“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚМИУ студенттері «Арманға жол 2018» жеңіл атлетикалық жартылай марафонға қатысты

Жүгіру жарысы Қарағанды қ. 20 мамыр күні өткізілді және кеңауқымды жалпы халықтық сипатты мереке болды.

Тәуелсіздік алаңында жүгіру жарысына әртүрлі қашықтық бойынша көптеген қатысушылар қатысты, фитнес-орталықтардың нұсқаушылары жанкүйерлермен жаттығулар өткізді, жекпе-жек түрлері бойынша спорт мектебінің оқушылары өздерінің шеберліктерін көрсетті. Бұл тек ғана спорттық іс-шара ғана емес, сонымен бірге мәдени іс-шара болды, онда шығармашылық ұжымдар өздерінің өнерлерін паш етті.

Жарысты Қарағанды облысының әкімі Ерлан Кошанов ашты. Әрбір қатысушы өзіне қандай қашықтықта жүгіретінін таңдады, сонымен бірге бірнеше қашықтыққа жүгіру ұсынылды: «Спутник» – 7 км, «Достық» – 14 км, жартылай марафон «Арманға жол» – 21 км 97,5 м, «Балапан» (8-14 жастағы бабалар үшін) – 2 км.

«Арманға жол-2018» трассасы Халықаралық марафондар және жүгіру Қауымдастығының сертификатын алды. Жартылай марафонға қатысушыларды тіркеу qazrun.kz и flakar.kz сайтында жүзеге асырылды, қортындысы бойынша 5 000 астам қатысушы тіркелді. Жүгірушілер арасында – Қазақстанның барлық өңірлерінен, сонымен бірге Украина, Қырғызстан және Белоруссия елдерінің өкілдері де қатысты.

Жартылай марафонның бас жүлдесі жарты миллион теңге – ерлер арасында оны белоруссиялық кәсіби спортшы Владислав Прямов, трасса рекордты –  1 сағат 6 минутты орнатумен ұтып алды. Әйелдер   арасында халықаралық деңгейдегі спорт шебері Қырғызстанның өкілі Виктория Полюдина жеңілпаз атады.

– Тиімді еңбек қызметі және жемісті оқу, салауатты өмір салты бір-бірінен ажырамайтын ұғым. Біздің студенттерде спорттық іс-шараларға белсенді қатысады, олардың өмірлерінде спорт ерекше орын алады – дейді ҚМИУ денешынықтыру секциясының оқытушысы Раиса Колесникова. – Біздің студенттер жартылай марафонға белсене қатысты. Олардың көбі 7 км қашықтықты таңдады, ал Әділбек Кұрақбаев 14 км қашықтыққа жүгірді. Еркебұлан Сайлаубеков 21 км қашықтыққа жүгіруге қатысты, бұл қашықтықтарға жүгіруге кәсіби спортшылар қатысты, бірақта бұл үлкен жауапкершілік, олар кәсіби спортшылармен тең дәрежеде қашықтықты жүгіріп өтті.

Жарыс қортындысында барлық межеге жеткен қатысушыларға естілік сыйлықтар және сертификаттар тапсырылды. Қатысушылар үлкен әсер және жақсы көңіл күйге ие болды.

– Мен үшін спортпен жүйелі айналыспайтын адам ретінде 7 км қашықтыққа жүгіру үлкен еңбекті қажет етті. Марафонның өзі бір сынақ болды, енді спортпен жүйелі түрде айналысамын – дейді «МҚӨТ-17» тобының студенті Кирилл Малов. – Маған басқа қатысушылармен бәсекелестікке түсу қызық болды, енді келесі жылы өтетін марафонға тыңғылықты дайындаламын.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Астанада Global Challenges Summit-2018 өтті

Қазақстанның астанасы Астана қ. 17-19 мамыр аралығында Global Challenges Summit («Жаһандық шақырулар саммиті») ХI Астаналық экономикалық форумы  өтті. Осы жылы формуда дүниежүзілік бетбұрыс: экономикалық даму және ресурстық тұрақтылық, цифрландыру, және уранизация, ұзақмерзімділік және қаржылық революция, жаһандық қауіпсіздік және мәдениетті ығысуға қатысты мәселелер негіз болды.

Форумға 500 спикерлер және 111 елден 5000 қатысушы қатысты. Спикерлер арасында – БҰҰ сегізінші бас хатшысы Пан Ги Мун, Apple негізін қалаушы  Стив Возняк, Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, кинорежиссер Кшиштоф Занусси, инфроқұрылымды инвестициялық Азия банкінің  директоры Цзинь Лицюнь және т.б. қатысты.

Форум жұмысын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ашты:

– Биылғы форум жаһандық шақыруларға тиімді жауап іздеуге бағытталған. Бүгін тарихи уақытта шексіз тығыздылық басымдылық алды. Әлем жылдам өзгеруде, адамзат кезекті жол таңдау алдында тұр. Осы таңдау қайда бетбұрады, соған адамзаттың тағдыры тәуелді: даму не тоқырау кезеңі – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев планетаның дамуына қатысты бес негізгі бағытты айқындады: адамның барлық іс-әрекетін цифрландыру, таза энергия жағына әлемдік энергетикалық революция қозғалысын бағыттау, планетадағы адам санының жылдам көбеюі, урбанизация темпі және сипатының өзгеруі, еңбек нарығының жаһанды трансформациялануы.

Форум экономикалық идеялар және практиканы байланыстыратын халықаралық алаң ретінде қалыптасты. 10 жыл ішінде осы іс-шараға 150 астам елдің елу мың делегаты қатысты. Форумның тиімділігі – әлемде және елдегі экономикалық саясаттың күн тәртібін қалыптастыруға арналған жаңа идеялармен алмасу және халықаралық инвесторларды тарту.

 ҚМИУ баспасөз қызметі

Ғаламтор материалдары қолданылған


Бірыңғай ақпараттық сағат  

16 мамыр күні Қарағанды индустриялық университетінде «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдарының қалыптасуының 20 жылдығына» атты бірыңғай ақпараттық сағат өткізілді.

ҚИУ тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры М.М. Салпенова  және «Қазақстан тарихы және әлеуметті-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы  М. Солтан Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары және жалпы еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан істер жайлы баяндады.

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Т. Байгабатов студенттерге мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты заң талаптарын, сонымен бірге осы қызметтің қалыптасу және даму кезеңдерін жан-жақты түсіндірді.

Студенттер жүзеге асырылып жатқан  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар шараларының тиімділіктері, жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың маңыздылығы жайлы пікірлерін және ұсыныстарын ортаға салды. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты.

ҚИУ баспасөз қызметі

 


ҚМИУ студенті облыстық «Абай оқулары» байқауына Теміртау қаласының атынан қатысады

Қалалық «Абай оқулары» байқауы 14 мамыр  күні Теміртау қ. Орталық кітапханасында өтті. Байқауға ҚМИУ студенттері де қатысты. Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар Мағжана Жұмабаевтың өлеңін және екінші кезеңде қазақ әдебиетінің классиктерінің көркем  шығармаларын жатқа оқыды.

«АжБ»-17қ тобының студенті Перизат Курбанбай үшінші орынды жеңіп алды. Үшінші курс студенті Бейбут Тулкибаев («ТМжЖ»-15кқ тобы) жеңілпаз атанып, 18 мамыр күні облыстық «Абай оқуларында» Теміртау қаласының атынан қатысады. Байқауды Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды. Байқау 17-29 жас аралығындағы талантты жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолданыс аумағын кеңейту және тіл мәдениетін арттыру мақсатында өткізіледі.

«ЭКжБЖФ» деканының орынбасары Жания Капашева байқау ұйымдастырушыларының атынан ҚМИУ студенттерін байқауға дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 


«Қазақстан – бейбітшілік және келісім территориясы»

Қазақстан халықтары Ассамблеясының бастамасымен Қарағанды қаласында өткен «Қазақстан – бейбітшілік және келісім территориясы» атты бірінші ғылыми-практикалық конференцияға  Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері және оқытушылары қатысты. Біздің университет өкілдерінің жасаған баяндамалары үздік деп танылды.

Халықтар Достығы үйінде Қарағанды, Астана, Теміртау, Петропавл және т.б. қалалардан келген қатысушылар жиналды. ҚМИУ атынан конференцияға алты адам қатысты.

Конференция модераторы ретінде қарағанды облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғылыми-сараптау тобының төрағасы Вилен Молотов-Лучанский қатысты. Пленарлық отырыста Қазақстанның бірнеше жоғары оқу орындарының өкілдері баяндама жасады. Әрі қарай панелді сессиялар «Қоғамдық сананы жаңғырту идеясын жүзеге асырудағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлі», «Әлеуметтік мемлекеттік және ұлттық әл-ауқаттың Қазақстандық моделі» және «Төртінші өнеркәсіпті революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» бойынша жұмыс жалғасты. Іс-шараға облыстың қоғам қайраткерлері, этникалық және конфесиялы келісім мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, ғалымдар, докторантты, магистранттар және студенттер қатысты.

Тәжікстаннан келген ҚМИУ студенті Сухроб Ашуров «Қазақстан-тәжікстан арақатынасының шегі» тақырыбына арналған баяндамасын ұсынды, жетекшісі ҚМИУ «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к. Татьяна Семенова. Ол конференцияға өзінің ұлттық киімінде қатысты, бұл үлкен қызығушылық тудырды. Баяндама аяқтағлғаннан кейін бірнеше сұрақтар қойылды: «қазақстанда тәжіктерге деген қатынас қандай?», «Тәжікстанда қазақтар тұрады ма және олар қандай жағдайда өмір сүреді?», «Қазақстан-тәжікстан қарым-қатынасын дамыту үшін қандайц мемлекеттік ұйымдар және қорлар құрылған?».

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы  Динара Жанабергенованың жетекшілігімен ҚМИУ бірінші курс студенті Савелий Елефтериади «Теміртау қаласының дамуына гректердің қосқан үлесі», ал ҚМИУ оқытушысы  Магира Солтанның жетекшілігімен Саулет Куаныш «Жастар арасындағы толеранттылық мәселесi» тақырыбына арналған баяндамалар дайындады.

Конференция қортындысы бойынша резолюция қабылданды, ал барлық қатысушылар фотоға түсті және оларға сертификат тапсырылды.

 ҚМИУ баспасөз қызметі

kelisim.kz сайтынан конференция қатысушыларының фотосы