Cisco нұсқаушыларын оқыту
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Қазақ ақпараттық коммуникация (ҚАА) Академиясы жанындағы Cisco желісті академиясының IT Essentials курсы бойынша Қарағанды облысының информатика пәнінің оқытушыларына арналған екі апталық оқыту курсы ұйымдастырылды.
Отыз қатысушылардың арасында Саран, Сатпаев, Шахтинск, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Осакаровка, соынмен қатар Абай, Нұра, Шет, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ақтоғай және Бұқар-Жырау аудандарының педагогтары да бар.
IT Essentials курсы ақпараттық технологиялар негізіне арналған. Бағдарламада – компьютерді жинау, профилактикалық күту; реттеу, баптау және Windows басқару; желісті ұйымдастыру қағидалары. Сонымен бірге ноутбуктер, ұялы қондырғылар және принтерлердің жұмыс жасау қағидалары қарастырылады. Операциялық Linux, OS X жүйелеріне және ұялы операциялық жүйелерге де көңіл бөлінеді. Оқытылатын тақырыптар тізімінде – «Ақпараттық қауіпсіздік», «IT-профессионал» және «Кеңейтілген іздеу және ақаулықтарды жою» тақырыптары қарастырылған.
Сабақты Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасының жетекші оқытушылары жүргізеді. Олардың барлығы ҚАА жатықтырушылары.
– Оқытудан кейін информатика пәнінің оқтышулырына нұсқаушы деген сертификат беріледі және олар өздерінің мектептерінде IT Essentials курсы бойынша сабақ өткізуге құқылы, – дейді аға оқытушы Луиза Қорғанбаева. – Cisco желісті академиясының нұсқаушылары, ақпараттық технологиялар саласында әлемдік көшбасшылар саналады. 22 мыңнан астам профессорлар, оқытушылар және кеңес берушілер, әлем бойынша білім алушыларды шабыттандыру және ынталандыру үшін Cisco оқу бағдарламасын қолданады. Қазіргі уақытта ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мамандар және желіс мамандарына деген сұраныс жоғары.
IT Essentials курсына қатысты қолжетімділік, нұсқаушымен сұрақтарды талқылау, интерактивті материалдар көмегімен ақпаратты түсінуді тексеру және мәтіндерді оқу, бағалау үшін жеке смартфон, планшет, ноутбук не жеке компьютерлерді қолдануға болады.
– Оқытудың тиімділігі – практикалық дағыларды қалыптастырудың кепілі, – дейді Луиза Қорғанбаева. – оқу бағдарламасының құрамына e-doing қағидасы бойынша әзірленген интерактивті жаттығулар кіреді, оның мақсаты – оқытуды ынталандыру, алған білімді бекіту, оқу үдерісін байыту, осылайша материалды жылдам игеруге ықпал ету.
Оқыту ұзақтығы 72 сағат. Курстың жабылуы және Cisco компаниясының халықаралық сертификаттарын тапсыру рәсімі 28 маусым күні өткізіледі.
ҚМИУ баспасөз қызметі