“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс жариялау

Қазақстан Республикасы ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға байқау жариялайды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы дарынды жастарды жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі үшін, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын беріледі.

Байқау 10 номинация бойынша өтеді: «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрадалық өнер», «Халық өнері».

Үміткерлердің құжаттары 2022 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан Республикасы ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің жастар және отбасы істері комитетінде premiya.daryn@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.

Конкурстың ережелері мен құжаттары.

24.06.2022, 17:21:42, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЙЫС МӘРЕГЕ ЖЕТТІ!!!

Мамыр айының 25 жұлдызында ғылым мен білімнің жас мамандары бойынша «ТМД-ның үздік жас ғалымы-2022» атты халықаралық байқау өтті.

Теміртау өңірінен халықаралық байқауға қатысқан ғылыми жетекшісі-химиялық технология және экология кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты Меркулов Владимир Витальевич пен Акмалова Иляна Мансуровна-металлургия және машина жасау факультетінің 2 курс студенті «ТМД-ның үздік жас ғалымы-2022» атты төс белгісі куәлік пен I дәрежелі диплом табыс етілді.

Металлургия және машина жасау факультетінің 2 курс студенті Акмалова Иляна Мансуровна пен экология кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты Меркулов Владимир Витальевич жеңісімен құттықтаймыз.

   

07.06.2022, 11:31:47, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

БҮГІНГІ ТАҢДАУ-БҰРЫНҒЫЛАРДАН ӨЗГЕШЕ…

Бұл айтулы күн ел тарихындағы маңызды қадамдардың бірі. Қарағанды индустриалды университетінің студенттері мен оқытушылары референдумға белсенді қатысты. Студенттер атап өткендей, дауыс беруге қатысу — бұл жаңа Қазақстанды құру жолындағы саналы қадам. Дауыс беруге біздің университеттің ректоры Абдрасилов Болатбек Серікбайұлы қатысты.

Студенттер №319 сайлау учаскесінде дауыс берді. Студенттік Парламент Президенті 18 жасқа келген Тілеубек Арайлым айтулы күнде алғаш рет дауыс берді.

«Мен үшін референдумға қатысу өте маңызды оқиға. Мен аздап уайымдаймын, өйткені елдің болашағы менің дауысыма байланысты екенін түсінемін. Мен бірге оқитын топтағы достарымен дауыс беруге келдім, ешкім маңызды оқиғадан тыс қалмады. Мен барлық студенттерді мерекесімен құттықтағым келеді»- деді сөзін қысқа қайырған Арайлым. Референдумға қатысушы белсенді жастар мен тұрғындардың қарасы көп.

Бүгінгі референдумға университеттің студенттер үйінде тұратын 350 аса студент белсенді түрде қатысты. Ең алғаш қатысып тұрған студенттерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

       

05.06.2022, 13:57:34, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ТЕМІРТАУ ӨҢРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫ…

Маусым айының 2 жұлдызында Қарағанды облысы бойынша экология Департаментінің атынан Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспектор Д.Б.Қорабаев және Теміртау қаласы әкімдігімен бірлесіп, Қарағанды индустриалдық университет базасында Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің экологиялық проблемаларын шешу үшін «Фронт-офисті» өзектендіру жөнінде кеңес отырысы өтті.

Отырысқа Теміртау қаласы әкімінің орынбасары В.М.Цай, эко-активист С.К.Бектұрғанов, ҚарИУ-нің басқарма мүшесі-ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Н.П.Сапарходжаев, техника ғылымдарының докторы А.В.Филатов, сондай-ақ түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында, «Фронт офисті» құру және қаржыландыру, сондай-ақ оны тіркеу мәселелері талқыға түсті. Фронт-кеңсенің ашылуы-бұл біздің қаламызға, қаламыздың тұрғындарына және бүкіл республикаға қатысты маңызды екенін жеткізді.

Теміртау өңірінде түйткілді мәселердің шешу үшін қоқыс үйінділерінен қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, габаритті емес ҚТҚ, қураған ағаштарды, ағаш қалдықтарын қайта өңдеу, Түбірдегі стихиялық қоқыс тастайтын жерлерді жою және олардың қайта пайда болуына жол бермеу, ҚТҚ морфологиясын талдау, барлық құрамдастарын сұрыптау және өңдеу,өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жаратумен және қайта өңдеумен айналысу, кәсіпорындар мен қалаға пайда әкелетін өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу құрылыс қалдықтарын сұрыптау, қайта өңдеу бір қатар маңызды жұмысқа пікірлерді сарапқа салды.

Фронт офис базасында қаланың әл-ауқат қоры ашылады, онда екі оператордың әрбір кәсіпорыннан 70% мөлшеріндегі табысы қала қорына жіберілетін болады. Қор бюджеті қаламыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталатын айта кетті. Жиын соңында, алдағы уақытта осы іс-шара байланысты кеңейтілген ауқымды отырыс өтетінін және бұған БАҚ-ның қатысатынын айтты.

02.06.2022, 17:47:31, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ТУБЕРКУЛЕЗ – ЖҰҚПАЛЫ ЖӘНЕ ӨТЕ ҚАУІПТІ АУРУ!!!

Басқа жұқпалы аурулардан айырмашылығы, оның созылмалы ағымды, бұл инфекция қаупін айтарлықтай арттырады. Туберкулездің қоздырғышы туберкулез микобактериясы немесе Кох таяқшасы. Көбінесе ауру ауа тамшылары арқылы беріледі. Күн ішінде науқас миллиардтаған таяқшаларды шығара алады, сондықтан барлық науқастар үшін жеке гигиена ережелерін сақтау маңызды.

Ауру қалай дамиды?

Туберкулез бастапқыда кәдімгі суық тию, пневмония, кейде тіпті асимптоматикалық түрде жүруі мүмкін, сондықтан бұл аурудың алдын алу және ерте анықтау өте маңызды. Бұл жасырын инфекция дененің барлық органдары мен жүйелеріне зақым келтіретінін есте ұстаған жөн.

Туберкулездің алдын алу

Флюорография 15 жастан асқан барлық адамдар үшін кемінде екі жылда бір рет жасалуы керек, дегенмен флюорографияны жиі – жылына бір рет немесе тіпті жарты жылда бір рет жасалатын топтары бар. Жылына екі рет флюорография әскерге шақырылушыларға, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға, иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандарға, сондай-ақ туберкулезбен ауыратындармен қарым-қатынаста болғандарға жүргізіледі. Осы анықтау әдістерінен басқа, медициналық көмекке жүгіну кезінде туберкулез анықталады.

Флюорографиядан қайда өтуге болады?

Төлқұжатпен және сақтандыру полисімен тұрғылықты жері бойынша емханада өтеді. Бұл ретте, уақтылы флюорографиялық тексеру туберкулезді ерте анықтаудың кілті және сайып келгенде, сауығудың алғашқы қадамы екенін есте ұстаған жөн.

Туберкулездің спецификалық емес алдын алу әдістеріне мыналар жатады:

  • Ағзаның қорғаныс қабілетін арттыратын іс-әрекеттер (еңбек және демалыстың ұтымды режимі, дұрыс тамақтану, темекі шегу мен алкогольді ішуден бас тарту, дене шынықтыру және т.б.);
  • Тұрмыстық және еңбек жағдайын жақсарту бойынша шаралар (үй-жайларды тазалау және шаңдылығын азайту, желдету режимін сақтау).

ӨЗІҢІЗГЕ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАҢЫЗ!

02.06.2022, 09:41:50, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар