жалындаған жас қауымның жүрегінде туындаған талай идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тамаша кезең. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек»,- деп маңызды ойлар айта кетті.

Жиын соңында, ҚарИУ-дың ректоры Абдрасилов Болатбек Серикбаевич бұл ауқымды іске студентер мен бірге атсалысатынын білдіріп, университет үшін алдағы уақытта ауқымды жұмыстар атқарылатынын айта кетті.

30.05.2022, 14:57:17, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2022 жылы 25 мамырда Қарағанды индустриялық университетінде 5В070900 – «Металлургия» ББ бойынша студенттердің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы аяқталды.

Аталған конкурсқа еліміздің 5 ЖОО: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университеті және Қарағанды индустриялық университетінен 14 студенттің жұмысы қабылданып, сарапталды.

Конкурстың сарапшылық комиссия құрамына металлургия саласының елімізге белгілі ғалымдары мен Қарағанды аймағының салалық мамандары енгізілген.

Комиссия жұмысы онлайн режимінде академиялық адалдық принципіне негізделген жүйеде ұйымдастырылды.Сарапшылар кодталған әрбір ғылыми жобаны автоматтандырылған бағалау жүйесінде бағалады.

Конкурс нәтижесінде келесі студенттер жеңіске жетті:

Министрліктің І дәрежелі Дипломымен:

1. Ғұбайдуллин Д.Е./ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Министрліктің ІІ дәрежелі Дипломымен:

1. Құрманбай Е.Ж./М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан

университеті;

2. Сағади М.Е./Қарағанды индустриялық университеті

Министрліктің ІІІ дәрежелі Дипломымен:

1. Нуржанов А.А. / Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;

2. Төленді Қ.С. / Қарағанды индустриялық университеті;

3. Абдуганиев Б.М. / Қарағанды индустриялық университеті.

Барлық жеңімпаздарды құттықтай отыра, олардың ғылыми жетекшілеріне, оқытушылық ұжымға және конкурсқа жолдаған ЖОО ректорларына зор алғысымызды білдіреміз.

Қарағанды индустриялық университеті «Металлургия» білім бағдарламасы бойынша базалық оқу орны болғандықтан, аталған бағыттағы республикалық оқу-әдістемелік бірлестік кеңесі де осында. Университетіміз металлургия бағытында елімізге танымал ғалымдар мен кәсіпорын басшыларын даярлаған кәсіби білікті, ғылыми әлеуеті жоғары оқу орны екендігімен беделді.

Хаттама

 

27.05.2022, 15:26:39, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫСЫН ЕҢСЕЛІ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Мамыр айының 19 жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласы, “Bilim-orkeniet “ұлттық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ» атты республикалық байқау өтті.Теміртау өңірінен республикалық байқауға қатысқан кафедра аға оқытушы Шаяхметова Гульмира Аубакировна «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ» атты төс белгісі куәлік пен I дәрежелі диплом табыс етілді. Қызмет жолыңыздағы аға оқытушы Шаяхметова Гульмира Аубакировнаны жеңісімен құттықтаймыз.

27.05.2022, 14:56:53, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар