“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Жалпыбілім мектептерінің түлектері және олардың ата-аналарының  назарына!

2018 жылы 3 мамыр күні сағат 15.00-де

Қарағанды мемлекеттік

индустриялық университетінің

жаңа корпусының конференц-залында

«Ашық есік» күні өткізіледі.

Барлық ниет білдірушілерді шақырамыз!


“Қазақстанның жоғары мектебі”, №1/2018 (21) журналында жарияланған

 

 

 

 

 

 


«Үздік студент 2018 жыл»

ҚМИУ екі өкілінің «Үздік студент» республикалық жоба шеңберінде «Жас Қыран» студенттік кітапша жиынтығының бірінші санында суреттері жарияланды. Ұйымдастырушы «Келісім көпірі» қоғамдық қоры

Кітапқа өтінім «Ғылым», «Өнер» «Спорт» бағыттары бойынша табысты студенттерден, сонымен қатар студенттік ұйымдар төрағаларынан және белсенді студенттерден қабылданды. Кітапта «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық, өңірлік олимпиада және конференциялар лауреаттары, қоғамдық жастар қозғалысының көшбасшылары және белсенділері, Қазақстанның Ұлттық құрамасының мүшелері, Олимпияда ойындары, халықаралық және спорт жарыстарының жеңілпаздарының есімдері жазылған.

ҚМИУ атынан бірнеше студент өздерінің өтінімдерін жіберді. Қортындысында «Жас Қыран» кітапбына екі болашақ экономистер – Татьяна Силаева және Айтадж Зиядованың есімдері жазылды. Олар оқу озаттары, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

– Байқауға қатысу үшін өзімнің өмірбаяным және фотосуреттімді, сонымен бірге қоғамдық жұмыстар бойынша алған дипломдар мен алғыс хаттар көшірмесін жібердім – дейді Айтадж Зиядова. – Құжаттар үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданды.

27 сәуір күні қыздар Қазақстанның әртүрлі жоғарғы оқу орындарының студенттерімен бірге  Астана қаласында «Тiлеп қобыз сарайы» конференц-залы кешенінде өткен салтанатты марапаттау шарасына қатысты. Әрбір қатысушыға «Жас Кыран» кітабы, «Үздік студент 2018 жыл» арнайы белгісі және арнайы куәлігі тапсырылды.

– Бізге берілген кітапқа Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Малібекұлының қолтаңбасы қойылған – дейді Татьяна Силаева.

Іс-шара қатысушыларына арналған, концерттік бағдарлама, үздік студенттердің ұжымды  фототүсірілімі, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 


«Адамның құқығы және бостандығы – ең жоғарғы құндылық»

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің үшінші курс студенті Арайлым Смайл Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған республикалық эссе байқауына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Байқау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Бірінші Президент Қорымен бірге студенттер және оқушылар арасында ұйымдастырылған. ҚМИУ өкілдері осы байқауға белсене қатысты, ал «Электрэнергетика-15қ» тобының студенті Арайлым Смайл үздік қатысушының бірі ретінде танылды.

Байқау қашықтықта өткізілді. Арайлым қазақ тілінде жазылған «Адамның құқығы және бостандығы – ең жоғарғы құндылық» атты эссесін жіберді. Эссені жазу барысында ол ғаламтордағы материалдарды пайдаланбай өзінің пікірін жазғанын мақтанышпен айтады.

– Адамның құқық бұзу кезіндегі жауапкершілік оның өзіне тікелей жүктеледі, өйткені ол өзі тұратын елдік Заңдарын білмеуіне қатысты туындайды – дейді Арайлым. – Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясын жетік білетін адамдар басқа адамдарға көмектесулері қажет. Ол үшін адам құқығын қорғауға және еліміздің Заңдарына арналған түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қажет, бұл азаматтарды қорғауды қамтамасыз етеді.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде латын графикасын қолданумен дағдылану диктанты өткізілді

Барлық тілек білдірушілер Қарағанды облысында бірінші рет өткізілген дағдылану диктантына қатысты. 27 сәуір күні университеттің үлкен дәрісханааларының бірінде жаңа шрифті қолдану бойынша білімдерін тексеруге арналған әртүрлі жастағы, әртүрлі ұлт өкілдері және шамамен үш жүз адам қатысқан іс-шара өткізілді.

Диктант «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының бастамасымен және Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің (ҚМИУ) басшылығының қолдауымен «Рухани жаңғыру: латын әліпбиіне көшу» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың мақсаты –  теміртаулықтарға латын графикасына көшу қиын еместігін және оның қолайлығын түсіндіру. Бұл үлгілік диктант жазу іс-шарасы жаңа шрифтке көңіл аудару үшін ұйымдастырылды. Іс-шара алдында барлық қатысушыларға латын әріптері жазылған жаңа қазақ шрифтері жазылған парақтар таратылды.

Қалалық мектептер және колледждер, әртүрлі ұйымдар өкілдері, соынмен қатар ҚМИУ студенттері, қызметкерлері, оқытушылары – барлығы жаңа іс-шараның алдында біртүрлі қобалжу сезімінде болды. Диктантты жазу алдында қатысушылар бірқатар жазылу, айтылу, оқылу дағдысына қатысты  жаттығуларды жасады. Осы жаттығуларға белсене қатысқан қатысушылар тәтті сыйлықтар алды. Содан кейін ҚМИУ жоспарланған іс-шараны өткізу басталды.

Диктант мәтіні ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласындағы түйінді сөздер қолданылды.

Біздің университет – бұл Бірінші Презаиденттің Альма-матері – дейді ҚМИУ ректоры Бахыт Жаутиков. – біз барлық бастамаларды, оның ішінде қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуін толығымен қолдаймыз. Біз үшін өте маңызды, өйткені студенттер әлемдік білімдік кеңестікке шығуға, кез келген елде және кез келген жағдайға бейімделуге дайын болу керек. Бұл бастама өзекті және дер кезінде жүзеге асырылып жатыр және барлығына пайдалы.

Дағдылану диктантына қатысушылардың бірі «Құрылыс» кафедрасының оқытушысы Анастасия Мезенцева.

– Бұл мен үшін маңызды. Жаһандық, біздің елімізде болып жатқан  өзгерістерге қатысқым келеді, сондықтан латын графикасын қолданумен қазақ тілінде диктант жазуға қатысамын – дейді ол. – Уақыт жақындаған сайын толқу үстіндемін, бірақта диктантты аяғына дейін жазып шығамын деп өзіме сенімдімін.

Диктант мәтіні 115 сөзден құралған. Диктантты «Қазақ, орыс және шетел тілдер»» кафедрасының аға оқытушысы Жания Капашева оқыды. Барлық қатысушылар диктантты бірдей жазбады, бірақта бұл «бірінші үлгілік сынақ» сондықтан әлі әрі қарай машықтануды қажет етеді.

– Маған қосымша латын белгілерін қолдану және «ц» әрпін жазу қиындық тудырды. Білмеймін қалай жазғанымды, бірақта бұл жағдайда «т» және «с» әріптерін жаздым – деді Анастасия Мезенцева. – Сонымен қатар мен «ю» және «я» әріптерін қалай жазу керектігін білмедім, сондықтан «й» және «у» сонымен бірге «й» және «а» әріптерін жаздым.

Ұйымдастырушылар хабарлағанындай, диктант нәтижелері әрі қарай тілдер жөніндегі комиссияға ұсыныс және қортындылар жазу барысында пайдаланылады.

– Бұл атқарылған жұмыс үлкен резонанс тудырады және біздің елімізге үлкен пайда әкеледі – дейді Бахыт Жаутиков. – Егер де осындай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылған жағдайда латын графикасына көшу жеңіл болады. Бұл осындай бағыттағы соңғы іс-шара емес – күзде барлық Қарағанды облысының тұрғындарын тартумен екінші диктантты жазуға арналған іс-шараны тағы да ұйымдастырмыз деген жоспар бар. Сонымен  қатар болашақта қазақ тілінің латын графикасын үйретуге арналған курстарда ұйымдастырылуы мүмкін – барлығы сұранысқа байланысты.

Диктант қортындыларын ұйымдастырушылар 1 мамыр мерекесінен кейін жариялайды. Жұмыстарды ҚМИУ жетекші филология мамандарды және қала оқытушылары  тексереді, сонымен қатар мониторингті жүзеге асыратын топ құрылды, бұл топ әрбір әріпті мұқият тексереді. Үздік жұмыстар ескерткіш сыйлықтар және грамоталармен марапатталады.

ҚМИУ баспасөз қызметі