11 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дағдарыстан кейінгі дамуына арналған саяси және әлеуметтік-экономикалық саладағы өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты міндеттер жүктеген іс-шаралар жоспарын ұсынды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде білім беруді дамыту, жастарды қолдау мәселелеріне тоқталды. Сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру мемлекеттің ең маңызды мәселесі екеніне атап айтты. Осы мақсатта тапшылық бар өңірлердегі мектептерді білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету үшін арнайы бағдарлама жүзеге асырылатын болады.
Ол жоғары білімнің қолжетімділігі, университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесінің өзектілігіне тоқталды. Осы бағытта Мемлекет басшысы еліміздің халқы тығыз орналасқан өңірлерінің жастарына мақсатты гранттар бөлу, сондай-ақ жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөнінде тапсырма берді.
Жоғары техникалық білім беруді дамытудың маңыздылығы, инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын дайындау және тәрбиелеу қажеттілігі ерекше атап өтілді. Уақыт өз заңдылықтарын жүзеге асырады, еңбек нарығында техникалық мамандықтар бойынша мамандар тапшылығы сезілуде.
Қарағанды индустриялық университеті инженерлік білім беру саласында көпжылдық қалыптасқан дәстүрі бар техникалық университет ретінде Мемлекет басшысының инженерлердің жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған бастамаларын қолдайды.
Еліміздің Мемлекет басшысы айтқан тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған баршамызды алдымызда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Біздің университетке ең алдымен түлектердің бәсекеге қабілеттілігін, білім сапасын арттыру, оқытудың озық әдістері мен технологияларын пайдалану, ғылымды және студенттердің зерттеушілік дағдыларын дамыту, ғылым мен өндірістің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беруді дамытуға қатыстымәселелерді шешу қажет.
Мемлекет басшысының сөзінде барша қазақстандықтарды жан-жақты қолдауға бағытталған үлкен сындарлы серпін байқалды. Қарапайым халықты толғандырып, қоғамда талқыланып, сынға ұшырап жатқан түйткілді мәселелерге де қоғам нақты жауаптар алды.
Еліміз дамудың жаңа сапалық деңгейіне шықты, елді жаңарту, келеңсіз мәселелерден тазарту кезеңі басталды. Қарағанды индустриялықуниверситетінің ұжымы Мемлекет басшысы Қ–Ж. Тоқаевтың бастамаларын жан-жақты қолдап, осы бастамаларды жүзеге асыру үшін тәжірибесі мен білімін, бар күш-жігерін салады.