Рождество мерекесімен!
Қымбатты достар! Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ұжымы келе жатқан Православ Рождествосымен құттықтайды!
Сіздерге мерекелік көңіл-күй, рухани үндестік, денсаулық, молшылық, бейбітшілік пен ізгілік тілейміз! Сіздің отбасыларыңыз тату, жұмыстарыңыз – сүйікті және достарыңыз – шынайы болсын!
Теміртау жастар форумында қала әкімінің бірінші “ЖасStar” жастар сыйлығының қорытындысы шықты. Қатысушы қатарына кірген ҚМИУ екі студенті, Теміртау қаласының басшысынан алғыс хаттар алды.
Форумда айтылғандай, жастардың рөлі, олардың патриотизм рухында тәрбиеленуі, үкіметке тартылуы Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың басты бағыты ретінде қарастырылады. Тәуелсіздік жылдары көптеген істер атқарылды, және тағы көп істер жоспарланып отыр. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу – бұл әртүрлі салаларда қазірдің өзінде өздерін таныстырған қазақстандық жас ұрпақтың міндеті.
“ЖасStar” әкімінің сыйлығы жастар ортасында жемісті шығармашылыққа, кәсіби және қоғамдық белсенділікке ие 14 жастан 29 жасқа дейінгі Теміртау жастарына беріледі. Желтоқсан айының соңында «Жылдың Жас Көшбасшысы», «Жылдың еріктісі», «Жылдың жастар ұйымы», «Жылдың жас маманы», «Жастар таңдаулары» номинацияларында лауреаттардың аттары белгілі болды: Алмас Жанатбек, Андрей Сүлейманов, «Теміртау медициналық колледжі» ЖММ, Әділбек Игембаев және Никита Буянов. Жеңімпаздардың әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар мен дипломдар берілді.
Біздің күндерімізде еріктілерсіз ештеңе жасалмайды – олардың қызметі қалада өте дамыған. Кәсіби мамандар арасында «Шаңырақ» еріктілер орталығы. Оның өкілі Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің МО-14 тобының студенті Әйгерім Ержанова жылдың үздік еріктісі ретінде, ал ЕТжәнеБҚ-17 тобының студенті Айгерім Чакенова жылдың үздік әлеуметтік жобасы үшін Теміртау әкімі Ғ. А. Әшімовтың Алғыс хатын алды. Одан басқа, әкімнің алғыс хаттарын теміртаулық тоғыз жас, соның ішінде Алена Хегай, Алексей Ли, Мұхамеджан Темиров және т.б. алды.
Ұйымдастырушылар форум және жастар әкімінің жүлдесі жеке бәсекеге қабілеттілікті және қоғамдық өмірге белсене қатысуды ынталандыратын болады, сондай-ақ Теміртау жастарының рухани дамуының негізгі факторы болады деп үміттенеді.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті «Болашақ мамандықты таңдау» бағдарламасы аясында Теміртау мектептерінің 9-шы және 11-ші сынып оқушылары үшін экскурсиялар жүргізуді жалғастыруда.
Жақында университетте №5, 10, 14, 15, 21 мектептің және қалалық гимназияның оқушылары болды. Экскурсия барысында балалар университеттің материалдық-техникалық базасымен танысты, ҚМИУ мұражайына, инженерлік бейіндегі зертханаға, өнеркәсіптік-өндірістік алаңға барды. Университет пен ҚМИУ жанындағы колледждің барлық мамандықтарымен таныстырылды.
Дұрыс таңдау жасай алу өте маңызды. Мектепті бітіретіндер мен олардың ата-аналары алдында қазір күрделі міндет тұр. Ал, мұндай экскурсиялар түлектерге болашақ мамандықты таңдауға, осы мамандықтың ерекшеліктерін білуге, студенттік өмірдің атмосферасына енуіне көмектеседі. ҚМИУ барлық тілек білдірушілер үшін әрдайым ашық және жоғары сапалы қажетті білім алуды ұсынады.
ҚМИУ баспасөз қызметі
ҚМИУ студенттері Астана қаласында өткен «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын Қазақстанның барлық студенттеріне арналған «Аламан» республикалық фестивалінің алты гран-приін жеңіп алды.
«Аламан» фестивалінің мақсаты – әлеуметтік бастамаларды, студенттердің шығармашылық қабілеттерін қолдау, белсенділікті арттыру және жастардың жан-жақтылығын анықтау. Елдің он төрт облысындағы жастар қарым-қатынас жасауға және басқа оқу орындарының өкілдерімен танысуға мүмкіндік алды.
Фестивальге 400-ден астам адам қатысты. «Серпін» жобасының үздік студенттерін марапаттау рәсіміне ҚМИУ студенттері де қатысты. Гран-при иеленгендер: «Үздік жайдарман» номинациясында – ККТжТ-15к тоб. студенті Ш. Сөпбек, «Үздік пікірсайысшы» номинациясында – ККТжТ -15к тоб. студенті Е. Байсал, «Serpin – Start-ap» номинациясында – ЭЭ-15к тоб. студенті А. Есімханова, «Үздік сардар» номинациясында – МҚ-15к тоб. студенті М. Кәрібжан, «Серпін» бағдарламасының маңыздылығы туралы «Үздік эссе» номинациясында – МҚӨТ-15к тоб. студенті А. Рустем. Шығармашылық байқауда Қарағанды облысының және туған оқу орнының мәртебесін вокалист-гитарашылар Қ-15к тоб.студенттері А. Балқыбеков пен Т. Тастемір қорғады. Осы номинацияда олар да Гран-при иеленді.
ҚМИУ баспасөз қызметі