2020 жылдың 31 қаңтарында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері» «ZhasProject» жастар корпусын дамыту жобасына арналған ақпараттық кездесуге қатысты.
Іс-шара барысында кездесуге қатысушылар «ZhasProject» жобасын іске асыру және оның негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алды, оның мақсаты – жастарды қоғам өміріне тарту, сонымен қатар біздің қоғамның игілігі үшін әлеуметтік-пайдалы іс-әрекет дағдыларын оқыту бағдарламасы арқылы өмірлік дағдыларды дамыту.
Жоба 2017 жылы басталып, Қазақстанның он алты аймағынан 8500 жуық қатысушыны қамтиды. 2020 жылдан бастап ол Алматы және Қарағанды облыстарында жүзеге асырылады.
«ZhasProject» төрт құрамнан тұрады:
– әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін жастар топтарына 1 000 000 теңгеге дейінгі гранттар мен әлеуметтік стипендияларды ұсыну;
– жастарды өмірлік дағдылар мен жобаларды басқаруға үйрету;
– осал жастар топтарымен жұмыс;
– ақпараттандырудың тиімді науқанын және кері байланыс пен мәселерді шешу тетігін енгізу.
Жобаға қатысушылар өмірлік дағдылар мен жобаларды басқару бағдарламасында үш кезеңдік оқудан өтіп, бес ай ішінде әлеуметтік жобаларын жүзеге асырады, сонымен қатар ЖОО бітірушілері – ай сайын 60000 теңге көлемінде стипендияны, 40,000 теңге стипендияны – қалған барлық қатысушылар алады. Сонымен қатар, барлық қатысушылар өздерінің жобаларын іске асыру барысында менторлардың қолдауына ие болады.
Сондай-ақ, жоба аясында менторларды іріктеу және жастар үшін гранттық конкурсы өткізіледі.
«ZhasProject» жобасын іске асыруғаын 14 пен 29 жас аралығындағы кез-келген (мектеп оқушыларынан басқа) жас адам қатыса алады.
Жобаға қатысу үшін:
- Құрамында 3 тен 5 адамға дейінгі топты (бастамашыл топ) жинау керек. Қатысушылардың саны көп болу ұсынылады, команда құрамы 3 адамнан кем болса жобаға қатыса алмайды. Егер қатысушылардың бірі жобадан дәлелді себептермен кетсе, жоба жабылады. Командаға басқа қатысушыларды алуға рұқсат етілмейді.
- Жүзеге асырылатын әлеуметтік жоба идеясын ойлап табу – көптен бері шешімі табылмай келген мәселенің шешімін табу. Сіз өзіңіздің әлеуметтік жобаңыз үшін идеяны таңдаумен шектелмейсіз, бірақ кейбіреулерін жүзеге асыруда бірқатар қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін.
- Топтың әр мүшесі тіркеліп, барлық қажетті жолдарды толтыруы керек. Өтініш үлгісін алдын-ала оқып шығыңыз – толтыру кезінде сізге бірқатар құжаттарды тіркеу керек, оларды алдын-ала дайындау қажет. Қайсыңыздың бастамашыл топтың көшбасшысы болатындығын анықтаңыз. Назар аударыңыз: топ жетекшісі 18 жасқа толмаған қатысушы бола алмайды.
- Өтінімді беру әдісін таңдаңыз – сіз жобаны өз бастамашыл тобыңыз арқылы немесе қабылдаушы ұйым арқылы жүзеге асыра аласыз, ол өтінішті жазуға, қаржылық операцияларды жүргізуге және Жобаны іске асыру кезінде есептерді ұсынуға көмектеседі.
- Конкурстық өтінімдерді таңдау кезеңдерін қадағалаңыз.
- Сіздің командаңыз конкурстық іріктеуден өткен жағдайда, жобаны сапалы орындау керек.
Іс-шара Теміртау қаласының Ішкі саясат бөлімі, Жастар саясаты департаменті, сондай-ақ «ZhasProject» үйлестіру агенттігі өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Әлеуметтік жобалардың гранттық байқауына өтінімдерді қабылдау zhasproject.kz сайтында 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап, 1 наурызға дейін жалғасады – 1 айға дейін өз идеяңызды ұсынуға уақыт бар!!!
ҚМИУ баспасөз қызметі