ХАЛЫҚТАН ТУЫЛҒАН ТАЛАНТ
2018 жылдың 28 қазанында университетте ұлы ақын, прозаик, публицист және драматург, қазақ ауылы тұрғындарының мүдделерін қорғаушысы Бейімбет Жармағамбетұлы Майлиннің 125 жылдығына арналған ашық іс – шара өткізілді.
2019 жылы атақты жазушының туғанына 125 жыл толады. Бейімбет Майлин-қазақ әдебиетінің қалыптасуына көп үлес қосқан жазушы, проза, поэзия және драматургия сияқты жанрларды дәріптеуге үлкен үлес қосқан, туған ауылы, туған халқы мен өлкесінің жан-жақты жырлаған. Ол сондай-ақ қазақ журналистикасының қалыптасуы мен дамуына үлес қосып, Мұхамеджан Сералинмен бірге «Ауыл» газетінің негізін қалады.
Іс-шара барысында «Металлургия және машина жасау» факультеті деканының орынбасары Г. А. Шаяхметова жан-жақты дарындылық адамның өмірлік және шығармашылық жолын баяндайтын слайд-презентациясын ұсынды.
Қазақ әдебиетінің классигінің туындыларын білуін кеңейту мақсатында, студенттер Б. Майлиннің жазған проза мен өлеңдерінен үзінділер оқыды. Балалар 1923-1937 жылдар аралығында 55 кітап шығарған Бейімбет Майлиннің шығармашылық жұмыс қабілетін атап өтті.
43 жас өмір сүріп, бірнеше романдар, 10 повестер, 15 поэмалар, көптеген өлеңдер, очерктер, фельетондар, 20 пьесалар, либретто және сценарийлерді жазып үлгерді. Майлин шығармашылығы – жас ұрпақ үшін тамаша әдеби мектеп.
ҚМИУ баспасөз қызметі.