Жарыс 7 – 16 ақпан аралығында университеттің спорт залында өткізілді. Турнирге жүзден аса студент он екі команда атынан қатысты.
Топтардағы ойын айналым жүйесі бойынша жүргізілді, финалға екі команда шықты. Қиылысу ойындары барысында жеңімпаздар анықталды. Бітіруші курс студенттерінен тұратын “Раста” командасы көшбасшы болды. Екінші орында – «Ордабасы» командасының үшінші курс студенттері, ал үшінші орынды «Адидас» командасы алды. Турнирдің үздік шабуылшысы – “М-16к” тоб. студенті Мұхтархан Елнұр, үздік қақпашы – Арыстан Ержігіт («ККТжТ-16 k» т.) деп танылды.
– Жарыс жақсы деңгейде, ешқандай жарақатсыз және наразылықсыз өтті. Жарыста жоғары курс студенттері төрелік етті. Финалдық ойындарға халықаралық дәрежедегі судья Нурмустафина Эльвира қызмет етті. Жеңімпаздар, жүлдегерлер мен үздік ойыншылар кубокпен, грамоталармен және жүлделермен марапатталды, – деп атап өтті жарыстың бас төрешісі, ҚМИУ дене тәрбиесі бөлімінің оқытушысы Раиса Колесникова.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқытушылары Бұқар жырау ауданының Ростов, Ленин, Токарев және Гагарин орта мектептеріне барып, 9 және 11 сынып түлектерімен кездесті.
Мектеп оқушыларымен кездесудің мақсаты – оларға болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу. Университет оқытушылары ЖОО барлық мамандықтары, сондай-ақ ҚМИУ жанындағы колледжі, олардың ерекшеліктері мен өзектілігі туралы, осы мамандықты немесе осы оқуды бітіргеннен кейінгі жұмыс туралы айтып берді.
Оқушылар жоғары белсенділік танытып, кәсіптік бағдарлау тақырыбына қызығушылық тудыратын түрлі сұрақтар қойды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі 13 ақпанда ҚМИУ ғимаратында Теміртау қаласының әкімі аппаратының бастамасымен мемлекеттік қызмет жәрмеңкесін өткізді. Халықты көбірек қамту үшін бұл іс-шара қала басшысының есепті кездесуінің алдында өткізу туралы шешім қабылданды.
Жәрмеңкеге мемлекеттік кірістер басқармасының, әділет басқармасының, көші-қон полициясы бөлімінің, ХҚКО, әлеуметтік төлемдер және басқа да бойынша ведомствоаралық есептік орталықтың өкілдері қатысты.
Бұл күні 150-ден астам теміртаулықтар мемлекеттік қызмет көрсетудің білім, әділет, көші-қон, мемлекеттік табыс, тұрғын үй, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау сияқты ең қажетті салалары бойынша кеңестік-әдістемелік көмек алды. Сонымен қатар, ХҚКО-ның қызметкерлерімен «электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдылары бойынша оқыту өткізілді.
Жәрмеңкеде мемлекеттік органдардың қызметі туралы бейнероликтер көрсетілді, брошюралар таратылды, стендтерде көрнекі ақпарат орналастырылды. Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік қызметтер көрсететін бейінді бағыттың мамандары тарапынан халыққа кәсіби қолдау көрсетілді, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны алу мүмкіндігі ұсынылды. Теміртау қ. кез-келген тұрғыны қызықтырған мәселелер бойынша қажетті кеңестер ала алды және мемлекеттік органдардың жұмысы туралы өз пікірін білдіре алды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 13 ақпанда Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті.
Оған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы С.Ш. Бекбергенов, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы С.Б.Утешев, «Нұр Отан» облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қ.Б. Оспанова, «Қарағанды облысының индустриалдық-инновациялық даму және өнеркәсіп басқармасы» ММ басшысы Ғ.А.Жұмасұлтанов қатысты. Сондай-ақ, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық кеңестің мүшелері, мердігер ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, қаланың ардагерлері мен ақсақалдары, саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қатысушылардың назарына қала басшысының 2017 ж. атқарылған жұмысы туралы есебі және 2018 жылға арналған жоспарлары ұсынылды. Баяндау аяқталғаннан кейін теміртаулықтар әкімге экологиялық жағдайға, қаланы абаттандыруға, әлеуметтік қорғалмаған санатындағы азаматтар үшін тұрғын үй салу құрылысына қатысты сұрақтар қойды. Барлығы 22 сұрақ болды, олардың 9-ы бақылауға алынды, қалғанына түсіндірме дереу берілді.
Ғалым Әшімовтің есебі Теміртау қ. әкімдігінің ресми аккаунтында онлайн-режимінде жүргізілді. Кездесудің бейнежазбасын https://temirtau-akimat.gov.kz/ ru/ сайтынан көруге болады.
ҚМИУ баспасөз қызметі
11 ақпанда Павлодарда КТК ХХV аймақтық фестивалі өтті, оның қорытындысы бойынша жиырма сегіз командадан он бес команда қатысушылары, соның ішінде ҚМИУ құрамасы “Александр Масляков және компания” қамқорлығындағы “Ертіс” ресми лигасына шықты.
Ойын жақсы өтті. ҚМИУ студенттерінің айтуынша, оларға мұндай іс-шараға қатысу оңай болды. Біздің жерлестер екі арнайы «Ең көңілді команда» және «Фестиваль дауысы» номинациялары бойынша жеңіске жетті. Құттықтаймыз!
ҚМИУ баспасөз қызметі