2022 жылдың 5 қазанынан 3 қарашасына дейін болған ҚарИУ-ға сапары барысында Гази университетінің профессоры (Анкара, Түркия) Айдын Четин университет қызметкерлері мен білім алушылары үшін бірқатар оқыту семинарларын өткізді. Семинарға Қарағанды индустриалық университетінің жас ғалымдары, оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты.
Ғылыми семинарлар барысында спикер IT-жобаларды дайындау, Scopus және Web of Science базаларына кіретін шетелдік журналдарда жариялау үшін ғылыми мақалалар дайындау, жасанды интеллектті, атап айтқанда, инжинирингтің әртүрлі салаларында терең оқыту әдістерін қолдану, Еуроодақ елдеріндегі ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары және т. б. тақырыптарды қозғады.
Профессор Айдын Четин Қазақстанға сапары барысында “Автоматтандыру және басқару” білім беру бағдарламасы бойынша оқитын “Жасанды интеллект технологиясы” кафедрасының магистранттары: Ізбасар Орынбасар және Байдуллаев Серғазы үшін диссертациялық жұмыстар тақырыптары бойынша ғылыми кеңестер берді.
Профессор Айдын Четиннің жас ғалымдармен, магистранттармен және докторанттармен халықаралық ғылыми зерттеулер жүргізу және бірлескен ғылыми еңбектерді дайындау жөніндегі бірлескен жұмысы Түркияға оралғаннан кейін де қашықтық форматта да жалғастырады.
14 қыркүйегінде Қарағанды индустриалдық университеті базасында «Bassel Group LLS» ЖШС өкілдерінің «ТШИ» және «Энергетика» кафедраларының бітіруші курс студенттерімен кездесуі өтті.
Кәсіпорын атынан «Автоматтандыру жүйелерінің инженериясы», «Өнеркәсіптік объектілерді энергиямен қамтамасыз ету» және «Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жылу энергетикасы» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 4-ші курс студенттеріне «Bassel Group LLS» ЖШС пайдалану жөніндегі техникалық директордың орынбасары Павлов Андрей Сергеевич келді.
Спикер студенттерге аталған мамандықтар түлектерін кәсіпорында жұмысқа орналастыру перспективалары және бос жұмыс орындары туралы айтып берді, содан кейін сұрақтарға жауап берді.
«Bassel Group LLS» ЖШС кәсіпорнында бар бос жұмыс орындарының тізімі төменде берілген.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ. 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КӨКТЕГІ СЕМЕСТРІ БАСТАЛДЫ
Назар аударыңыз!
Құрметті студенттер1
2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрі 24.01.2022 мен 02.07.2022 аралығында кестеге сәйкес MOODL платформасында онлайн түрде өтеді.
MOODL жүйесіне https://dot2.tttu.edu.kz/ сілтемесі бойынша кіріңіз.
MOODL жүйесіндегі логин мен пароль Platonus жүйесімен бірдей.
ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ!
17.01.2022 ж. мен 21.01.2022 ж. аралығындағы кезеңде онлайн форматта «Заманауи білім беру жағдайындағы жоғары мектеп педагогының кәсіби қызметі» корпоративтік тренингтер апталығы өтеді.
Барлықтарыңызды белсенді қатысуға шақырамыз.
Тренинг жоспарымен сіз университет сайтында, білім -> оқу-әдістемелік жұмыс бөлімдерінен таныса аласыз https://old.tttu.edu.kz//education/edmework/.
Қарағанды индустриялық университеті білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижелері негізінде бос қалған білім беру гранттарын алуға конкурс жариялайды. ҚарИУ https://old.tttu.edu.kz//student/vakantnie-granti оn-line порталында бос білімдік гранттар тізімімен танысуға және өтініш беруге болады. Өтініш 2022 жылдың 18 қаңтарына дейін қабылданады. Анықтамаға арналған телефон 8(7213)91-68-95.