Архив:
Тарау таңдап алу:
Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →
2018 жылы 20 қыркүйек күні Қазақстан халықтарының Тілдер күні мерекесі қарсаңында «Қазақ, орыс және шет тілдер» кафедрасы студенттердің тілге деген құрметін қалыптастыру мақсатында «Тіл-халықтың жаны» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді.
Университеттің бірінші, екінші және үшінші курс студенттері және ҚМИУ жанындағы колледж студенттері әртүрлі тақырыпқа арналған өлеңдерді ұсынды.
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде классикалық және заманауи авторлардың өлеңдері, прозалары және әндері, студенттердің жеке шығармашылықты өлеңдері оқылды.
Қатысушылар өздерінің жақсы мәнерлеп оқу шеберліктерімен өлеңді және әнді сезіммен айтуға қабілетті екендіктерін көрсетті. Сайысқа 30 астам студент қатысты.
Сайыс жеңілпаздары: 1 орынды – Акерке Жетписбаева «АжБ-18» тобының студенті, екінші орынды – «АжБ-18» студенті Кирилл Берегов, үшінші орынды – Ернар Ерболұлы ТЭК студенті жеңіп алды.
Мәнерлеп оқу сайысы өте жылы жағдайда өтті. Қазылар алқасы бірауыздан мәнерлеп оқушыларға өздерінің шығармашылық таланттарын әрі қарай дамытуға және Қазақстанның белгілі әншілері, ақындары, өнер адамдары болуларына тілек білдірді.
1 қыркүйек Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде эссе конкурсының жеңімпазына грант табыстау мен Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан оқуға келген бірінші курс студенттеріне құрмет көрсету өтті. ҚР Конституция күніне және Білім күніне арналған мерекенің құрметті қонақтары ҚМИУ Құрметті профессорлары болды, ал оның қатысушылары – ЖОО оқытушылары, магистранттары, докторанттары, студенттері мен қонақтары болды.
Университеттің «Алтын» қорын қажырлы еңбегімен ЖОО даңқын арттыратын, студенттерге білім мен тәжірибені күнделікті беретін білікті профессорлар мен оқытушылар құрайды. 1 қыркүйек сахнаға мемлекет Басшысының серіктесі, комбинат ардагері, «Құрмет» және 3 дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерінің иегері, «ҚМИУ алдындағы айрықша еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, көптеген жылдар бойы оқу орнында өндірістік оқыту шебері ретінде жұмыс істеген Виктор Алексеевич Никонов шақырылды. Оны еңбегі сіңген демалысқа шығарып салдық. Оның мінсіз еңбегі мен жұмысқа деген жауапкершілігі үшін Виктор Алексеевичке гүлдер мен ҚМИУ ректорының алғыс хаты табысталды. Сол күні біздің университетте 37 жыл жұмыс істеген Купреева Расим Асраретдиновнаны да еңбегі сіңген демалысқа шығарып салдық.
Конституцияның 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен Құрметті грамоталарымен:
– «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Владимир Иванович Илькун;
– «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Виктор Александрович Ященко;
– «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Татьяна Михайловна Бондарцова;
– «Экономика және қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Майра Маулиевна Татиева;
– «Экономика және құрылыс» факультетінің декан орынбасары Асель Кажатовна Нургалиева;
– «Металлургия және машинажасау» факультетінің декан орынбасары Гульмира Аубакировна Шаяхметова марапатталды.
Жыл сайын ҚМИУ ғылыми элитасы жас ғалымдармен толықтырылады. Биылғы жылы алғаш рет ұзақ үзілістен кейін ЖОО-ның 17 жас оқытушылары докторантураға түсті. Оларға ректордың құттықтау хаты табысталды. Ду қол шапалақпен сахнаға Нұрбек Айткенов, Рымгүл Жаслан, Ербол Қуатбай, Талғат Жүнісқалиев, Маржан Мұхаметхан, Ерлан Мұхаметхан, Бекзат Ахметов, Гүлдана Даирбекова, Досбол Бекмағамбетов, Мақсат Абишкенов, Семен Кузьмичев, Адилжан Куанышбаев, Ғазиза Жұманазарова, Ғалия Жұмабекова, Сауле Камарова, Жадыра Авкурова, Нұрболат Сайдрахимов шақырылды.
Қазақстан жастары өте патриотшыл. Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Патриотизм өз жеріне, өз ауылына, қаласына, өңіріне, кішкентай отанына деген махаббатынан басталады». ҚР Президентінің бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті жыл сайын Қазақстан мектептерінің оқушылары үшін «Менің қаламның тарихы» атты кең ауқымды эссе және мультимедиялық жобалар конкурсын өткізеді. Конкурсқа көптеген өтінімдер жіберілді және конкурстық комиссия мүшелері ең лайықтыларын таңдады. Ғылыми Кеңестің шешімімен жеңімпаздарға гранттар мен жеңілдіктер берілді. Марапаттау рәсімі үшін сахнаға алғашқы үш орын иегерлерін шақырды. Эссе конкурсындағы 3 орын үшін 2018-2019 оқу жылында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде оқуға 25 пайыздық жеңілдік құқығын беретін сертификатпен Кристина Кучеренко, Ақерке Қуанышбекова және Әлия Мәдкен марапатталды. 2 орын үшін 2018-2019 оқу жылында ҚМИУ-да оқуға 50 пайыздық жеңілдік құқығын беретін сертификат Әнуар Қазбековке табысталды. 1 орын үшін 2018-2019 оқу жылында ҚМИУ жанындағы техника-экономикалық колледжінде оқуға Ғылыми кеңес грантымен конкурстың барлық турынан керемет өткен, ал ҰБТ-да 81 балл жинағана №19 ЖББОМ түлегі Валентина Алейникова марапатталды.
ҚМИУ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды облысының ауылдық мектептерімен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Осы жылдың мамыр айында университет өкілдері кең ауқымды жұмыспен Нұра ауданы Кертінді кентінің М.Сүлейменов атындағы тірек мектебіне барды. Сахнаға ҚМИУ «Электрэнергетика» мамандығына түскен және білім беру грантына ие болған Жамаухан Дәулетқазы шақырылды. Оған ректордың атынан құттықтау хаты тапсырылды.
Студенттік жылдар – бұл игі тілектер орындалған және шыңдар жеңілген уақыт. Сөз сөйлегендер бірінші курс студенттеріне ҚР Тұңғыш Президентінің Альма-матер қабырғасында білім алуды ғана емес, олардың ізашарлары ретінде ЖОО-ның қоғамдық және спорттық өміріне белсене араласуды тіледі. Салтанатты жиын мен шашу рәсімінен кейін жаңадан келген студенттерді бір-бірімен, факультет декандарымен, оқытушылармен және кураторлармен танысу үшін аудиторияға шақырды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
ҚМИУ-да 16 шілде «Сәкен оқулары» конкурсы өтті. Оның қатысушылары көрнекті қазақ жазушысы, ақын және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын оқыды, сондай-ақ домбыраның сүйемелдеуімен орындады.
Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық мұрасын зерттеуге бағытталған конкурстың ұйымдастырушылары Теміртау қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тілдерді үйрену орталығы болды. Іс-араға 60-тан астам адам қатысты, олардың арасында Теміртау қ. ақсақалдар кеңесінің өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшелері, студенттік жастар болды, олар үшін Сәкен Сейфуллиннің бейнесі – бұл Қазақстан поэзиясының жарқын беттерінің бірі.
Қатысушылар заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы шығармаларын орындаумен қатар, оның жарқын, бірақ өте қысқа өмірінің санаулы белгілі сәттері туралы да айтты. Өкінішке орай, Сәкен Сейфуллин 1938 жылдың сәуірінде Алматыдағы ІІХК түрмелерінің бірінде «халық жауы» ретінде атылған. 1957 жылы КСРО Жоғарғы Сотының Әскери Алқасымен қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.
Ақсақалдар Ілияс Баймырзаев пен Қасым Ботанов Сәкен Сейфуллиннің ұлы шығармашылық мұрасын және Қазақстан Республикасының ағарту ісіне қосқан зор үлесін атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
5 шілде ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығында еліміз үшін маңызды мемлекеттік мереке – Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында –Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 2018 жылы оқу бітірген бакалаврлар мен магистранттарға, сондай-ақ ҚМИУ жанындағы техникалық-экономикалық колледж түлектеріне дипломдар салтанатты түрде табысталды.
Біздің университет металлургия, машина жасау, энергетика, құрылыс және Қазақстанның өнеркәсіптік кешендерінің басқа да салаларының білікті мамандарын үлкен өмірге мақтанышпен шығарады. Кешегі студенттің – дәрістері, емтихандары, сынақтары, ұйқысыз түндері, кітапханада және интернетте өткізілген уақыттары артта қалды. Көптен күткен сәтте туды, олар ЖОО бітіргені туралы құттықтаулар қабылдайтын кез келді. ҚМИУ ректоры Б.А.Жәутіков сахнадан жиналғандарға сөз сөйледі. Ол жарты ғасыр бұрын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев бітірген ЖОО-да оқудың үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. ҚМИУ түлектері тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар оның шегінен тыс жерлерде өнеркәсіп және экономиканың барлық салаларында іс жүзінде жұмыс істей отырып, өндірістік және қоғамдық қызметте жақсы нәтижелерге қол жеткізе бұл өмірлік сынақты абыроймен көтеруде.
Қарағанды облысының көптеген танымал адамдары ҚМИУ-ға екінші, тіпті үшінші рет жоғары білім алу үшін келеді. Соның ішінде, 5 шілдеде диплом табысталғандар арасындағы металлургиялық әулетінің өкілі, мемлекет Басшысы үзеңгілесінің ұлы Т.Ж. Арысов және Теміртау қалалық мәслихаттың хатшысы А.Б. Ломакин.
Бұл күні ҚМИУ ректоры барлық оқу жылдары үздік нәтижелер көрсеткен ЖОО үш факультетінің бакалавриаттарына және ҚМИУ жанындағы колледж түлектеріне қызыл диплом табыстады. ҚМИУ мақтанышы: А. Абилхасымова, А. Мусин, Ж. Аменов, Р. Романов, А. Талгатова, М. Аубакирова, В. Рахимов, А. Рахимбекова и С. Сайфуллин (Металлургия және машинажасау факультеті); Д. Корепанова, Р. Кудайбергенов и А. Базаров (Экономика және құрылыс факультеті); В. Ким и С. Попов (Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультеті); В. Курлаев, Е. Богданова, Н. Болюх и М. Скрынникова (техникалық-экономикалық колледжі).
Биылғы жылы ұзақ үзілістен кейін ҚМИУ жанындағы техникалық-экономикалық колледжінің алғашқы түлектері бітірді. Колледж директоры С.Б.Хамитов құттықтау сөз және диплом табыстау рәсімі үшін сахнаға шақырылды. Құрметті ақсақал, соғыс және еңбек ардагерлер қалалық кеңесінің төрағасы Б.К. Ордабаев өзінің эмоционалдық сөзінен кейін ҚМИУ түлектеріне магистрлер дипломдарын табыстады. Содан кейін сахнаға ЖОО үш факультетінің декандары кезек-кезек көтеріліп әркім өз түлектеріне дипломдар табыстады, оларға жарқын жол, сәттілік, кәсіби қызметте табыс тіледі.
Сәт сапар, қымбатты түлектер!
ҚМИУ баспасөз қызметі
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қазіргі түлектері өздерінің сызбалары және ерекше идеялары негізінде адамның қолының жұмыс жасау қаидасы бойынша жұмыс жасайтын алты өсті робота-манипуляторды құрастырды. Негізгі ерекшелігі – оның бөліктерінің бір бөлігі университеттің 3D-принтерінде басып шығарылды.
«Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасында жақын күндері «Бейімделген роботталған жүйені әзірлеу мақсатында алты өсті робот-манипулятордың кинематикалық сұлбаларын зерттеу және әзірлеу» тақырыбына арналған кешенді дипломдық жоба қорғалды. Барлық жұмыс ғылыми жетекшілермен бірге жүзеге асырылды.
Электрэнергетиктер тобы алдын-ала қолданыстағы мехатронды кешендерді сараптаумен, қортындысында мехатронды кешен және роботты техникалық нарықта сұранысқа ие ең қажетті жабдықтар робот-манипуляторлар екенін анықтады.
Қазіргі уақытта манипуляторлы роботтар өнеркәсіптің әртүрлі саласында кең спектрлі технологиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін қолданылады. Өндірістік процеске манипуляторларды негізу үшін арнайы әзірленген басқару жүйесі қажет, ол робот және адам-оператор арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз етеді, сонымен бірге технологиялық операцияларды автоматтандыруға қажетті процестерді орындайды.
– «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасында осындай манипуляторды жинақтау туралы ой біраз уақыт бұрын пайда болды, бүгінгі күннің студенттері бұрынғы студенттерден өзгеше, олар мектепте робототехника негіздерін оқыған. Сондықтан жоғары оқу орындарындағы оқыту жоғары деңгейде жүзеге асырылу тиіс – дейді оқу ісі жөніндегі проректор Галина Сивякова. – Негізгі ерекшелік, бөлшектердің бір бөлігі университеттің жеке 3D-принтерінде басылып шығарылды, сондықтан соңғы өнім бағасы біршама арзан болды.
Дайын робот-манипулятор жаңа корпустың бір дәрісханасында орналастырылған. Буындардағы иілгішті бейімділікті иілгіш тізбектің болуына қатысты оны әртүрлі салаларда қолдануға болады.
– Мысалы, машинажасау саласында бөлшектерді сұрыптау, фармацевтика саласында дәрі-дәрмектерді мөлшерлеу кезінде қолдануға болады. Жалпы белгілі, мысалы, робот-манипулятор – кран ойыншықтарды қармайтын өрмекші сияқты дейді – «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының доценті Артем Гурушкин. – Біздің робот-манипулятор 6 өсті, ол әртүрлі бағытта қозғалады, адаммен салысытрғанда 360 градусқа бұрылады. Сонымен бірге робот шаршамайды, берілген уақыт ішінде барлық тапсырманы орындайды. Бұл жерде адами фактор орын алмайды. Қол еңбегін механикалық еңбекпен ауыстырудағы мақсат – адамды осы жұмысты орындаудан босату және орындалатын жұмыстың дәлділігін арттыру.
Роботы жинау кезінде электр- және өрт қауіпсіздігі, сонымен бірге жобаның экологиялық мәселелері де қарастырылды, адам ағзасына шу және тербеліс, ультрадыбыстардың, ионды сәулелердің зиянды әсері анықталды, адамды осы зиянды факторлардан қорғау шаралары да қарастырылды. Дипломшы-студенттер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының экономикалық дәйектемесін де ұсынды. Олардың есептеулері бойынша, робот экономикалық және жобаның бәскелестігі тұрғысынан тиімді, сонымен бірге осындай оқу жабдықтарын жасайтын ұқсас компания өнімі бір бірлік үшін 3,5 миллионнан астам қаржыны құрайды. Студенттердің өздері жасап шығарған роботы бірнеше есе арзанға түсті. Робот-манипулятор және 3D-принтер ҚМИУ қонақтарына және серіктестеріне, оның ішінде ҚР Парламент Мәжілісінің депудаттары және шетел мамандарына мақтанышпен көрсетілді.
Казіргі уақытта манипуляторды баптауды зертханалық сабақта «Автоматтандыру және басқару» мамандығының үшінші курс студенттері жүзеге асыруда. Әртүрлі жылдамдық кезінде жұмыс жасаумен бірге бірнеше жұмыс тәртібін үйлестіру – мысалы айналыс және біруақытта көтеру, барлық жетектердің бірге жұмыс жасауы тексерілуде. Қазіргі таңда робот тек ғана қармау жұмысын орындайды, бірақта «қолы» әрі қарай әртүрлі операцияларды орындайтын болады.
«Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасында оқу айларында «Электрон» үйірмесі жұмыс жасайды, осы үйірмеге кафедра қамқорлық жасайтын үш мектептің оқушылары және қМИУ жанындағы колледж студенттері қатысады. Осындай сабақтарға Теміртау қаласының басқа мектептерінің оқушыларының қатысу мүмкіндіктері де қарастырылып жатыр.
ҚМИУ жасаған робот-манипулятор ағынды өндіріске қойылмайды, бірақта қала, облыс және республикалық білім ұйымдарына арналған оқу құрылғысы ретінде бірлі тапсырыстар түрінде жасалуы мүмкін.
Светлана ЕГОРОВА
Фото автордікі
|