ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЙҚАУ КЕҢЕСІНІҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2020 жылдың 8 қаңтарында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Байқау кеңесінің 2020 жылғы бірінші отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, Байқау кеңесі – заңда өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік кәсіпорынның басқару органы. Байқау кеңесінің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіліп, отырыстар жоспарына сәйкес мәселелер қарастырылады.
Кеңес құрамына мыналар кіреді: Ержан Тұрсынханұлы Иргебаев – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары; Ермек Бақытұлы Күзенбаев – «Кәсіпқор» Холдингі ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы; Бахыт Ахатұлы Жаутиков – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры; Дидар Нұркенұлы Смағұлов – Ұлттық тестілеу орталығының директоры; Санат Қабиденұлы Мусин – Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау департаментінің директоры; Есентай Мұқатайұлы Әшім – Теміртау қаласының білім бөлімінің бастығы; Алексей Борисович Ломакин – Теміртау қалалық мәслихатының хатшысы.
Кеңес мүшелері Байқау кеңесінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті, ҚМИУ ұжымдық шартының орындалуы туралы есеп тыңдалды. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде жоғары білім алу барысында босатылған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы мәселе қарастырылды.
Байқау кеңесі жұмысының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне мемлекеттік білім гранты үшін жазғы және қысқы сессиялардың нәтижелері бойынша конкурстық негізде таңдалған үміткерлерге бос қалған білімдік гранттарды ұсыну туралы шешім қабылданды. 2019 жылдың маусым-желтоқсан аралығында университетте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үрдісінде босатылған мамандықтар, курстар және оқыту нысандары бойынша 12 бос грант бар.
Отырыстың қорытындылары бойынша Байқау кеңесінің мүшелері университеттің әрі қарай табысты жұмыс жасауына қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.
ҚМИУ баспасөз қызметі