“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Қарағанды индустриялық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы «ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбындағы семинарға қатысты

ҚИУ-дың «Парасаттылық мектебінің» іс-шаралар жоспарына сай 2019 жылдың 8 қарашасында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және «Саналы ұрпақ» студенттік клубы мүшелері «ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Бұл шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ұғымы мен механизмдерін ашу, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары бойынша заңнамалық базасын түсіндіру және оқу орнында орын алуы мүмкін тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу шараларымен таныстыру.

Семинар жұмысы барысында  қатысушылар назарына келесідей сұрақтар бойынша ақпараттық-аналитикалық сипатта презентациялық материалдар берілді:

1) Қарағанды индустриялық университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың негізгі формалары мен әдістері

2) Қарағанды  индустриялық университетінің басқару және академиялық мәселелер менеджменті бойынша «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оған қарсы шаралар»

3) «JAS OTAN» ЖҚ жүргізген анонимді сауалнама нәтижелері бойынша ақпарат

Семинарды  университеттің «Парасаттылық мектебінің» деканы Капашева Жания Кудайбергеновна және университеттің заңгер-кеңесшісі Шалбарбаев Олжас Мукажанович ұйымдастырды.

Капашева Ж.К.   Қазақстан Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, “Nur Оtаn” партиясының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының, Қарағанды облысының 2019 жылға арналған тұрмыстық жемқорлық деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар жоспарының негізгі бағыттары мен іс-шаралар кешеніне тоқталып, университет көлемінде жүргізілетін  мониторингтерге және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен нығайту мақсатында жүргізіліп отырған шараларға тоқталды.

Қорыта айтқанда, ҚИУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стратегиялық саясатының нәтижесі   өскелең ұрпақтың болашақта табысты болуына, білім мен ғылым жолында жоғары жетістіктерге жетуімен сипатталуы тиіс.

ҚИУ-дың баспасөз қызметі

11.11.2019, 09:58:26, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АҚШ ЖОО-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУДЕ

2019 жылы 7 қарашада Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Сintana Education (АҚШ) өкілдері: MENA PhD аймағының жетекшілері Wadiah Atiyah, Jeny Orlova және қазақстандық ЖОО өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Wadiah Atiyah университеттерді құру және басқару, академиялық мекемелерге арналған миссияларды стратегиялық көзқарас және жоспарлау, инновациялық академиялық бағдарламаларды құру және дамыту, сапаны қамтамасыз етуді басқару, аккредиттеудің өмірлік циклдарын қалыптастыру, жеке мемлекеттік әріптестіктерді құру және инвестицияларды басқару мәселелері бойынша АҚШ-та және шетелде кең жұмыс тәжірибесіне ие маман.

Кездесуге шетелдік қонақтармен қатар, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің өкілдері : Сейілов Шахмаран Жүрсінбекұлы – Қазақ Инфокоммуникация Академиясының президенті,  ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ: Нүсіпбеков Бекболат Рахишұлы – оқу ісі жөніндегі проректор және Елена Викторовна Минаева-халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы қатысты.

Аталған кездесудің мақсаты АҚШ жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау үшін бірыңғай алаң құру, әлемдік стандарттарға сәйкес ғылыми және білім беру қызметінің сапасын арттыру болды.

Міндеттері:

– ғылым, инновациялық технологиялар саласында халықаралық бағдарламаларды бірлесіп әзірлеу және енгізу, әлемдік ғылыми – білім беру және ақпараттық жүйеге интеграциялау;

– АҚШ ЖОО-мен қос дипломды білім берудің инновациялық академиялық бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу және жылжыту;

– ҚМИУ ПОҚ және білім алушыларының академиялық ұтқырлығы болды.

Кездесу барысында университет қонақтары үшін материалдық-техникалық базамен таныстыру экскурсиясы өткізілді.

Делегация Cisco Желілік Академиясының аймақтық орталығына және «СОТСБИ» ақпараттық-коммуникациялық орталығына, 3D инжиниринг және Festa зертханасына, «Электрондық микроскопия және нанотехнология» инженерлік бейіндегі зертханаға, сондай-ақ «Металлургия» оқу – ғылыми өндірістік орталығына болды, онда  қонақтар «Металлургиялық үдерістер» тәжірибелік-өнеркәсіптік алаңымен, домна және конвертерлік өндірістің толық циклінің қолданыстағы үлгілерімен таныса алды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанда білім беру жүйесін жетілдіру, жоғары оқу орындарының академиялық және іскерлік стратегияларын әзірлеу, екі дипломды білім беру аясында АҚШ ЖОО-мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау үшін бірыңғай алаң құру мәселелері қаралды.

Халықаралық ынтымақтастық Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті қызметінің республиканың жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде ажырамас бөлігі және Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесіндегі біздің университеттің жағдайын арттыруға және әлемдік білім беру және ғылыми қоғамдастыққа одан әрі кірігуге бағытталған халықаралық стандарттарға сәйкес білім сапасын қамтамасыз етудегі маңызды құрал болып табылады.

Іс-шара соңында делегация мүшелері бұл кездесу отандық және шетелдік жоғары оқу орындары арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа векторы болатыны туралы келісімге келді.

 

 

ҚМИУ баспасөз қызметі.


07.11.2019, 17:00:48, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚИУ-ДА КӨРКЕМ ЖАНРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БАҒЫТТА ЖАЗЫЛҒАН ШЫҒАРМАЛАР АВТОРЫ ЖАН АҚЖАНОВПЕН СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында студенттерде парасаттылық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2019 жылдың 5 қарашасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жазылған көркем шығармалар авторы Жан Мухабарұлы Ақжановпен кездесу өткізілді. Бұл шараға университеттің «Саналы ұрпақ» студенттік клубы мүшелері белсене қатысты.

Жан Ақжанов – «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі Күнің», «Путь врача» және «Степь и судьба» сияқты шығармалар авторы.

Кездесу қонағы студенттермен ашық диалог орнатып, өз бойындағы жоғары моральдық-этикалық қасиеттерді тәрбиелеу барысындағы ойларымен және тәжірибесімен бөлісті. Қаламгер қазіргі жастардың өзін-өзі тұлғалық тұрғыдан жетілдіруі үшін мемлекетімізде барлық жағдайлар жасалғандығына тоқтала отырып, табысты болудың кілті білімде, тәрбиеде және мақсатқа бағытталған еңбектенуде екендігін өз кейіпкерлері өмірінен мысал ете отырып, баяндады. Жазушының шығармаларында көтерілетін мәселелер жастардың шынайы қызығушылықтарын туғызды.

Аталған шараға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Басшысының орынбасары Оразхан Асхат Оразханұлы қатысты. Ол қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру мен нығайтуда парасаттылық, әдеп құндылықтарының рөліне тоқталды

 

 

ҚИУ баспасөз қызметі

06.11.2019, 11:17:48, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ DUAL STUDY КӨШПЕЛІ-ЭКСКУРСИЯ ДӘРІСІНЕ ҚАТЫСТЫ

2019 жылы 2 қарашада «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Құрылыс» кафедрасының жас оқытушылары Ирина Анатольевна Мун, Балжан Ораловна Калданова және Айгерим Нурсуланова Касенова,  Қазақстандағы АҚШ елшілігімен бірлесе отырып, «Құрылыс» мамандығында оқитын студенттер үшін Нұр-Сұлтан қаласында dual study (дуальды оқыту) көшпелі экскурсия дәрісті ұйымдастырды.

Бұл сапар АҚШ түлектері арасында тағайындалған грант шеңберінде және келесі мақсаттар бойынша жүзеге асырылды:

1) Оқытудың «site lecture» бөлігін енгізу тәжірибесі» тақырыбындағы дәріске қатысу.

2) «АЛЖЕР және арЛаг», «Қазақстан тарихындағы әйелдердің рөлі» және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихты саналы қабылдау» тақырыптарындағы пікірталасқа қатысу.

Алғашқы сапар  ағаштан жасалған Сәкен Сейфуллин мұражайы орналасқан ғимараттан басталды. Бұл құрылымға қатысты студенттер ерекше қызығушылық танытты, өйткені «Құрылыс» кафедрасының оқу бағдарламасының  модульдердің бірі «Ағаш конструкциялар» деп аталады.

С.Сейфуллиннің қысқа өмірі сөзсіз Қазақстан тарихының кезеңдерімен сабақтасып жатыр, сол кезеңді сезіну ерекше жағдай. ҚМИУ оқытушысы Айгерім Касенова сәулеттік стиль, дизайн ерекшеліктері, құрылыстың құны және осы ғимаратқа қалай күтім жасау туралы 30 минуттық дәріс оқыды.

Бұдан кейін студенттерге инженерлік желілер, құрылыс жобасының экологиялық қауіпсіздігі және ғимараттарды күтіп ұстаудың шығындық көрсеткіштері туралы сұрақтар қойылды, олар өздерінің пікірлерін ортаға салды.

Мұражайда еуропалық стильдің сәнді көрінісі болып табылатын С.Сейфуллиннің жеке киімдері қойылған, бұл студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.

Қысқа үзілістен кейін саяхатшылар автобусы Малиновка мекен жайына бағыт алды. Осы жерде Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған жалғыз лагерь: «АЛЖИР» – Ақмола лагері орналасқан. Мұражайдың кіреберісінде лагерде өткізген қайғылы күндерді еске түсіру үшін қара тастан жасалған «Қайғы» арқасы салынған. Ғимарат екі қабатты, бірінші қабаттың ортасында «қара раушан» мүсіні орналасқан.

Бірінші қабат – лагерь құрылысына қатысты тарихи оқиғалар туралы қысқаша жалпы кіріспе көріністер орналастырылған. Екінші қабат көрерменге тұтқындағылардың өмірі туралы баяндайды, олардың ішінде көптеген әйелдер өз уақытында және одан кейінгі жылдары елі үшін адал еңбек еткен. Әдемі, ақылды, білімді, әйелдер қатары бізге әйнектің арғыжағынан  қарайды, ал лагерьдегі осы әйелдердің өмірі туралы қорқынышты шындықты гидтің аузынан естисіз.

Сапар жоспарында кинотеатрдың қараңғысында эмоцияларды жеңілдетуге болатын «АЛЖИР аязды салқыны» фильмін көру қарастырылған. Фильмнен кейін студенттер залда ұзақ уақыт серуендеп, стендтердегі мәліметтерді оқып, қондырғыларды суретке түсірді. Суреттер күлімсіреп тұрған жоқ – өткен оқиғалардың ауыр азабы фотода позитивті болуға деген ұмтылысты ессіз жеңді. Біз  үнсіз, өлгендерді оятып, жас балаларымыздың жылағанын естуден қорыққандай, бұл жердің қасиетті үнсіздігін бұзбауға тырысып, АЛЖИР үнсіз оймен кеттік.

Қорытындылай келе, бұл сапар, тек студенттердің ғана емес, сонымен бірге оқытушылардың жүрегінде және санасында ұмытылмас әсер қалдырды. Сонымен қатар жаңа дәрістер алаңында студент пен оқытушы арасындағы дуальды оқыту мен өзара әрекеттесу саласындағы мақсаттар жүзеге асырылды.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

04.11.2019, 14:39:06, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Нұркен Әбдіровке 100 жыл»

2019 жылдың 1 қарашасында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Қазақ, орыс және шет тілдері» кафедрасының оқытушысы Айнұр Темірболатқызы Мырзаханова университет студенттерінің белсенді қатысуымен Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш, Қарағанды облысының тумасы Нұркен Әбдіровтың 100 жылдығына арналған ақпараттық – танымдық кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты-отан сүйгіштікке, соғыс батырларына мақтаныш сезімін тәрбиелеу болды. Біздің борышымыз, біздің абыройымыз – жер бетіндегі бейбітшілік үшін ұлы ерлік жасаған адамдар туралы естелікті сақтау. Өмірбаяны жиырма үш жыл ғана құраған, Қазақ халқының батырларының бірі-Нұркен Әбдіров,

Фашизммен шайқаста қаза тапқандарды еске алуға студенттер бір минут үнсіздікпен еске алды.

1938 жылы Нүркен Әбдіров Қарағанды облысының прокуратура органдарына қызметке түсті, алдымен облыстық прокуратураның хатшысы, содан кейін іс басқарушысы, ал 1939 жылдың 22 тамызынан Қарағанды облысы Сталиндік ауданы прокуратурасының халық тергеушісі болып жұмыс істеді. 1940 жылдың 27 ақпанында тергеуші Әбдіров прокуратура органдарынан жұмысшы-шаруа Қызыл әскер қатарына шақырылуына байланысты жұмыстан босатылып, Орынбор авиациялық училищесіне жіберілді. 1942 жылы училищені бітіріп, Нұркен Әбдіров 267-ші авиациялық дивизияның 808-ші полкіне қабылданды.

16 жауынгерлік ұшуы ішінде Нұркен Әбдіров 12 жау танкісін, 28 автотехниканы, үш жанармай цистернасын, үш зеңбіректі жойды. 1943 жылдың 19 желтоқсанында ол Сталинградқа жақын, Боков-Пономаревка ауылының ауданында жау танкілерін жою тапсырмасы бар 17-ші жауынгерлік ұшуын орындады.

Іс-шара барысында Н. Әбдіровтың өмірі туралы қысқаша библиографиялық анықтаманың презентациялық материалдары, сондай-ақ        А. Т. Мырзахановтың назарына «Біздің есімізде, біз мақтан тұтамыз» атты ерлік пен батылдық, жерлесіміз өмірі мен ерлігі туралы бейнеролик ұсынылды, Қарағанды қаласы даңғылдарының бірі, батыр Н. Әбдіров ескерткіші орнатылған.

 

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

01.11.2019, 17:14:22, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар