“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Геолог – осындай мамандық бар

Тау-кен ғылымдары Академиясының қолдауымен РҒА Вернадский ат. Мемлекеттік геологиялық мұражай базасында тау-кен – геологиялық бейіндегі мамандықтар бойынша ЖОО аралық Академиялық навигация Орталығында 12 ақпанда өткен «Геолог – осындай мамандық бар» телекөпіріне ҚМИУ студенттері қатысты.

Білім беру-ағартушылық қызметі шеңберінде тау-кен-геологиялық бейіндегі мамандықтар бойынша ЖОО аралық Академиялық навигация Орталығының қызметінің басым бағыттарының бірі – геология және табиғатты пайдалану саласында балалар мен жастарға білім берудің үздіксіз жүйесін дамыту үшін коммуникациялық алаң қалыптастыру жөніндегі Жобаны жүзеге асыру, экологиялық тұрғыда тәрбиелеу, тау-кен және мұнай-газ саласының мамандықтарына кәсіптік бағдар беру болып табылады. Осы бағытты іске асыру шеңберінде Орталық ең заманауи жабдықтармен жарақтандырылған өз кәсіби дыбыс жазу студия алаңдарында үнемі онлайн-дәрістер, шеберлік сабақтарын тұрақты түрде жүргізеді. Айта кету керек, телекөпір кезінде байланыс сапасы (бұл суретке және дыбысқа да қатысты) өте жақсы болды.

«Тау-кен – геологиялық бейіндегі мамандықтар бойынша ЖОО аралық Академиялық навигация Орталық» басшысы, РҒА МГМ директор орынбасары, т.ғ.д., профессор Асе Титовқа және  РҒА МГМ Президенті,  тау-кен ғылым Академиясының президенті, РҒА академигы Юрий Малышевқа сөз берілді. Содан кейін геолог мамандығы туралы «Справедливая Россия» Саяси партиясының төрағасы, РФ ФК Мемлекеттік Думадағы «Справедливая Россия» фракциясының жетекшісі, РҒА МГМ Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы Сергей Миронов сөз сөйледі.

Телекөпірдің қатысушылары жоғары және орта арнайы оқу орындарының студенттері, сондай-ақ алдыңғы қатарлы шикізат компанияларының өкілдері болды. Телекөпірге Альметьевск, Архангельск, Белгород, Владивосток, Грозный, Екатеринбург, Иркутск, Казань, Кемерово, Магадан, Мәскеу, Новокузнецк, Новочеркасск, Норильск, Прокопьевск және Ростов-на-Дону қ. Ресей университеттері, сондай-ақ Саха Республикасының өкілдері қатысты. Қырғызстан өкілдері де байланыста болды.

Қатысушылар арасында Қазақстаннан, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттерінен басқа Байшев ат. Ақтөбе техникалық университетінің, Байқоңыров ат. Тау-кен металлургия институтының, Қ.И.Сәтбаев ат. ҚазҰПУ,  ҚарМТУ, Қорқыт Ата ат. Қызылорда мемлекеттік университетінің, Назарбаев университетінің, Ұлттық тау-кен ғылымдары Академиясының өкілдері және басқа да көптеген өкілдер қатысты.

Кездесу сұрақтар мен жауаптар пікірталасы форматында өткізілді.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

12.02.2018, 18:49:54, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Уважаемые студенты!

В целях обеспечения верховенства Конституции Республики Казахстан и ее популяризации в обществе, воспитания конституционного патриотизма, формирования конституционной культуры, Конституционный Совет Республики Казахстан организует конкурс ЭССЕ среди студентов высших учебных заведений. Приглашаем принять активное участие и внести вклад в проведение данного конкурса. 
Работы предоставляются в бумажном или электронном виде.
Почтовый адрес: 010000, г.Астана, ул. Кунаева, зд.39, каб.№3.036.
Электронные адреса: ckr@ksrk.gov.kz, burkina.elena@ksrk.gov.kz (отправлять с пометкой “Конкурс эссе”). 
Контактные телефоны: + 7 (7172) 74-76-53, 74-79-55. 
Положение о конкурсе каз – по ссылке… 

Положение о конкурсе рус – по ссылке… 


Уважаемые студенты!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі өскелең ұрпақтың арасында жүріс-тұрыстың нормалары болуға тиіс сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеяны ұғынуды дәріптеу мақсатында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттері арасында ҮЗДІК ЭССЕ байқауын ұйымдастыруда. Осыған байланысты, аталған байқауды өткізуге үлес қосуды және белсенді қатысуды сұраймыз. Қосымша ақпарат – сілтеме бойынша…

 


Наши дебатеры вернулись из Балхаша

3-4 ақпанда Балқаш қ. «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінде студенттер арасында республикалық пікірталас турнирі өтті. Оған Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері қатысты.

Жартылай финалға М-16к тобының студенті Өміржол Рахымжан өтті, ал бірінші курс студенттері Бедеров Алихан (МҚӨТ-17к) және Тәжіков Қонысбек (Қ-17к) – ширек финалға шықты.

Біздің студенттердің айтуынша, қатысушылардың арасында мұндай турнирлердің көптеген жеңімпаздары болды, сондықтан пікірталас жоғары деңгейде өткізілді.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

07.02.2018, 18:09:43, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар, Студенты

Кітап интернеттен жақсы

 

 

 

 

 

 

 

ҚМИУ кітапханасының басшылығы мен қызметкерлері дайындаған «Жаңа әдебиеттер» атты кітаптардың ашық көрмесі аяқталды. Үш күнде көрмеге жүзден астам адам келді.

Көптеген оқытушылар кітаптар көрмесінен кейін бірден өздеріне ұнаған оқулықтарды университеттің бас ғимаратының екінші қабатында орналасқан абонементтен алды. Келесі күні олардың студенттері де солай жасады. Бұл, негізінен, “ТМжК” кафедра өкілдері.

– Барлық жақсы оқулықтар кеңес дәуірінде ғана жазылған, және қазіргі кітаптар жоғары деңгейге жеткілікті емес деген пікір бар. Бірақ бұл түбірімен қате! Бүгінгі таңда керемет ғалымдар мен тамаша әдебиеттер бар, – дейді кітапхана меңгерушісі Светлана Носкова. – Біздің студенттерге айтқым келетіні: кітаптар туралы ұмытпаңыздар, бізге жиі келіңіздер, себебі кітап – шын мәнінде білім көзі болып табылады, интернеттен тексерілмеген ақпарат туралы айту мүмкін емес.

Кітапханада бізге хабарлағандай, келесі көрме ҚМИУ оқытушылары жазған жаңа оқулықтар мен оқу құралдары болады. Ол ақпанның соңғы күндеріне жоспарланған.

ҚМИУ баспасөз қызметі

06.02.2018, 17:56:45, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар