“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Қарағанды индустриялық университетінің кәмілеттік жасқа толмаған студенттері Pfizer вакцинасын алды

Бүгін 6 желтоқсан Қарағанды индустриялық университетінің кәмілеттік жасқа толмаған студенттері Pfizer вакцинасын алды.

💉Студенттер екпе алу туралы шешімді олар өз еріктерімен қабылдаған.
Екпеден кейін студенттер 30 минут бойы арнайы бөлінген бөлмеде дәрігерлердің бақылауында болды.

🧪Pfizer вакцинасын салу алдында мынандай шаралар жүзеге асырылды:
– ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен 12 жастан 18 жасқа дейінгі егілетін адамға тексеру және сұрау жүргізіледі;
– иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, егуді жүргізуге рұқсат ресімделеді,
– егілетін адамға және/немесе оның ата-анасына (заңды өкіліне) профилактикалық егу, ықтимал реакциялар мен иммундаудан кейін жағымсыз жайттар, егуден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат беріледі.

🦠Басқа вакциналардан Pfizer-дың артықшылығы
Зерттеулер BioNTech компаниясы шығарған вакцинаның басқа вакциналардан қарағанда 10 есе көп антиденелер шығаратынын анықтады.
COVID-19-ға қарсы Pfizer екпесінде иммундық реакция тудыратын ақпараттық рибонуклеин қышқылы (иРНҚ) қолданылады. Ол болашақта организмді инфекцияның жұғуынан қорғайды. Сол себепті вакцинаны өте төмен температурада сақтау керек.
Вакцинаның негізгі ерекшелігі – минус 80 градусқа дейін өте төмен температураны қажет етеді. Сондықтан тасымалдау кезінде арнайы суытуға арналған қораптар қолданылады. Әрқайсысында үш қабатпен төселген 23 килограмм құрғақ мұз бар. Ол он күн бойы суықты қамтамасыз етеді. Әр қорап GPS спутниктік жүйесіне қосылған термосенсорлармен жабдықталады.

     

06.12.2021, 18:29:56, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚарИУ-да «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының студенттеріне арналған IP-телефония туралы қонақ дәрісі өтті

2021 жылдың 3 желтоқсанында Қарағанды индустриялық университетінде «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасының студенттеріне қонақ дәрісі өтті. Университеттің қонағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндірістік байланыс учаскесінің бастығы Кузнецов Евгений Михайлович болды.

IP-телефония негіздеріне арналған дәрісті «автоматтандыру жүйелері инженериясы», «Жасанды интеллект технологиялары», «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламалары, сондай-ақ «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша білім алатын «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының 50-ден астам студенті тыңдады.

IP-телефония (немесе VoIp, ағылшынша Voice over ip; IP-телефония)- интернет желісі немесе басқа да IP желісі бойынша дыбыстық сигналды жіберетін байланыс жүйесі. Сигнал байланыс каналы бойымен сандық түрде жіберіледі, және де жіберілер алдында шығынды жою үшін сығылады.

Іс-шара барысында лектор студенттерді әлемдегі телефон байланысының даму тарихымен, IP-телефонияның дәстүрлі телефон байланысынан негізгі айырмашылықтарымен, IP-желінің жұмыс істеу қағидатымен, өндірісте жедел-диспетчерлік байланысты қолдану ерекшеліктерімен таныстырды.

03.12.2021, 18:36:40, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Тайм-менеджмент және жеке тиімділік» мастер-классы

Қарағанды индустриялық университетінде «Тайм-менеджмент және жеке тиімділік» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды.
Іс – шараны Ж. К. Ромазанов, Т. С. Ерғалиев-штаттан тыс сарапшы, өңірлік кәсіпкерлер палатасының әдіскері өткізді,

Мастер-класс барысында студенттер жеке тиімділік принциптерін қарастырды, тайм-менеджменттің пайда болу тарихын және оны өз қызметіне енгізу тәсілдерін білді. Өмірлік құндылықтар мен стратегиялық мақсаттарды анықтау кезеңдеріне ерекше назар аударылды.

Тыңдаушылар тайм-менеджмент қағидаттарын өмірге енгізудің тәжірибелік кейстерін талқылады, сондай-ақ уақытты тиімді бөлудің негізгі ережелерін қарастырды.

Тайм-менеджмент ағылшын тілінен «уақытты басқару»деп аударылады. Әрине, уақытты ешкім басқара алмайды; сондықтан оның нақты функциясы – уақытты барынша тиімді пайдалану.
Өз уақытын тиімді басқаруды білетін адамдар, толыққанды және оқиғаларға толы өмір сүреді, өз жұмысын ең аз уақытта орындайтын, өзіне ұнайтын нәрсені жасауға мүмкіндік алады.
Қазіргі әлемде уақытты басқару мәселесі өзекті бола түсуде. Бұл дағды неғұрлым жақсы дамыған болса, соғұрлым бізге тиімді болмақ.
Тайм-менеджмент екінші кезектегі немесе бөгде мәселелер мен проблемаларға алаңдамай, барлық маңызды және қажетті істерді атқаруға үлгеру үшін күн ішінде (апта, ай) жұмыс және жеке уақытын реттеуге мүмкіндік береді.

 

 

02.12.2021, 18:25:24, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Цифрлық экономика дәуіріндегі менеджменттің өзгеруі

2 желтоқсан күні ҚарИУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Цифрлық экономика дәуіріндегі менеджментті трансформациялау» тақырыбында диалог алаңы өтті.

Диалог алаңында спикер ретінде – First Heartland Jusan Bank директорының шағын және орта бизнес жөніндегі орынбасары Султанаева Жұлдыз Маратқызы сөз сөйледі. Ол шағын және орта бизнесті несиелендіру саласында басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде цифрлық құралдарды қолдану, кәсіпкерлік ұйымдар үшін менеджментті диджитализациялау мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Диджитализация – бұл компанияны алға жылжытуға, нарықтағы орнын жақсартуға, клиенттермен өзара әрекеттесуге және көптеген процестерді автоматтандыруға көмектесетін заманауи технологиялар мен құралдарды енгізу арқылы бизнесті трансформациялау процесі. Диджитализацияның міндеті – компанияны интернетте көрінетін ету, клиенттер трафигінің жаңа көздерін ашу, мүмкіндіктерді кеңейту.
Бұл іс-шара бітіруші және жоғары курстардың техникалық мамандықтарының студенттері үшін өткізілді.

 

 

02.12.2021, 17:40:30, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Біздің өміріміздегі жарнама» тақырыбында басқарушылық брейн-ринг өткізілді

2021 жылдың 2 желтоқсанында аға оқытушылар Тургумбаева Г. Т., Петровская А. С., Акмаганбетова А. С., Алдабаева А. Е. басшылығымен «Экономика және бизнес» кафедрасының базасында «Біздің өміріміздегі жарнама» тақырыбында басқарушылық брейн-ринг өткізілді.

Брейн-ринг — сұрақтарға жауап беретін екі (және одан да көп) команда арасындағы ойын. Брэйн-ринг (ағылш. brain — ми) — телевизиялық зияткерлік ойын.
Брейн-рингке ВТжПО, АжУ, М, ТМО, МжТНМ, ХТОВ-18 топтарының студенттері қатысты. Студенттер командаларға бөлініп, түрлі сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар жарнама тарихы, жарнамалық арналар, мақсатты жарнамалар туралы болды.
Мұндай басқарушылық жарыстар менеджмент дағдыларын қолдануға, студенттердің көкжиегін кеңейтуге және таланттарын көрсетуге мүмкіндік береді.

 

02.12.2021, 16:24:29, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар