“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына арналған іс-шара

 

Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы Тәуелсіздігіміздің «Орда бұзар» жасы 30 жылдығына тұспа тұс келіп отыр. Осыған орай ҚарИУ-дың 2 курс студенттері қатысуымен Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына арналған «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға ҚарИУ 2 курс студенті – Данышпанова Бахыт модераторлық етті.
Дөңгелек үстелдің спикерлері – Қабланова Д., Қыдырәлі Б., Тұрсынхан А., Тәсібек М., Жиенбек С., Жимахан А., Елтай Н., Уәлиханқызы А., Касымова А., Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылық жолына тоқталып, баяндамаларын оқып, жасалған презентацияларымен таныстырды. Іс-шара соңында қатысушылар мен спикерлерге алғыс хаттар табысталды. Осы іс-шара «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі м.а. Солтан М.С. жетекшілігімен ұйымдастырылған болатын.

Іс шараның мақсаты – көрнекті қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялық үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Ә.Бөкейхановтың мұраларын зерделеу, болашақ ұрпақтың біздердің әрдайым назарымызда, жадымызда болуы керек. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – алаштықтар мен оның көсемі Әлихан Бөкейхановтың асқақ арман еді. Қорытындылай келе, Біз өткен тарихымызды толық зерттеп, жете меңгермесек те, күні кешегі Алашорданың, арыстарымыздың тарихын жақсы білуіміз керек. Бүгінгі ұрпақ ХХ ғасыр басындағы қазақтың Тәуелсіз ел болып, еңсе түзеуі жолында қанын қиып, жанын берген тұлғаларымызды көбіне білмейді. Болашағы зор ел боламыз десек, осындай ұлағатты істі ұрпақ жадында мәңгіге қалдыруымыз керек.

 

 

  

02.12.2021, 16:18:36, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚарИУ-да кәсіпкерлік дағдылар мен кәсіпкерлік сананы дамыту бойынша мастер-класс өтті

30 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында университетіміздің экономика және бизнес кафедрасында жұмыс істейтін кәсіпкерлік мектебінің бағдарламасымен бірлесе ұйымдастырған кәсіпкер Мадина Тургумбаеваның қатысуымен мастер-класс өтті. М.Тургумбаева заманауи primekids.astana балабақшаларының және перделер салонының негізін қалаушы.

Іс-шараның мақсаты – студенттерді кәсіпкерлік қызметтің негіздерімен таныстыру, жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру, тәуелсіз және табысты болуды үйрену.
Кездесу жағымды және достық атмосферада өтті. Кездесуде Мадина өзінің жетістігінің құпиясымен бөлісті, студенттік кезден бастап өзінің кәсіпкерлік жолын қалай бастағаны туралы айтып берді. Ол студенттердің сұрақтарына жауап беріп, бизнесті неден және қалай дұрыс бастау жолдарымен бөлісті.

Кездесу және пайдалы ақпарат үшін Тургумбаева Мадинаға алғысымызды білдіреміз!

 

     

30.11.2021, 15:34:41, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚарИУ-да бірінші курс студенттерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл» тақырыбында пікірталас ойыны өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚарИУ-да бірінші курс студенттерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл» тақырыбында пікірталас ойыны өтті. Дебат ойынының көрсетілімінде Тілеубек Арайлым, Бақыт Нұрай, Ілияс Ыбырай және Нұрланұлы Бағдәулет сөз сөйледі.

Пікірталас-жастарды көшбасшылыққа тартудың бір жолы. Қазіргі уақытта болашақ жастардың өз ойларын ашық білдіріп, еркін сөйлеуі маңызды. Пікірсайыс біздің жастарды икемді, саяси сауатты болуға ынталандырады.

Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты мен міндеті жастар арасында, атап айтқанда ЖОО студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, сананы қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру болып табылады.

Жалпы, пікірталас түріндегі ойын өте пайдалы және қызықты. Бұл өте жақсы нәтиже береді. Барлық студенттер ең алдымен жақсы, жаман деген заңдарды үйренеді. Олар құқық бұзушылық, әсіресе сыбайлас жемқорлық – бұл өз болашағында ғана емес, өз балаларында да үлкен кедергі екенін түсінуі керек. Егер олар заңды бірнеше рет бұзса, онда олар беделге нұқсан келтіреді. Біздің қоғам сыбайлас жемқорлық көріністері, тарихы бар адамдарды қабылдамайды, болашақта жұмысқа мүлде жол бермейді. Ең бастысы, егер қазақстандық жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеті болса, біздің еліміз өркендейтін болады.

          

30.11.2021, 15:26:50, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Криворожск ұлттық университетінің профессоры ҚарИУ оқытушыларына арналған оқыту семинарын өткізді

Криворожск ұлттық университетінің профессоры Тытюк Валерий Константиновичтің жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 29 қарашада КарИУ-да «Жасанды интеллект технологиялары» және «Энергетика» кафедраларының оқытушыларына арналған «Карьерлік экскаваторлардың мехатрондық жүйелерін басқаруды цифрландыру» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Профессор Тытюк В.К. семинарға қатысушыларды карьерлік экскаваторлардың электромеханикалық жүйесін компьютерлік модельдеу әдістерімен таныстырды. Интегралды электромеханикалық жүйенің ұсынылған моделін украиндық әріптестер Matlab және SimPower Systems сияқты бағдарламалық құралдарды қолдана отырып жасаған.

Өткен семинар профессор-оқытушылар құрамының үлкен қызығушылығын тудырды. Шетелдік профессордың біздің университетке сапары 2021 жылдың 16 желтоқсанына дейін жалғасады.

 

 

29.11.2021, 20:26:34, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

22-27 қараша аралығында ҚарИУ спорт залында университет студенттері үшін бірқатар жарыстар өткізілді

✍🏻Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 22-27 қараша аралығында ҚарИУ спорт залында дене шынықтыру және спорт секциясы университет студенттері үшін бірқатар жарыстар өткізді.
1-4 курс білім алушылары арасында футбол, волейбол, гір спорты бойынша спорттық жарыстар өткізілді, олардың мақсаты спорттық ойындарды насихаттау және студенттерді салауатты өмір салтына тарту болды.
🏋🏻‍♀️Гір спортына бес салмақ дәрежесінде 40 адам қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша өз салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді:
60 келіге дейін-Нұритдинов Мұрат
70 келіге дейін-Кәрім Азамат
80 келіге дейін-Саитов Даниил
90 келіге дейін – Сейфулаев Адлан
90 келіден жоғары – Азамат Бекжан
⚽️Футболға 6 команда қатысты. Жарыс екі кезеңде өтті, бірінші кезең олимпиада жүйесі бойынша, екінші кезең командалар шеңберде ойнады. Ойындар барысында келесі орындар бөлінді: 🥇1 орынды Қыран командасы – 4 курс студенттері, 🥈2 орынды Альянс командасы – 3 курс студенттері, 🥉3 орынды Роял командасы-1 – 3 курс студенттері иеленді
🏀Қыздар мен ұлдар арасында волейболдан жарыс екі кезеңде өтті. Бірінші кезең оқу топтары арасында іріктеу турларын қамтыды. Екінші кезеңде жеңімпаз топтардың студенттері кездесті. Тартысты матчтар барысында орындар келесідей бөлінді:
Волейбол қыздар:
🥇1 – ТФП-20 -2 к командасы
🥈2 орын ТФП-21 -1 к
🥉3 орын ТФП-21 -4 к
Волейбол жасөспірімдер :
🥇1 орын-ТФП-21 -1.2 к командасы
🥈2 орын – ОЭК колледжінің командасы
🥉3 орын-ИСА-21 к командасы
Жарыс қорытындысы бойынша барлық жүлдегерлер грамоталармен марапатталды. КарИУ студенттері Салауатты өмір салты үшін!

             

29.11.2021, 16:19:01, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар