Архив:
Тарау таңдап алу:
Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →
Барлық ниет білдірушілерді 27 сәуір күні сағат 15.00 Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің бас коропусының №313 дәрісханасына шақырамыз.
Диктант «Қазақ, орыс және шет тілдер» кафедрасының бастамасымен «Рухани жаңғыру: латын әліпбиіне көшу» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылады.
Жас мөлшері шектеусіз.Жазылу және анықтама телефондары 8 707 830 16 48, WhatsApp +7 708 236 98 78 не ҚМИУ жаңа корпус, №408 бөлме.
М-16қ тобының студенті Әсемай Пушанова облыстық «Тiлдарын» байқауында екінші орынды, ал ҚМИУ командасы Қарағанды қаласында өткен өңірлік көптілді олимпиадада үшінші орынды жеңіп алды.
Әсемай Пушанова облыстық «Тiлдарын» байқауына ҚМИУ өткен қалалық байқаудың жеңілпазы ретінде қатысты. Бұл байқауда қатысушылар өздерінің үш тілді игеру деңгейін көрсетті. Ол үшін берілген тақырып бойынша эссе жазу, мәтіндерді синхронды аудару және тақырыпты толығымен ашуға арналған тапсырмаларды орындады. Облыстық «Тiлдарын» байқауының кезеңдері қалалық байқау кезеңдеріне ұқаса өткізілді. Байқау мақсаты – үш тілді жетік игерген оқушыларға қолдау көрсету, тіларалық мәдениетті, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, бәсекелестікке қабілетті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. ҚМИУ өкілі берілген байқау тапсырмаларын табысты орындап, екінші орынды жеңіп алды.
Ал, ҚМИУ студенттері Анель Жумабекова (МҚӨТ-1қк-4), Нурислам Сарсен (М-16қ), Жанкельды Аманкельды (МҚӨТ-16қ) және Нурасыл Тарасов (ТМЖ-17қ) Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде ұйымдастырылған өңірлік көптілді олимпиадаға қатысты. Студенттерді олимпадаға дайындаған оқытушылар: Дана Ыбрай және Наталья Кан.
Олимпиада жоғарғы оқу орындарының тілдік емес факультеттерінің 1-2 курсының үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) игерген студенттері арасында өткізілді. Олимпиада бес кезең бойынша өткізілді. Үй тапсырмасы бойынша кез келген үш тілдің бірінде тұсаукесерді ұсыну қажет болды, бұл кезеңде үштілді оқытудың идеалды бағдарламасы, миссиясы, мақсаты және міндеттері ұсынылды. Екінші кезеңде студенттер «Geoprady» ойынына қатысты, ал келесі кезеңде үш тілде әріп бойынша сөздерді айту сайысы өткізілді, ал төртінші кезеңге – команда капитандары қатысты, соңғы кезеңде ұсынылған тақырып бойынша импровизирленген көрініс ұсынылды. Олимпиада нәтижелері бойынша ҚМИУ командасы үшінші орынды иеленді. Олимпиада көшбасшысы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ командасы, екінші орынды Қарағанды Экономика университетінің командасы жеңіп алды. Барлық жеңілпаздар сыйлықтар және грамоталармен марапатталды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
20 сәуір күні ҚМИУ жыл сайынғы дәстүрлі «Түлектер жәрмеңкесі» өткізілді. Биылғы университет түлектері жиырмадан астам кәсіпорын және ұйымдарының өкілдерімен кездесті, оның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, Теміртау электрметаллургиялық комбинаты, Текелі тау-кенді қайта өңдеу комбинаты, «Авангард-Строй» ЖШС, Қазақстан Республикасының ірі банктері, қалалық еңбекпен қамту орталығы, салық басқармасы және т.б. ұйымдардың өкілдері болды.
Жұмыс берушілер түлектердің түйіндемесімен танысты, олардың іскерлік қасиеттерін бағалады, үміткерлерге арналған салыстырмалы талдауды және өздерінің жұмыс жағдайларын ұсынды. Студенттер бос жұмыс орындарымен танысты және міндеттер тізіміне кіретін мәселелерге, еңбекақы мөлшері, кәсіпби жоғарлау және әлеуметтік кепілдіктерге қатысты сұрақтарын қойды.
Жәрмеңке шеңберінде «домалақ үстел» өткізілді, онда жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер және олардың еңбек нарығына бейімделуі, атқарушы үкімет орындары, еңбекпен қамту орталықтары, жұмыс беруші және білім ұйымдарының арасындағы өзара ынтымақтастық бағыттары талқылады.
«Түлек 2018» жәрмеңкесінің қорындысы бойынша бес адам әңгімелесуге жолдама, ал 27 түлек нақты жұмысқа шақыру алды.
Ульяна Шарафутдинова, «Есеп және аудит-14» тобы:
– Жәрмеңкеде мен қандай ұйымдарға қызметкерлер керек екенін білдім, бірақта жұмысқа орналасу үшін оларға жоғары білім туралы дипломды алған кезде барамын. Сонымен бірге «1с-бухгалтерия» курсын бітіру қажет, сонда жоғары еңбекақылы лауазымға жұмысқа орналасуға болады.
Руслан Кудайбергенов, «Экономика-14» тобы:
– Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру өте маңызды шара. Жоғарғы оқу орны бізге жұмысқа орналасуымызға көмектесетіні қуанышты. Бұл жерде барлық жұмыс берушілер жиналады – оларды қала бойынша іздеп уақытыңды босқа жоғалтпайсың. Біз алдын ала өзіміздің түйіндемелерімізді электронды түрде дайындадық. Сондықтан түйіндемелеріміз оларға жинақ түрінде ұсынылды. Қысқа уақытта қандай бос жұмыс орындары бар екенін және олар қандай талаптар қоятынын білдік. Маған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «ТОП100 инженерлер» бағдарламасы бойынша үш жылдық оқу бағдарламасынан өту ұнады, кейін комбинатқа жұмысқа тұру мүмкіндігі ұсынылады. Мен казір әртүрлі мүмкіндіктерді қарастырып жатырмын.
Индира Стамкулова, «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы-14» тобы:
– Жәрмеңке маған біздің облысымызда көп кәсіпорындардың жұмыс жасайтынын білуге мүмкіндік берді, менің мамандығым нарықта сұранысқа ие. Көптеген қызық ұсыныстар түсті, мен болашақта жұмысқа қай жерге орналасатыным туралы ойлануға бұл жақсы мүмкіндік.
ҚМИУ баспасөз қызметі
14 сәуір күні Маңғыстау облысы Ақтау қ. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға! – Серпін» әлеуметтік жобасы шеңберінде облыстық мамандықтар фестивалі өткізілді.
Фестиваль мақсаты – ҚР БҒМ «Серпін» әлеуметтік жобасының жұмыс жоспарына сәйкес Маңғыстау облысының мектеп түлектеріне арналған кәсіпті бағдар жұмысын ұйымдастыру. Фестивалді ұйымдастырушы Маңғыстау облысының білім басқармасы.
Фестиваль шеңберінде ұйымдастырылған көрмеге осы әлеуметтік жобаға қатысушылар – Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды облыстарының университеттері және колледждері қатысты. ҚМИУ «Энергетика, көлік және басқару жүйелері» факультетінің деканының орынбасары К. Капашева, Қарағанды облысының өкілі ретінде қатысты және пленарлық отырыста баяндама жасады. Ол өзінің баяндамасында бағдарламаның жүзеге асырылуы, Мемлекет Басшысының алма-матері саналатын жоғары оқу орнының жетістіктері, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға! – Серпін» әлеуметтік жобасы шеңберінде оқып жатқан студенттерге арналған тәрбие жұмыстары және студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу туралы толық айтты.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Университет қабырғасында қалалық «Тілдарын» байқауы өткізілді. Оған ҚМИУ жеті студенті, «Мирас» көпбейінді колледждің, Сауда және тамақтандыру колледжінің бірнеше өкілдері қатысты.
«Тілдарын» байқауының мақсаты мен міндеті – үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік білетін оқушыларға қолдау көрсету, тіларалық қармы-қатынас мәдениетін қалыптастыру, көптілді жеке тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патритотизм сезімін нығайту, бәсекелестікке қатысты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Байқау үш кезең бойынша өткізілді, онда ұсынылған тақырыптар («Современный научно-технический прогресс», «Великие люди казахской степи», «Многоязычие – востребованность времени», «Рухани жаңғыру» и «Переход на латиницу») бойынша эссе жазу және мәтінді синхронды аудару орындалды. Бірінші кезеңде тапсырмалар қазақ тілінде, екінші кезеңде – ағылшын, үшінші кезеңде – орыс тілдерінде орындалды. Келесі кезеңге алдыңғы кезеңнен өткен қатысушылар ғана қатысты. Бұл байқаудың міндетті шарты.
Байқау қортындысы бойынша бірінші орынды Асемай Пушанова (ҚМИУ М-16қ тобы), екінші орынды – Нурасыл Тарасов (ҚМИУ, ТМЖ-17қ тобы) және Касымхан Ережеп (ҚМИУ, ЕТжБҚ-17қ тобы), үшінші орынды – – Умид Ирискулов (ҚМИУ, ЕТжБҚ-1қ тобы) және «Мирас» колледжінің студенті Умида Тастурсинова жеңіп алды.
Байқаудың барлық жеңілпаздарына сыйлықтар және сертификаттар тапсырылды. Асемай Пушанова Теміртау қаласының атынан облыстық «Тілдарын»байқауына қатысады.
ҚМИУ баспасөз қызметі
|