“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Есте сақтау үшін!

30 мамырда қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Төңкерілген әлем: мұрағат құжаттары сөйлейді» атты сұхбат алаңы өтті. Іс-шараға ҚМИУ студенттері белсенді қатысты.

Сұхбат алаңына қатысушылар қуғын-сүргінге ұшыраған және бірнеше жылдан кейін ақталған барлық теміртаулықтардың есімдері бар бірегей құжаттарды көрсетті. Бұрын ешкім осындай санақ жүргізбеген, сондықтан мұражай қызметкерлеріне Ұлттық қауіпсіздік комитеті арқылы біраз ақпарат жинауға тура келді. Бірегей тізіміндегі 189 есімнен – 42 адам ату жазасына кесілді (олардың аты-жөні қызылмен сызылған), қалғандары Сталиндік лагерьлерде 15 жылдан 25 жылға дейін түрмеге жабылды.

189 – саны Теміртау қаласынан бастау алған шағын Самарқан кенті үшін өте үлкен. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың есімдері ұмыт болған. Бұл адамдар туралы ақпарат әзірге қысқа құрғақ мұрағат анықтамаларында ғана бар. Тізім еш жерде және ешқашан жарияланбаған, сондықтан мұражай қызметкерлері ҚМИУ студенттеріне бұл адамдар мен олардың жақындарына қатысты қандай да бір ақпаратты табуға болатын іздеу үйірмесін ұйымдастыруды ұсынды.

Сұхбат алаңының аясында бірқатар мәселелер айтылды, соның ішінде:

– қуғын-сүргін аяқталғаннан кейін онжылдық өткен соң көтерудің және тоталитаризм дәуіріне қатысты мұрағаттық құжаттарды жариялаудың мағынасы бар ма?

– қуғын-сүргін шараларын ақтауға бола ма? Тұтқындар күшімен көптеген өнеркәсіптік нысандар салынды, солай мүмкін мақсат қаражатты ақтайды ма?

– жаппай қуғын-сүргін және ауыр жазалау шараларын қолдану немен байланысты?

– Сталиндік қуғын-сүргін мен ҚР халқының этникалық құрамы бір-бірімен қалай байланысты?

– 1937-38 жылдарында сіз үшін әдеттегі қандай әрекеттерге сіз сотталуыңыз мүмкін едіңіз?

– жақындарыңызға сталиндік қуғын-сүргін туралы айтар ме едіңіз? Сіздің отбасыңызда қуғын-сүргінге ұшыраған бар ма?

Пікірталастарға ҚМИУ студенттері белсене қатысты және осы тақырыптың маңыздылығын атап өтті. Түрлі ұлт өкілдері Земфира Атакулова, Савелий Елефтериади және Леонид Ким қуғын-сүргінге ұшыраған және Қазақстанға көшірілген өз ата-бабаларының тарихы туралы айтты.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


АҚШ ректорлар форумы

Америка Құрама Штаттарында NAFSA конференциясы және ректорлар форумы өтуде, оған Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Б. А. Жаутиков қатысуда.

Кеше 29 мамыр күні Пенсильванияда Annual Conference & Expo 2018 NAFSA конференциясы басталды. Қарағанды индустриялық университеті және Michigan State University арасындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Бұл құжат ҚМИУ студенттеріне шетелде өзара тиімді оқыту процестерін дамытуға бағытталған Американдық семестр (ASP )бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді. Енді  ҚМИУ өзінің студенттерін Michigan State University бір оқу семестріне, оқу жылына не жазғы қысқамерзімді курстарға жібере алады.

Бүгін ректорлар кездесуі Pennsylvania State University өтуде. Спикерлер арасында – Халықаралық білім институты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, АҚШ және Қазақстан университеттерінің ректорлары бар.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


ҚМИУ телекөпір-дәріске қатысты 

ҚМИУ студенттері және оқытушылары 25 мамыр күні Тау-кен ғылымдары Академиясының қолдауымен РҒА Вернадский ат. Мемлекеттік геологиялық мұражай базасында тау-кен-геологиялық бейінді бағыттағы мамандықтар бойынша жоғары оқу орындары арасындағы Орталықта өткен «Геотермалды ресурстар және оларды Ресейде қолдану болашағы» атты телекөпір-дәрісті тыңдауға қатысты. 

Ресей және ТМД елдерінің жоғары және орта арнайы оқу орындарының студенттеріне арналған дәрісті РҒА Вернадский ат. Мемлекеттік геологиялық мұражайының директоры, т.к.-м.ғ.к., С. В. Черкасов оқыды. Сонымен бірге  шикізатты жетекші компаниялардың өкілдері де тыңдаушы ретінде қатысты. Осы тыңдаушылар қатарында ҚМИУ студенттері және оқытушылары да болды. Атап өту қажет, біздің университет осындай онлайн тәртібіндегі іс-шараға бұрын да қатысып жүр.

Жоғары оқу орындары арасындағы Орталықтың қызметінің озық бір бағыты мұнай газды және тау-кен-геологиялық бейінді мамандықтарға кәсіпті бағытталған, экологиялық көзқарасты тәрбилеу, геология және табиғатты пайдалану саласында жастар және балалар ортасында үздіксіз оқытуды дамытуға арналған бірыңғай коммуникациялық алаңдарды қалыптастыруға арналған жобаны жүзеге асыру. Осы бағытты жүзеге асыру шеңберінде Орталық өзінің заманауи жабдықтармен жабдықталған, кәсіпті дыбыс жазу студиясы алаңында дәрістер, шеберлік сыныптарын жүйелі түрде онлайн-трансляциялау тәртібінде ұйымдастырады.

 ҚМИУ баспасөз қызметі


Барселонадан сәлем!

   ҚМИУ он екі оқытушысы және қызметкері Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде Испанияда біліктіліктен өтті.

Каталония Политехникалық университетінде болған кезде біздің делегация үшін жоо құрылымы және құрамымы, бакалавр және магистраттарды дайындауға арналған негізгі бағыттар,  IT-инфрақұрылыммен (ҚМИУ «Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялық орталығы» сияқты) «Бизнес-инкубатор» жұмысы, халықаралық байланыстар, жаңа біріккен жұмыстар, сонымен бірге каталан тілі және мәдениеті, тілдік кеңсе қызметінің жұмыстарымен таныстыру ұйымдастырылды. Кейін оқыту қатысушылардың әртүрлі бағыты, және қызығушылығы бойынша жеке жүзеге асырылды. Сапардың соңғы күні қатысушылар алдында Политехникалық университеттің ғылыми жобаларын басқаратын құрылым жетекшісі сөз сөйледі, ғылыммен айналысатын университет түлектері таныстырылды. Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға сертификат тапсырылды.

– Осы тағылымдама қортындысында біздің университет және Каталония Политехникалық университеті арасындағы ынтымақтастық кеңейтілді. Екі  жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойылады. Италия, Испания, Қытай, Малайзия, Марокко, Ресей, Тунис және Жапония елдерінің университтерімен байланыстар орнатылды. Осы сапар барысында біз жақсы тілдік практикадан өттік және интернациализацияландыру және коммерциализацияландыру саласында маңызды ақпараттарды игердік – дейді, ҒІжХБ жөніндегі проректор Алтын Аманжолқызы Айкеева – Каталония Политехникалық университетімен әрі қарай ынтымақтастық бағытында ҚМИУ оқытушылары және студенттері «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасына қатысады, біріккен шетелдік бағдарламалар, ғылыми мақалалар және оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу жүзеге асырылады. Сонымен қатар біздің студенттер әрі қарай оқу үрдісінде «Компьютерлік желістер» бағыты бойынша мамыр айында ҚМИУ дәріс оқыған  испан оқытушысы Жорди Касадемонттың оқу материалдарын қолдану мүмкіндігіне ие болды.

 

А. С. Ержанов, «МҚӨ» кафедрасының аға оқытушысы:

– Семинар жұмысына Италия, Қытай, Малайзия, Марокко, Тунис, Ресей, Қазақстан және Жапония елдерінің университеттері қатысты. Әрбір жоғары оқу орындарының өкілдері бейнебаян және тұсаукесер құралы арқылы өздерінің оқу орындары жайлы ақпарат берді. Қазақстан атынан біздің университет қатысты, бұл үлкен мақтаныш. Біздің делегация құрамы үлкен болды, ал ҚМИУ жайлы фильм ең үздік фильмнің бірі ретінде танылды.

А. С. Арбуз, «МҚӨ» кафедрасының доценті, PhD:

– Біздің делегацияның бірнеше мүшелері үшін материалтану факультеті бойынша экскурция ұйымдастырылды, осы факультет құрамына «Жеңіл қортпалар және беттерді өңдеу», «Биоматериалдар, биомеханика және маталы инженерия», «Жартылай қызметті полимерлі материалдар» және т.б. топтар кіреді. Біз үшін металды қысыммен өңдеу процесіне арналған топ жұмысы қызығушылық тудырды, ол металдардың пластикалық деформациялану (ыстықтай өңдеу жағдайына негізделген) сипатына, сонымен бірге нанометриялық өлшемді түйіршікті металды материалдарды алуға арналған қарқынды пластикалық деформациялану әдістері негізінде өңдеу тәсілін анықтауға мамандандырылған.

Е. А. Панин, «МҚӨ» кафедрасының аға оқытушысы, PhD:

– Әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыру үшін ұтқырлық және даму жөніндегі материалтану факультетінің директорының орынбасары Джеммой Фаргас Рибаспен ғылыми материалдармен алмасу жайлы ауызша келісім жасалды. Факультет басшылығына біздің университет жайлы жалпы ақпарат, оның ішінде матералтану және материалдарды қысыммен өңдеу саласындағы ғылыми бағыттар жайлы негізгі мәліметтер ұсынылды. Осы материалдар факультет Кеңесінде талқыланады. Ректорлар  қол қойған университеттер арасындағы басты келісім жасалғаннан кейін, факультет басшылығы «жеке» біріккен эксперименттерді орындау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, ғылыми мақалалар жазу және әзірлемелерді әзірлеуге, магистранттар, докторнаттар, зерттеушілердің ғылыми тағылымдарын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға рұқсат атады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 


Облыстық «Абай оқулары» байқауында екінші орын

Облыстық «Абай оқулары» байқауына қатысқан «ТМжЖ-15қ» тобының студенті Бейбіт Түлкібаев екінші орынды жеңіп алды.

Конкурсты ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы. Осы іс-шара 17-29 жас арасындағы талантты жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілді қолдану аумағын кеңейту және тіл мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

Конкурстың бірінші кезеңінде Қазақстан жазушыларының прозалық шығармалары, екінші кезеңде – Мағжан Жұмабаевтің өлеңі оқылды. Бейбіт Түлкібаев отыздан астам өзінің қарсыластары жас актерлер және ақындар, колледж және жоо студенттерінен, мектеп оқушыларынан басым түсті және екінші орынды иеленді. ҚМИУ үшінші курс студенті грамота және 50 мың теңгемен марапатталды.

ҚМИУ ректоры Б.А.Жаутиков Б. Түлкібаевты күн сайынғы ректорат жиналысында құттықтады және жоо қалыптасқан дәстүр бойынша оны жеңілпаз ретінде ҚМИУ фирмалық белгісімен марапаттады.

Студентті конкурсқа дайындаған ЭКжБЖФ деканының орынбасары, «ҚОжШТ» кафедрасының аға оқытушысы Ж. К. Капашева.

ҚМИУ баспасөз қызметі