Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! 10 және 11 Наурызда оқу залында “Кітап арқылы білім әлеміне” атты кітаптарды ашық қараудың 2 бөлімі өтеді.
Оқытушылар мен студенттерді 9.00-ден 18.00-ге дейінгі жаңа әдебиеттерді көруге шақырамыз. Түскі ас 13:00. 14.00 дейін.
Қарағанды индустриялық университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына және “Sanaly urpaq” жобасына сәйкес университетте парасаттылық мектебі мен “Саналы ұрпақ” студенттік клубының әдістемелік апталығы шеңберінде “Саналы ұрпақ” клубының студенттері арасында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін немесе мүмкін емес” тақырыбында пікірталас өтті. Пікірталас үш кезеңнен тұрып, онда қатысушылар өз қарсыластарының сұрақтарына жауап берді, сыбайлас жемқорлық тақырыптарындағы түрлі жағдайларды қарастырды.
Іс-шараның мақсаты студенттерді қоғамдағы сыбайлас жемқорлық проблемаларына тарту болды. Өзінің ситуациялық сұрағын аға оқытушы М.С. Солтан қойып, студенттердің қызу талқыға салды.
Пікірталасқа белсенді қатысқаны үшін қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Парасаттылық мектебі мен “Саналы ұрпақ” студенттік клубының әдістемелік апталығы аясында Қарағанды индустриялық университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес “Sanaly urpaq” жобасы шеңберінде “Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” кафедрасының меңгерушісі М.С. Солтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен азаматтық құқықты түсіндіру бойынша 1,2 курс студенттерімен ашық сабақ өткізді, сондай-ақ аға оқытушы В. Г. Черкашинмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі заңдары бойынша сабақ өткізілді.
Ашық сабақтың спикерлері “Саналы ұрпақ” студенттік клубының белсенділері студенттер: МиТНМ-19к Ибраева Амина, Ибраева Адина, МиТНМ-20к тобының студенті Табашев Алихан болды. Солтан М.С жетекшілігімен өткен іс-шараның мақсаты студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, әділеттілікке тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар туралы білім беру болды. Біздің және басқа елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, оны жою мүмкіндіктері бойынша талқылау жүргізілді. Студенттер спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің түрлі әдістерін ұсына отырып, қызу талқылады.
Ақмола облысында «Талғат Бигелдинов – адамгершілік пен қарапайымдылықтың үлгісі» атты «Адалдық сағаты» өтуде
Адалдық сағаты ҚарИУ парасаттылық мектебінің әдістемелік апталығы аясында өткізілді.
Өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 28 ақпан мен 4 наурыз аралығында аты аңызға айналған ұшқыш-штурмовикке, Қазақстан авиациясының генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновке арналған тоқсан сайынғы «Адалдық сағаты» акциясын өткізеді.
Талғат Бигелдинов небәрі 20 жасында өзінен үлкен жиырмадан артық ұшқышқа басшылық етіп, ешқандай шығынсыз Кеңес әскерін жеңіске жеткізген еді. Кеңес Одағының екі мәрте Батыры атағын алған тұңғыш қазақ атанған ол жас болсаң да, таудай іс тындыруға болатындығын дәлелдеді.
Талғат Бигелдинов тек батырлықтың, ерліктің және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы ғана емес, сонымен қатар адамгершілік пен қарапайымдылықтың, қайтпас қайсарлықтың үлгісін көрсете білген жан. Оның замандастары Талғат Бигелдиновтің өмірінде жарқын, қарапайым, мақсатты адам болғанын, оған көмек сұрап жүгінгендерге үнемі көмектесетінін айтқан.
Бейбіт уақытта Талғат Бигелдинов азаматтық авиация және құрылыс салаларында жемісті еңбек етіп, өзінің ұйымдастырушылық және адамгершілік қасиеттерімен басқаларға үлгі болды.
Талғат Бигелдинов ұзақ та, жарқын өмір сүрді. Оның жолы жас ұрпаққа үлгі болуға лайық, соғыстың батыры өзі де бірнеше рет жастармен кездесіп, әскери ерліктері мен сол кездегі кеңестік халықтың рухы туралы әңгімелеп беретін.
«Соғыс болсын деп ешқашан қаламаймын. Бірақ егер осындай ауыртпалық басымызға түссе, Алла бермесін, сіздер және немере-шөберелеріміз бізден кем болмай, жауларға соққы берсін! Біздің өсиетіміз осындай», – деп бата береді екен үнемі аты аңызға айналған ұшқыш.
Бейне-дәріс облыстық телеарнада көрсетілуде, сондай-ақ, Youtube арнасында, Департаменттің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында орналастырылған. Аталған акцияға өңірдегі 555 мектептің, 4 ЖОО-ның және 32 колледждің оқушылары қатысты.
ФМИМ әдістемелік апталығы аясында 23.02.2022ж МиМ кафедрасының аға оқытушысы Аменова Әлия Әлиханқызының “Легирленген болат қорытпалар”атты ашық сабағы өтті. Ашық сабаққа факультет деканы, ОПҚ, кафедра қызметкерлері қатысты.
Сабақ барысында А.Аменова студенттерге болаттарды таңбалауды түсіндіріп, үйретті. Әр түрлі болаттардың қасиеттері мен қолданылуы туралы негізгі түсінік берді. Тақырыпқа деген сүйіспеншілікті ояту, ұқыптылықты, дәлдікті, өз бетінше ойлау және мақсаттар мен міндеттер қою қабілеттерін тәрбиелеу-сабақтың негізгі мақсаттарының бірі болды.
Бұл сабақ адаптивті оқыту технологиясын қолдану арқылы өткізілді.