“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚМИУ-ДА «ҚАЙРАТ ПЕН АҚЫЛ ЖОЛ ТАБАР» АШЫҚ АЙМАҚТЫҚ ДЕБАТТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

2019 жылы 29 қазанда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Қайрат пен ақыл жол табар» атты ашық аймақтық пікір-сайыс дебаттық  турнирі өтті. Турнирдің ұйымдастырушылары: ҚМИУ тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті, ҚМИУ профкомы, «Абадан» дебат клубы болды.

Мақсаты: студенттердің пікір-сайыс қозғалысын дамыту және қолдау.

Турнирдің міндеттері:

– облыстық деңгейде дебаттық қозғалысты дамыту;

– жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;

– қоғамдық-саяси жұмысқа белсенді студенттерді теориялық және іс жүзінде дайындау.

Турнирге Қарағанды облысының барлық жоғары оқу орындарынан 28 команда қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Пікір-сайыс турнирінің жеңімпаздары: БПФ Амангелді Мадияр (ҚЭУ), Нұраева Бибигүл (ҚарМУ).

Үздік Спикер: Нығметова Асем (ҚарМУ).

Жастар чемпионы: Маратов Ильяс (ҚарМТУ), Исатев Абылай (ҚарМТУ).

Үздік төреші: Сатмаханова Эльвира (№15 мектеп-гимназия).

Жеңімпаздар: Назаров Сүйіндік (ҚарМУ), Шоқан Камила (ҚарМУ), Нығметова Әсем (ҚарМУ), Сейтғали Айзат (ҚарМУ), Дарябаева Амина (ҚарМУ), Набихан Бота (ҚарМУ).

Пікір-сайыс турнирінің жеңімпаздары мен үздік спикерлері дипломдармен және сыйлық сертификаттарымен марапатталды, ал олардың жетекшілері пікір-сайыс турниріне оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі.

29.10.2019, 12:19:12, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» АТТЫ АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ ӨТТІ

2019 жылы 29 қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жоспарын  жүзеге асыру аясында «Үшінші жаңғырудың қазақстандық моделі: болашаққа көзқарас»  атты әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша «Тұлғаның қалыптасуына білім берудің әсері» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді.

Кураторлық сағат экономика және құрылыс факультетінің «Менеджмент және бизнес» кафедрасының оқытушысы М. А. Латыпова ЕжА-16, ЕжА -17, ЕжА -18, МО-17, МО-16, Э-17 топтарымен бірге өткізілді.

Кураторлық ашық сағаттың мақсаты сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және жаңа үлгідегі қоғамдық сананы сәтті жаңғыртуға әсер ететін қазіргі әлеуметтік-саяси мәселелерді ұғыну болды.

Кураторлық сағат барысында студенттер білім беру мазмұнының әр түрлі бағыттылығымен танысты.

Білім беруді жетілдірудің заманауи кезеңін және оның жеке тұлғаның дамуына әсерін қарастыра отырып, студенттер осындай мәселелерді белсенді талқылап, пікір алмасты: Жоғары білім адамға қалай әсер етеді? Жоғары білім алуға ұмтылу керек пе? Бүгінгі қоғамда білім немесе дағды не маңызды? Онлайн білім беру тұлғасына қандай әсер етеді және ол уақыт өте келе университеттер алмастыра ма?

Соңында студенттер «Білім беру адамзат жинақтаған құндылықтарды сақтауға және жаңа қарым-қатынастың пайда болуына ықпал етеді және бұл өзара байланыс жаңа үлгідегі қоғамдық сананың жаңа жаңғыруының табысты болуына септігін тигізеді» деген қорытынды пікірін білдірді.

 

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

29.10.2019, 12:17:33, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің докторанттары «Тәжікстан-Азия – 2019» IV Азия студенттік форумына қатысты.

2019 жылдың 24-27 қазан аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің докторанттары Душанбе қаласындағы тәжік ұлттық университеті базасында Азия университеттері қауымдастығының қамқорлығымен өткен «Тәжікстан-Азия – 2019» IV азиялық студенттер форумына қатысты.
Форумның ұйымдастырушылары Азия университеттерінің қауымдастығы (http://www.aauniv.org), Тәжік ұлттық университеті, Тәжікстан Республикасы, Душанбе қ. (http://www.tnu.tj) және Алтай мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы, Барнаул қ. (http://www.asu.ru).
Форум Азия өңірі жастарының ғылыми-білім беру және мәдени ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесуге; Азия елдерінің студент жастарының кәсіби, әлеуметтік және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға; халықаралық ғылыми-білім беру, мәдени-ағартушылық және спорттық-сауықтыру жобаларын іске асыруға бағытталған бастамаларды қолдауға; Азия елдерінің университеттері арасындағы, оның ішінде Азия университеттерінің қауымдастығы сияқты жоғары оқу орындарының бірлестіктері шеңберінде желілік өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.
IV Азия студенттер форумына еуразиялық мемлекеттердің: Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және басқа да елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері, аспиранттары, докторанттары, тыңдаушылары мен университет қауымдастықтарының өкілдері қатысты.
Форум жұмысының негізгі бағыттары: шекарасыз білім беру; ғылыми серпіліс; мәдениетаралық диалог; 21 ғасыр көшбасшысы; жастар ортасында әлеуметтік жобалау болып табылады. Барлық ұсынылған жобалар Азия университеттері қауымдастығының Халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.
Форум аясында ұйымдастырушылар мәдени-шығармашылық бағдарлама, тәжік халқының тарихи-мәдени мұра нысандарының көрмесін, Душанбе қаласының негізгі көрікті жерлеріне саяхат дайындады.
Форум қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар, барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Форум тек білім беру ғана емес және әлеуметтік маңызды жобалардың алаңына айналды, сонымен қатар Азия елдерінің барлық өкілдерін біріктірді, мәдениаралық диалогқа және университеттердің халықаралық ынтымақтастығын дамытуға ықпал етті.

ҚМИУ баспасөз қызметі

29.10.2019, 12:02:13, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ-да кәсіпкерлік негіздері бойынша семинар-тренингтер өтуде

ҚМИУ-да кәсіпкерлік негіздері бойынша

семинар-тренингтер өтуде

2019 ж. 14 және 19 қазанда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде кәсіпкерлік негіздері бойынша семинар-тренингтер шеңберінде қаланың табысты кәсіпкерлері Ковалева Зульфия Исхаковна – «WORLD CONSULTING GROUP» ЖШС директоры және Хегай Сергей Юрьевич – жеке кәсіпкер қатысуымен қонақ дәрістер өтті.

Кәсіпкерлер бизнесті дамыту саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті,маркетинг, сату техникасы бойынша клиенттерді тарту және ұстап қалу, сонымен қатар өзінің кәсіби қызметінде заманауи ақпараттық платформаларды пайдалану мәселелері бойынша студенттермен әңгіме жүргізді. Қазіргі таңда өз бизнес-жобасын әзірлеу міндеті тұрған студенттерге өз ісін ұйымдастыру барысында кәсіпкер қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін тыңдау құнды болды. Қала кәсіпкерлерімен тағы да осындай екі кездесу 2019 жылдың 31 қазанына жоспарланған.

ҚМИУ баспасөз қызметі

29.10.2019, 10:40:36, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ-ДЕ ҚАЗАҚ ССР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ, ЭТНОГРАФ-МУЗЫКАНТ, КОМПОЗИТОР АЛЕКСАНДР ЗАТАЕВИЧТІҢ150-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

 

2019 жылдың 28 қазанында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде этнограф-музыкант, Қазақстанның Халық әртісі Александр Затаевичтің 150 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Еске алу кешін қазақ, орыс және шет тілдері кафедрасы ұйымдастырды.

Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында өткізіліп, ұлы қазақ даласында тұратын этностар арасында қазақ халқының мәдениетін, тарихын, философиясын, құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

Кештің қонақтары ҚР Тұңғыш Президенті тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкерлері Құрманшады Оразымбетов пен қуаныш Тыныбекұлы болды, олар студенттерді ұлы музыканттың шығармашылық мұрасымен таныстырды.

Александр Затаевич 1869 жылы Орлов облысында (Ресей) дүниеге келген. 1886 жылы Орел қаласындағы әскери  гимназияны бітірді. 1896 жылы ол композитор С. В. Рахманиновпен танысып, ол А. Затаевичтің пьесасына қызығушылық танытып, оларды шығаруға ықпал етті. Сондай-ақ, Рахманинов Александр Затаевичке «Алты музыкалық сәттер» пьесасын арнады. 1904-1915 жылдары Александр Затаевич Варшавада қызмет етті, онда да музыкалық-қоғамдық қызметпен айналысты. «Варшава консерваториясының»  музыкалық сыншысы болды.

Негізінен оның шығармашылық қызметі қазақ халық музыкасын жинауда, жазуда және жүйелеуде көрініс тапты. Ол Қазақстанның музыкалық фольклорының 2300-ден астам шығармаларын жазды. А. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні»  және «500 қазақ күйлері мен әндері» жинақтары ежелгі заманнан 1930 жылға дейін қазақ музыкалық фольклорының антологиясын ұсынады.

Қазақстан тарихында алғаш рет А. Затаевич бірқатар көрнекті қазақ халық композиторларына сипаттама берді, олардың арасында: Абай Құнанбаев, Құрманғазы Сағырбаев, Біржан Қожамғұлов, Жаяу Мұса Байжанов, Дәулеткерей, Балуан Шолақ, Мұхит, Ыбырай және де олар туралы кейбір өмірбаяндық мәліметтер келтірілген.

Александр Затаевич қазақ кәсіби фортепиано музыкасының негізін қалаушылардың бірі болып табылады. «Фортепианоға арналған миниатюралар түріндегі Қазақ әндері», «Қазақстандық татарлардың әндері», «Қазақстан әндері», «250 қырғыз аспапты пьесалары мен напевтер», «Әр халықтың әндері», «Қырғыз аспапты пьесалары мен әуендері» атты музыкалық жинақтардың авторы. Ол 1923 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметінен «Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Халық әртісі» атағын алған  алғашқы адам.

А. В. Затаевичтің өмірі мен қызметі туралы еске алу үшін Алматы қаласында мемориалдық тақта орнатылды және оның есімімен көшелердің бірі аталды.

Шара барысында композитор Александр Затаевич өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм көрсетілді.

 

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

28.10.2019, 16:49:40, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар