Архив:
Тарау таңдап алу:
Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →
11 мамыр Нұра ауданының жетекші мектептерінің бірі – М. Сүлейменов атындағы мектеппен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Альма-матері – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Іс-шара 3 маңызды күн қарсаңында өтті: Астананың 20 жылдығы, мектептің 90-жылдығы және ҚМИУ 55-жылдығы. Осы іс-шараның құрметіне мерекелік концерт өткізілді, оған құрметті қонақтар қатысты: ҚМИУ ректоры Жәутіков Б.А., Нұра ауданы әкімінің орынбасары Тұраров М.Д., Нұра ауданының білім бөлімінің басшысы Муканова С.А., Кертінді кентінің әкімі Хасенов Г.Т., мектептің танымал түлектері, педагогтар мен оқушылар.
Даңқ Ордендерінің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері Мұташ Сүлейменов атындағы мектептің даңқты тарихы бар: 90 жылда ол кішкентай ауыл мектебінен Ресурстық орталық – тірек мектебі деңгейіне дейін өсті. Мектеп бітірушілерінің есімі бүкіл Қазақстанға белгілі және Кертінді кентінің тарихындағы алтын шежіреде жазылған. Бұл – өз еңбегімен туған жерінің даңқын арттыратын ғылым докторлары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері.
Олардың ішінде генерал Ерденбай Исаев, Владимир Винтерголлер, белгілі ақын Бүркіт Искаков, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев және көптеген басқа да атақты адамдар.
Іс-шарада мектептің 1969 жылғы түлегі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Мамраева Гүлназия Баймағамбетқызы – мектептің 60-70 жылдардағы директоры Баймағамбет Мамраевтың қызы сөз сөйледі. Өз сөзінде ол кішкентай Отанға қамқорлық жасау арқылы жастардың патриоттық сезімін тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті, өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынастарды дамыту қажеттілігін атап көрсетті, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университет басшылығына көрсеткен бастамасы үшін үлкен алғысын білдірді. Ол туған мектеп мұғалімдерінің көптеген әулеттері туралы толығырақ айтып берді. Тату отбасы Мамраевтардың 9 баласы М.Сүлейменов атындағы мектептің түлегі болып табылатын айта кету керек, көптеген жылдар бойы өз мектебіне көмектесуде. Ауыл мектебінде білім алып, барлығы дерлік әкесі Баймағамбет Мамраевичтің ізімен жүруде және білім беру саласында жұмыс істейді.
Баймағамбет Мамраевичтің жеке басы қызықты: ауыр соғыс жылдарында ол 16 жасында соғысқа кеткен ересек мұғалімдерді алмастыра мұғалім болды, содан бері ол бүкіл өмірін балаларды тәрбиелеуге арнады. Жоғары мәдениетті, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді адам – ол әріптестер мен оқушылар үшін үлгі болды және жалпыға ортақ құрмет көрсетті. Бүгінде оның ісін Баймағанбет Мамраевич өзінің мінезінің ең жақсы қасиеттерінен мұра қалдырған балалары жалғастыруда. Кез-келген мектептің алтын қоры оның бітірушілері болып табылады, сондықтан мектеп ұжымы мақтана алады.
М. Сүлейменов атындағы мектеппен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою ҚМИУ мен мектеп серітестігі жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, еліміздің Тұңғыш Президентімен «Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында, “100 қадам” және “5 әлеуметтік бастамалары” атты Ұлт Жоспарында қойылған міндеттерге қол жеткізуді болжайды. «Патриотизм оның кішкентай Отанына деген махаббат пен қамқорлықтан басталады» деген Президент сөздерімен ҚМИУ мектеп үшін әзірлеген үлкен баннері мектептің акт залында орнатылды.
ҰБТ мен ТКТ-ға дайындау мәселелері бойынша университет оқытушыларымен түлектерге on-line кеңес беру жоспарлануда.
ҚМИУ ұжымы мектепке шырша мен қарағай ағаштарының жас көшеттерін сыйлады және Меморандумға қол қойғаннан кейін мектептің алдындағы алаңға отырғызылды.
ҚМИУ Қарағанды облысындағы жетекші ауылдық мектептермен әріптестікті дамытуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Нұра ауданының білім бөлімінің басшысы С.Мұқанованың бастамасымен Нұра кентінде кезекті іс-шара болады, онда күндізгі және on-line режимінде ауданның 10 ауылдық мектебінің түлектері қатысады.
Университеттің және ҚМИУ жанындағы Техника-экономикалық колледждің отыз студенті 10 мамыр күні «Жеңіс» марофонына қатысты. 2,5 км жүгіру жарысы Ұлы Отан соғысының 73 жылдық Жеңіс күніне арналды.
Марафон қалалық қорғаныс бөлімі маңындағы интернационалист-жауынгерлер ескерткішінен басталып гагарин алаңындағы Белгісіз солдат ескерткіші алдында аяқталды. Жарысқа 175 теміртаулықтар қатысты.
«ЕТжБҚ-16» тобының студенті Константин Галиулин 19-23 жастағы жастар арасында 1 орынды, ал «ЭЭ-17с» тобының студенті Алексей Устинов екінші орынды жеңіп алды.
Барлық топ бойынша жеңілпаздар сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Марапаттау шарасы ҚР Бірінші Президенті мұражайында салтанатты жағдайда жүзеге асырылды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
«Мәңгілік полк» 9 мамыр күні Теміртау қаласының басты даңғылы бойымен жүріп өтті. Бірнеше мың қалалықтар өздерінің аталары, туысқандарының суретімен бір қатарда Белгісіз солдат ескеркішіне бет алды. ҚМИУ оқытушылары және студенттері де осы мерекелік «Мәңгілік полк» іс-шарасына Ұлы Отан соғысының барлық майданының жалауларын алып шықты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Самарканд кентінен 230 адам соғысқа аттанды. Туған жерге олардың тек ғана 84 оралды. Қазіргі уақытта Теміртау қаласында 23 соғыс ардагері және шамамен 3000 тыл еңбеккерлері тұрады. Мемлекеттік жалаулар және Ұлы Отан соғысына қатысқан майдандар жалауларын ұстаған ақ футболкадағы ҚМИУ студенттері Гагарин атындағы алаңның ұзын бойында шеп түзеді.
Салтанатты шеру соңында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған митинг өткізілді. Теміртау қаласының әкімі Ғ.Әшімов және әскери комиссар С. Кабулов ардагерлерді және қала тұрғындарын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Қаланың би ұжымдары ардагерлерді ерекше флешмобпен құттықтады.
Белгісіз солдат ескерткіші маңында соғыс жылдарындағы солдаттардың блиндажы, медбикелер палаткалары, дала асханасы орналастырылды. Қала тұрғындарына майдандағы солдаттардың үшбұрышты хаттарын жасауды үйрету ұйымдастырылды және солдат ботқасы ұсынылды.
Митинг соңында Мәңгілік отқа гүл шоқтары қойылды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылады. Біз олардың алдында өтелмес қарыздармыз, олар бізге жарқын болашақты сыйлады және соғыстан кейінгі жылдары қираған еліміздің әл-ауқатын көтеру үшін талмай еңбек етті. Олардың өмір жолдарында талай қиындықтар кездесті, бірақта қажырлы еңбектері, болашаққа деген сенімдері арқасында олар барлық қиындықтарды жеңді. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Бахыт Ахатұлы Жаутіков Ұлы Отан соғысының ардагері Никола Семенович Куриленкомен кездесті.
91 жастағы Николай Семенович Куриленко соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан. Қалалық ардагерлер ұйымы өзінің белсенді мүшесін Твардовскийдің шығармасының басты кейіпкері Василий Теркинге теңейді. Ақ жарқын көңілді, белсенді, әрқашан болашаққа үмітпен қарайтын Николай Семенович әрқашан өзінің сүйікті поэмасын жатқа айтады. – Теркин жайлы кітап және зілсіз әзілдер соғыстың ауыр күндерінде көп көмектесті, – дейді Николай Семенович.
Николай Семенович 36 гвардиялық зенитті-артиллерия полкінде 1944 жылдан соғысқа шақырылған күннен бастап әскери борышын өтеді. Ұлы Жеңіс күнін Польша жерінде қарсы алды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін І дәрежелі «Отан соғысы» ордені, Жуков медалі, «Ерлігі үшін» «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» және т.б. мерейтойлық медалдермен марапатталған.
Николайя Семеновичтің зайыбы Мария Федоровна, – тыл еңбеккері. Олар бірге бес баланы тәрбиелеген, 10 немере және 7 шөбере сүйіп отыр. Куриленко отбасы Қазақстанға Брянь облысынан 1958 жылы Қазақстан Магниткасының құрылысын салуға екі баламен келген, кейін осы жерде үш баласы дүниеге келді. Металлургтер қаласында Николай Семенович құрылыс техникумын бітіріп, аға шебер, «Казметаллургстрой» ұйымында сумен жабықтау және желдету цехының бастығы болып көп жылдар еңбек етті.
Николайя Семенович өзінің жасына қарамастан әлі тың, балық аулағанды, велосипедпен серугенді және саяжайды жұмыс жасағанды жақсы көреді. Олар зайыбымен 66 жыл тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Өткен жылы Куриленко отбасты ұлттық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңілпазы болды. Бұл байқаудың жеңілпазы атану заңдылық, өйткені Куриленко отбасы – үлгілі, тату-тәтті, бірлігі жарасқан, шығармашылықты және өте ерекше отбасы.
Б. А. Жаутіков Николай Семенович және Мария Федоровнаға жоғары оқу орнының ұжымы атынан сыйлық тапсырды. ҚМИУ ректоры атап өткендей, ардагерлердің арқасында бүгінде Қазақстанның барлық халықтары бейбітшілік жағдайда, ашық аспан астында өмір сүріп жатыр.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Қарағанды облысында бірінші рет ҚМИУ өткізілген қазақ тілінде латын шрифтімен сынамалы түрде диктант жазу іс-шарасының қортындысы жарияланды. Осы іс-шараға 10 нан 68 жас аралығында шамамен 300 астам адам қатысты. Қортынды нәтиже бойынша бірінші орынды ҚМИУ студенті Ақерке Сатыбалды және ТПТК шебері Сабитхану Айдарбек жеңіп алды.
– Біздің Президент кезең бойынша латын графикасына өтуге қатысты шешімді қабылдаған кезде, мен біздің аталарымыз Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов және т.б. қолданған жазуды зертетй бастадым – дейді «Металды қысыммен өңдеу технологиясы» -15қ тобының студенті Ақерке Сатыбалды. – Бізге кураторымыз университетте латын графикасын қолданумен сынамалы диктант жазу шарасы өткізілетінін хабарлаған кезде мен қуандым, мен үшін бұл өте маңызды жаңалық болды. Өткізілген іс-шара еліміз үшін маңызды. Латын графикасына өту Қазақстанның халықаралық және саяси қатынастарының дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Диктантты жазуға қатыстқан және тапсырманы үздік орындаған Ақерке Сатыбалды және басқа қатысушылар 3 мамыр күні жалпыбілімдік орта мектептердің түлектеріне арнап ұйымдастырылған ҚМИУ өткізілген Ашық есік күні салтанатты жағдайда дипломдар, сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.
Екінші орынды №15 қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шалқар Рустамова и ҚМИУстуденті Жандос Атабеков бөлісті.
– Барлық латын әліпбиінің әріптері маған таныс, маған тапсырманы орындау жеңіл болды дейді – Шалқар Рустамова. – Заң шыққан күннен бастап біз мектепте латын графикасын қолданамыз. Біздің оқушылар да осы диктант жазуға қатысты. Олар ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқиды, онда да латын графикасы қолданылады, жаңа қазақ әліпбиін игеру олар үшін жеңіл. Диктант қортындысы бойынша біздің оқушылар Балауса Смагұл и Мағжан Думанов сыйлықтармен марапатталды.
Үшінші орынды №9 лицей-мектеп оқытушысы Жаңагүл Караева және сол мектептің оқушысы Әсем Жолдасова жеңіп алды.
Сынамалы диктантты жазу «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының бастамасымен және Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің (ҚМИУ) басшылығының қолдауымен ұйымдастырылды, жас мөлшерлері әртүрлі және әртүрлі ұлттар өкілдері қатысты. Олардың ішінде – қалалық мектептер және колледждер, әртүрлі ұйымдар өкілдері, сонымен қатар ҚМИУ студенттері қатысты. Диктантты жазу шарасымен жаңа шрифтке қатысты көпшіліктің назарын аудару жоспарланды. Іс-шара басталғанға дейін барлық қатысушыларға латын әріптері жазылған жаңа қазақ шрифтері жазылған парақтар таратылды.
– Біздің оқытушылар және студенттер, сонымен бірге Теміртау қаласының жастары осы іс-шараға белсенді қатысты – дейді ҚМИУ «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі Нұрзия Абдикарим. – Бірінші қатысушылар жақсы нәтиже көрсетті. Ең жас қатысушы Гүлназ Жұмагұл, -10 жаста, ең үлкен қатысушы Жетпісбес Ахметов – 68 жаста. Оларға алғыс хаттар мен кітап тапсырылды. Қатысушылар арасында орыс тілді он шақты қатысушы да болды. «Металлургия-17» тобының студенті Ольга Самохваловада диктантты жақсы жазып шықты және алғыс хатпен марапатталды.
Жетпісбес Ахметов ҚМИУ «Қазақстан тарихы және әлеуметті-гуманитарлық пәндер» кафедрасында аға оқытушысы.
– Мен Алматы қаласында ҚазМУ студент болған кезімізде латын тілін оқыдық. Біздің мемлекетіміз латын графикасына көшіп жатқан кезде мен өзімнің білімімді және күшімді сынап көрейін дедім – дейді Жетпісбес Ахметов. – Диктантты жазу кезінде кейбір қазақ әліпбиінің әріптері қалай жазылатынын білмегендігім қиындық тудырды. Мен латын әріптері жазылған қағазға қарап жаздым, сондықтан диктантты баяу жазуға тура келді. Бұл ұйымдастырылған іс-шара қажетті және маңызды – бұл біздің еліміз үшін психологиялық және практикалық тұрғыдан қажет, латын графикасына көшу әлемдік білімдік кеңестікте өзіміздің орнымызды иеленуге мүмкіндік береді.
Ольга Самохвалова дикнат жазуға өзіне қызық болған үшін қатысқанын айтады.
– Мен дәрісханаға диктант басталғанға дейін қырық минут бұрын келдім – дейді Оля. – Бұл маған диктантты жақсы жазып шығуыма көмектесті. Әріптерді жазуда бірнеше қате жібердім.
ҚМИУ ректорының алғыс хатымен осы іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Теміртау қаласының мектептерінің, лицей және колледждерінің директорлары, сонымен бірге қалалық білім бөлімі марапатталды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
|