“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚМИУ командасы «Магнитка» бірінші ¼ ашық лигасының аймақтық турнирінде 1-ші орын алды.

2019 жылдың 9 ақпанында Теміртау Мәдениет Сарайында «Магнитка» бірінші ¼ ашық лигасының аймақтық турнирі өтті.  Жартылай финалға біздің команда Көкшетау қ., Қарағанды және Теміртау қ. ең мықты командалармен шайқасты.

Қиын күрес, әзіл және ақыл ойды алмастыру нәтижесінде ҚМИУ командасы «Магнитка» бірінші ¼ ашық лигасында 1 орынға ие болды және биылғы жылдың ақпан айының ортасында өтетін жартылай финалға шықты.

Біздің КВН құрама мүшелері жайдарлық және талғампаздық таланты, ҚМИУ-де КВН дәстүрлері және оның танымалдығы өсіп келе жатқанын көрсетті! Шығармашылық табыстар мен керемет жеңістер тілейміз!

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

11.02.2019, 20:19:51, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ-де белгілі қоғам қайраткер Жұмағали Арыстанмен кездесу өтті

Кездесу Жұмағали Арыстанның Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетімен ынтымақтастығында, отбасының ұлттық және рухани құндылықтарын, қазақ халқының мәдениетін жандандыруға, отбасылық мәдениет пен дәстүрді жас ұрпаққа сақтауға және таратуға бағытталған Жұмағали Арыстанның «ҚазанНАН» авторы, жобасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

«ҚазанНАН» жобасын іске асыру 2017 жылдан, Қостанайдағы мемлекеттік мереке Наурыз мейрам қатысуымен бастау алады. Ұлттық тағам Наурыз-көжемен толтырылған қазан, тұрғындар мен қалалық әкімшіліктің ерекше назарын аударған. Ата-бабаларымыздың дәстүрін жандандыру идеясы дәстүрлі қазақ тағамдар арқылы Қазақстанда өндірілетін дала мен табиғи өнімдердің энергиясымен толған сәтті жүзеге асырылды.

Бұл жоба қазір ҚМИУ-де белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыру арқылы «Қазан – түрік сәйкестігін біріктіретін элемент ретінде. Өткен, қазіргі және болашақтағы» Теміртау қаласындағы ҚМИУ-нің студенттері мен жастардың арасында қазақстандық мәдениет пен халық дәстүрлерін танымал ету бойынша үлкен ағартушылық жұмыс жүргізілуде, ол Елбасының бағдармалық мақаласының аясында Н.Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы.

Бұдан бұрын Қостанай облысында табылған ежелгі қазанның химиялық құрамын зерделеу бойынша университет зертханасында зерттеу жүргізілді. «Электрондық микроскопия инженерлік бейіндегі зертханасында және нано-технологиялар» ҚМИУ-де жүргізілген «Olympus DPO-2000» портативті экспресс-анализаторындағы химиялық құрамның рентгендік флуоресценттік талдауы нятижесінде қазанда 7 химиялық элемент бар. Зерттеу нәтижесі қазанның құрамындағы химиялық элементтер, заманауи стандартарымен дайындалған ыдыс-аяқтарымен сәйкес келетіндігін көрсетті. Зерттеу нятижелері сертификатталған.

Кездесу барысында болашақ ынтымақтастықтың форматы талқыланды, қазан түріндегі сувенирлерді шығару жоспарланған, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізу, Н.Ә. Назарбаев «Ұлы даладағы жеті қыры» мақаласында айтқан ежелгі металлургияны зерделеуге ерекше назар аударылды.

ҚМИУ-де «ҚазанНАН» жобасын іске асыру бойынша келесі бағыттар жоспарланған:

  • Қоғамдық және мәдени іс-шараларды өткізу, қазан негізгі көрсеткіш болып табылатын, тамақ дайындау, мәдени мұра тақырыбында адамдардың қызықты кездесулерін ұйымдастыру, дәстүрлерді жаңғырту, жас ұрпақты дәстүрлермен таныстыру.
  • Халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған сегменттерін қолдау мақсатында қайырымдылық акцияларын өткізу.
  • «Қазандағы аңыздар» этникалық стильде мәдени-танымдық театрлық қойылымдарды өткізу.
  • Қазақ халқының ұлттық тағамдары, салт-дәстурлері тақырыбы бойынша баспа материалдарын шығару.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

  

 

 

05.02.2019, 17:43:12, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Ұлы Даланың жеті қыры

05.02.2019, 15:31:57, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ ректоры «Джанлуиджи Магнитоffon» КВН командасымен кездесті

2019 жылдың 30 қаңтарында ҚМИУ-де ректор Жаутіков Бахыт Ахатұлының және «Джанлуиджи Магнитоffon» КВН командасымен кездесуі өтті. Кездесуде Жайдарман қозғалысының негізін қалаушы, қалалық мәслихат хатшысы Ломакин А.Б. біздің университеттің КВН командаларының жоғары деңгейін атап өтті.

Осы кездесу барысында КВН командасы Сочи қаласында өткен «КиВиН-2019» КВН командаларының 30-шы мерейтойлық фестивалінің жарқын естіліктерімен бөлісті.

Жайдарманшылар, КВН деп аталатын өмір мектебі, достық, әртараптандырылуға және тапкыр болуды үйретеді. КВН құрама мүшелер ҚМИУ басшылығына Жайдарман қозғалысының дамуына үнемі қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді.

Ректор Жаутіков Бахыт Ахатұлы «Джанлуиджи Магнитоffon» КВН командасының жақсы әлеуетін атап өтті. ҚМИУ басшысы КВН қозғалысы туралы айтып берді, сондай-ақ, өзіннің студенттік өмірінен қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Команда капитаны ҚМИУ 3-курс студенті Хегай Сергей ректорға халықаралық КВН одағының президенті Александр Масляковтың алғыс хатын тапсырды. Кездесу естелікке фото сеансымен аяқталды.

2019 жылдың наурыз айының басында «Джанлуиджи Магнитоffon» КВН Жоғарғы Лигасының 1/8 финалына қатысу үшін Мәскеуге ұшып барады. Олар КВН Премьер-лигаға жетуге әр мүмкіндік бар.

2019 жылдың ақпанында 1-ші және 2-ші курс студенттерінен құралған «Железнорожденные» ҚМИУ екінші командасы Павлодар қаласының Ертіс КВН лигасына қатысады.

Біз шын жүректен балаларға жаңа тамаша жеңістер, жақсы әзілдер тілейміз және шығармашылық әлеует құрғамасын!

 ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 

31.01.2019, 18:12:18, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ мемлекеттік тілде сөйлетін мұғалімдер арасында «Латын Әліпбиі» атты семинар өткізілді

 

2019 жылы 30 қантарында осы іс-шараны «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде ҚМИУ «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасымен бірге Теміртау қ. «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімі «Латын Әлипбиі» атты семинар ұйымдастырды.

Теміртау қ. «Тілдерді  оқыту орталығы» директоры Ахметжанова Меруерт Бағдатқызының айтуынша, латын әлипбиіне ауысу туралы шешім «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының маңызды құрамдастарының бірі болды. Сондай-ақ семинарда латын әліпбиінде сөздердің жазылуын, олардың орфографиялық ережелерін және шетелден шыққан сөздердің ерекшеліктерін толық түсіндірілген.

Содан кейін қатысушыларды екі топқа бөліп, латын әлипбиін білуге жаттықулар өткізілген. Семинардың соңында барлық қатысушылар әйгілі қазақ композиторы Ш. Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнінің латын жазуында караоке орындады.

Қазақстанда латын әліпбиіне көшу үш кезеңде өтеді: 2018-2020, 2021-2023 және 2024-2025 жылдар.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

31.01.2019, 17:18:31, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар