“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚИУ ЭТИКА ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

2020 жылы 22 қаңтар күні Қарағанды индустриялық университетінде «Адалдық» мектебінің деканы Ж.К. Капашева этика және академиялық адалдық кодексін түсіндіруге бойынша жинын өткізді. Кездесуге студенттер, профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен «Саналы ұрпак» студенттік клубының өкілдері қатысты.

Біздің Қарағанды индустриялық университетіндегі студенттерге, оқытушылар мен қызметкерлерге арналған «Этика және академиялық адалдық кодексі» Университеттің даму стратегиясына, ҚИУ Жарғысына сәйкес әзірленген, онда оқу процесінде академиялық адалдық қағидаттары, моральдық-этикалық нормалар мен университет қоғамдастығының құқықтары мен міндеттері белгіленген. Қоғамдастық, академиялық адалдықты бұзушылықтардың түрлерін және бұзушыларға қатысты қолданылатын шаралар тәртібін жүзеге асыру анықталған.

Бұл кездесудің мақсаты студенттер, оқытушылар және университет қызметкерлері арасында адалдық, ашық, шынайы және сенімді қарым-қатынас құру, сонымен қатар мәселелерге қатысты жауапкершілік туралы түсінікті қалыптастыру; қарым-қатынаста адалдықты дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру.

ҚИУ академиялық адалдық университеттің оқу-тәрбие процесіндегі маңызды құндылықтардың бірі болып табылады.

Іс-шара соңында Жания Құдайбергенқызы жиынға қатысушыларға ҚИУ профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің этикасы жөніндегі Кеңес құрылғанын еске салды.

Сонымен қатар, кез-келген жеке тұлға университеттің сайтында https://old.tttu.edu.kz//abuniv/korrupciey/ аталған құжаттармен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» сілтемесінде еркін таныса алады.

 

ҚИУ баспасөз қызметі

24.01.2020, 15:30:14, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ АУМАҒЫН КЕҢЕЙТУДЕ

20 қаңтар 2020 жылы екі дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеудің ең қолайлы жағдайларына қол жеткізу үшін біздің университетте Дубайдағы АҚШ университетінің және Иордания университетінің өкілдерімен онлайн-конференция өткізілді, онда ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігі туралы мәселелер талқыланды.

Қос дипломды білім – бұл бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша екі (немесе одан да көп) жоғары оқу орнында біруақытта білім алумен, тиісті оқу орындарының дипломдарын алуға мүмкін береді.

Қос дипломды білім беру – қазақстандық жоғары білімнің халықаралық білім кеңістігіне практикалық интеграциясының маңызды бағыты. Университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және халықаралық білім кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында университеттің дамуының негізгі стратегиялық бағыты болып табылатын осы бағыттағы жұмыс Болон процесінің негізгі қағидаттары мен талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қос дипломды білім беру бағдарламасын сәтті аяқтаған жоғары оқу орындарының түлектері үшін Қазақстанда және шетелдік компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігі екі есеге артады.

ҚМИУ өкілдері сұрақтар қойып, мәнді, жан-жақты жауап алды. Қазіргі уақытта ҚМИУ оқытушылары қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және АҚШ өкілдерінің келуіне қатысты дайындық жұмыстарын бастады.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

22.01.2020, 15:00:22, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ ЕРІКТІЛЕРІ ӨЗДЕРІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН БІРІНШІ ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫН АЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл Қазақстанда «Еріктілер жылы» деп жарияланды.

Жастар жылының жабылуында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы біздің уақытымызда еріктілерді тек бір реттік сенбіліктер мен экологиялық іс-шаралар үшін пайдалану дұрыс емес деп атап өтті. Өйткені, еріктілік – бұл Батыста пайда болған қозғалыс, және олар бізге ешқандай қатысы жоқ деп жалпыға ортақ пікір қалыптасқан. Еріктіліктің мәні – жақсы ниетпен бір нәрсе жасау – біздің ұлттық дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызға сәйкес келетіндігі бәрімізге белгілі. Еріктілік – бұл тек ақысыз жұмыс жасау ғана емес, сонымен бірге азаматтардың жауапкершілігі мен әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайын екендігінің көрсеткіші.

2019 жылдан бастап біздің Үкімет еріктілердің бастамаларын, Қазақстандағы еріктілер қозғалысын қолдауға және дамытуға бағытталған «Әлеуметтік студенттік ваучер» жобасын іске қосты. Бұл жоба бойынша ерікті ретінде 20 сағат жұмыс істейтін студенттерге 20 мың теңге, ал 50 сағат жұмыс істейтін студенттерге 50 мың теңге сыйақы беріледі.

Еріктілерге ыңғайлы болу үшін елде «QazVolunteer.kz» онлайн-платформасы іске қосылды, оны Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ  бірлесіп жасады. «Qazvolunteer.kz» онлайн-платформасының жұмысы еріктілердің қатысушылары арасында өзара әрекеттесу арналарын құруға, Қазақстандағы еріктілер мен еріктілер ұйымдарының қызметін үйлестіруге, еріктілердің жобалары / бағдарламалары / акцияларына ақпараттық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

«Qazvolunteer.kz» онлайн-платформасының қызметі еріктілерге жаңа бастамаларды жүзеге асыруға, олардың қызметі туралы ақпаратты қоғамдық игіліктерге орналастыруға, жобалар, акциялар мен іс-шараларды ұйымдастырушыларға еріктілер мен еріктілер ұйымдарын табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жұмыс нәтижелері бойынша платформада еріктілердің рейтингісін қалыптастырады.

«Qazvolunteer.kz» онлайн-платформасына келушілер еріктіліктің халықаралық тәжірибесімен, елдегі еріктіліктің оң тәжірибесімен және өткізіліп жатқан және жоспарланған іс-шаралармен таныса алады.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде жобаға 40 астам ерікті студенттер қатысады.

2020 жылдың қаңтарында жоба талаптарын сәтті орындаған біздің университетіміздің 4 студенті – еріктілері 20 мың теңге алды. 2019 жылдың қарашасы мен желтоқсан айлары аралығында олар «Жеңіс» республикалық қайырымдылық жобасының аясында балалар мен аға буын арасындағы қарым-қатынас құндылықтарын түсінуді қалыптастыру және дамытуға бағытталған «Студенттік әлеуметтік несие» бағдарламасы бойынша жұмыс жасады; мақсатты топтың оқу процесіне қатысуын жеңілдету; жаңа әлеуметтік технологияларды енгізу, қарттарға психологиялық қолдау көрсету; Теміртау қаласында қарттар мен балалардың бірлескен демалысын ұйымдастыру арқылы оларды белсенді, қызықты және ұзақ өмірге ынталандыру.

Теміртау қаласында «Шаңырақ» еріктілер ұйымы жұмыс істейді, онда 200 астам белсенді студенттер еріктілер қозғалысына қатысады. ҚМИУ еріктілер балалар үйлеріне, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмектеседі, қайырымдылық жұмыстарына қатысады, полицияға із-түссіз жоғалған адамдарды іздеуге, қаламыздағы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға қатысады, сонымен қатар жылына көптеген іс-шараларды өткізеді.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі.

22.01.2020, 14:58:08, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ ӨТКІЗІЛГЕН 2020 ЖЫЛҒЫ БІРІНШІ ҰБТ НӘТИЖЕСІ

Қарағанды  мемлекеттік индустриялық университетінде  алғашқы ақылы ҰБТ-2020 нәтижесі қорытындыланды.

ҰБТ тапсыруға қатысу үшін құжаттарды қабылдау – 2019 жылдың 1 желтоқсаны  мен 15 желтоқсан аралығында ҚМИУ орналасқан БҰБТП (бас ғимарат, 121 кабинет)  базасында  және бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін ақылы оқу негізінде ҚМИУ күндізгі оқу бөлімінде оқитын білімгерлер үшін Қабылдау комиссиясының шепті-кеңсесінде (бас ғимараты, 117 кабинет) жүзеге асырылды.

Теміртау  қаласы мен Ақтау кентінің  30 оқу орнының ішінен 626 түлек ҰБТ қатысуға өтініш берді, бұл осы аймақтағы барлық түлектердің 62% (1011 адам) құрайды.

Қарағанды  мемлекеттік индустриялық университеті (ҚМИУ) негізінде ұлттық бірыңғай тестілеу бұйрыққа сәйкес 2020 жылғы 18 және 19 қаңтарда екі ағынмен өткізілді.

18 және 19 қаңтарда үміткерлерді жинау сағат 7.30  ұйымдастырылды. 18 және 19 қаңтар күндері түлектерді тест тапсыруға енгізу ұйымдасқан түрде 8.00-де басталып, 9.00-де аяқталды. Кіре  берісте өтініш берушілерді тексеруді және оларды аудиторияға енгізуді мемлекеттік комиссия өкілдері жүргізді. Нұсқауларға  сәйкес, тексеру ІІД қызметкерлері арқалы металіздегіш және 2 қолды металіздегіш көмегімен жүзеге асырылды.

ҚМИУ медпунктінде  медицина қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды, онда қажет болған жағдайда тестілеуге қатысушыларға білікті медициналық көмек көрсету қарастырылған.

Тестілеуді  ҚР Білім және ғылым министрлігінің, мемлекеттік комиссияның, арнайы бақылау тобының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері бақылады.

Металіздегіштермен  тексеру кезінде ұялы телефондар 2020 жылдың 18 қаңтарында – 2 өтініш берушіден, 19 қаңтарда – 2 өтініш берушіден табылды. Бұл  үміткерлер тестілеуге жіберілмеді, тиісті актілер жасалды.

Бейнебақылауды  қолдану арқылы тестілеу кезінде ұялы телефондарды пайдаланған 1 үміткер анықталды, осыған байланысты ол тестілеуден шығарылды және тест нәтижелері жойылды. Екінші  ағымда мұндай фактілер анықталған жоқ.

Тестілеуден  кейін жауап парақтарын сканерлеу жүргізілді. Сәйкестендіруді  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері және мемлекеттік комиссия мүшелері жүргізді.

Жалпы, ҰБТ өткізу технологиясы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережелеріне сәйкес қатаң сақталды.

Оқушылардың  ата-аналары мен мұғалімдері ҰБТ онлайн режимінде ҰБТ сайтында да, университеттің интернет-ресурсында (https://old.tttu.edu.kz//) бақылай алды.

2020 жылы қаңтарда өткізілген ҰБТ  нәтижелері:

1 ағым (01.18.2020) – 350 адам өтініш берді, 346 түлек ҰБТ  келді (оның ішінде нәтижелері жойылған 1 түлек бар), бұл 98,8% құрады.

Оның  ішінде 21 адам 2 пәннен (Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы) өтіп, шығармашылық емтиханға қатысады.

4 талапкер ҰБТ тапсыруға келмеді.

5 пән бойынша ҰБТ  тапсыратындардың нәтижелері:

– шекті деңгейден озып, жеке пәндер бойынша 5-тен жоғары балл жинады – 224 адам, бұл 68,9% құрайды.

– максималды балл – 97;

– ең төменгі балл – 18;

– орташа балл – 55,7.

Екі  пәннен (Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы) өткен және шығармашылық емтиханға қатысқысы келетіндер үшін ҰБТ нәтижелері:

– баллдардың шекті деңгейінен асып, жеке пәндер бойынша 5-тен жоғары балл жинады – 19 адам, бұл 90,5% құрады;

– ең төменгі балл – 17;

– максималды балл – 32;

– орташа балл 24,4.

2 ағын (01/19/2020) – 417 адам өтініші берді, олардың ішінде 124 басқа елді мекендерде ҰБТ тапсыруға өтініші бергендер, бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты ҚМИУ базасында ҰБТ тапсырды.ҰБТ 392 адам қатысты, олардың 357-і  5 пән бойынша, 35 – 2 пән бойынша тест тапсырды.

25 талапкер ҰБТ келмеді.

5 пән тапсыратындар үшін ҰБТ нәтижелері:

– баллдардың шекті деңгейінен асып, жеке пәндер бойынша 5-тен жоғары балл жинады – 181 адам, бұл 50,7% құрады.

– максималды балл – 112;

– ең төменгі балл – 22;

– орташа балл – 55,26.

Екі пәннен (Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы) өткен және шығармашылық емтиханға қатысқысы келетіндер үшін ҰБТ нәтижелері:

– баллдардың шекті деңгейінен асып, жеке пәндер бойынша 5 жоғары балл жинады – 29 адам, бұл 82,9% құрады;

– ең төменгі балл – 10;

– максималды балл – 35;

– орташа балл – 23,9.

Тестілеу  нәтижелері бойынша апелляцияға өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 19 және 20 қаңтарында сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүргізілді. Апелляциялық  комиссияға өтініштер түскен жоқ.

ҰБТ наурыз-тамыз айларында тағы өтеді. Шілдедегі  негізгі ҰБТ айырмашылығы, ақылы тесттер талапкерге мемлекеттік білім грантын алуға мүмкіндік бермейді.

Айта  кету керек, шекті деңгейден өтпеген және жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге жеткілікті балл алмаған талапкерлер биылғы наурыз айында тестілеуді қайта тапсыра алады.

Мүмкін, ҰБТ тапсыру кезінде оқушы негізгі пәндердің дұрыс комбинациясын таңдамаған шығар, немесе бұл сәтсіздікпен аяқталған алғашқы әрекеті, бірақ бұл өз кезегінде оны негізгі пәндер бойынша дайындықты күшейтуге немесе негізгі пәндер жиынтығын өзгертуге ықпал етуі мүмкін. …

 

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

21.01.2020, 11:50:33, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Мақалаларды рецензиялау тәртібі

[Раздел или его перевод находятся на стадии разработки. Попробуйте варианты на других языках: Русский, English]

21.01.2020, 10:34:53, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар