“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Құрметті ЖОО және колледж студенттер!

 

«Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік студент» жобасы аясында шығарылатын «Жас қыран» атты талантты студенттердің кітап жинағының 2019 жылға арналған шығарылымына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

Құжаттар:

  • Ғылым саласында
  • Өнер саласында
  • Спорт саласында
  • Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (Студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері)

жетістікке жеткен студенттерден қабылданады.

Кітап жинаққа Республика көлеміндегі ЖОО және колледж студенттері арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері; қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері; ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізіледі.

Жинаққа енгізу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жоба қатысушыларына «Жас Қыран» республикалық үздік жастардың түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «Үздік студент-2019» төс белгісі және І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес автобиографиясы (3 жақта жазылған), 2 беттен артық емес өмірбаяны (растайтын құжат көшірмелері (мыс.: Алынған алғыс хат, диплом және т.б.) қоса тіркелуі тиіс), 4\5 форматтағы  сапалы суретін 2019 жылдың 15-ші ақпанына дейін uzdik2019@gmail.com электронды мекен-жайына жолдауы тиіс. Байқауға құжаттар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілде қабылданады. Өмірбаянда міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Астана қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ, төс белгі, грамота жіберілетін болады).

Жіберілетін мәліметтерге университетте оқу барысында алынған алғыс хат, грамота, диплом және т.б. мараппаттары енгізіледі (9-11 сынып арасында алған марапаттарын да қосуға рұқсат етілген).

Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау 2019 жылдың 30 наурызында Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «Үздік студенттер» шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы 10-шы наурызға дейін іріктеліп алынған студенттерге жіберіледі.  Қорытынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі табысталады және Астана қаласына экскурсия жасау, кофе-брейк, Елордамыздың мәдени ошақтарын аралау (музей және т.б.) қарастырылған.

Ұйымдастыру алқасының сайты

https://biork.kz/   Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniet

Ескерту!!!

Ұйымдастыру жарна ақысы қойылған. Жарна туралы ақпарат Сіздер жинаққа өз құжаттарыңызды жібергеннен соң 3 (үш) күн ішінде қаралып, жинаққа қабылдау туралы шешім шыққан жағдайда, Сіздердің электронды мекен-жайларыңызға қосымша ақпарат ретінде жіберіледі.  

 

Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар:

+7 708 723 15 05 Аяулым

+7707 142 74 40 Саят

 

 

2018 жылы Мосты согласия қоғамдық қорымен бірге ұйымдастырған

 «Үздік студент-2018» жобамызға қатысып жеңімпаз атанған студенттер туралы, университеттерінің сайттарында құттықтау посттары енгізілген, төмендегі ссылкаларға кіру арқылы таныса аласыздар!!!

1

https://www.kaznu.kz/kz/19040/news/one/13851/

 

2

https://yur.enu.kz/post/-zdik-student-iegeri-zhugralin-serikti-tty-tajmyz!

 

3

https://vuzkunaeva.kz/index.php/kz/main-news-kz/744-pobeditelnica-luchshij-student-2018-ulchenko-anna-kz

 

4

https://www.keu.kz/kz/eu-biz-turaly/murahat/5130-pobediteli-konkursa-luchshij-student-2018-goda-anat-ly-zhanajdar-i-garifullina-asiya-2.html

 

5

https://ssmu.kz/kk/news/default/view?id=3500

 

6

https://pspu.kz/%D2%AFzd%D1%96k-student

 

7

https://www.nkzu.kz/news/view?id=6832

 

8

https://old.tttu.edu.kz//2018/04/luchshiy-student-2018-godathe-best-student-of-2018%D2%AFzdik-student-2018-zhil/

 

9

https://www.kgu.kz/kk/node/1178

 

 


ҚМИУ-де қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен қызылшаның алдын алу туралы дәріс өткізілді

Қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының қызметкерлерімен 2019 жылдың 29 қантарында ҚМИУ-нің студенттеріне «Қызылша ауруының алдын алу» тақырыбына дәріс оқылды.

Дәріс барысында: қызылша ауруы балалар арасында көп кездесетін жұқпалы ауру екенігі, қызылша ауруының вирусы адам ағзасына жоғары тыныс жолдары арқылы енетіндігі және аурудың алғагқы симптомдары – дене қызуынының көтерілуі, жөтел, жарыққа сезімталдығы және бөртпенің пайда болуы, бөртпе бірінші бетте, құлақ артында сосын бүкіл денег тарайтындығы туралы айтылды.

Қазіргі таңда қызылша ауруымен күрес және алдын алу, жалғыз және тиімді әдісі ол – вакцинация екені турпалы айтылады.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі 

 

30.01.2019, 16:27:47, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ студенттері Жастар жылының ашылуына арналған “Сарыарқа жастары” облыстық студенттік форумына қатысты

2019 жылдың 28 қантарында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастарды үйлестіру Кеңесі мен өңірдің жоғары оқу орындарымен ұйымдастырылған Жастар жылына арналған «Сарыарқа жастары» Облыстық форумы өтті.

«Рухани жыңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында стартаптардың тұсаукесерін, сондай-ақ, «Даму» қорының аймақтық филиалын тарту арқылы инновациялық жобалар көрмесін қамтыды.

Форум аясында алғашқы «Жарасым» студенттік клубының салтанатты ашылуы өтті және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарды үйлестіру Кеңесінің төрағасы клуб жалауын табыс етті.

Бұл шарада Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің белсенді студенттеріне Карибжан Мадияр, Елефтериади Савелий, Атакулова Земфира «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.

Студенттік форум облыстың этномәдени бірлестіктерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

30.01.2019, 16:09:30, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Болашақ мамандықты таңдау»

Қарағанды мемлекеттік индустриалдыуниверситеті «Болашақ мамандықты таңдау» аясында Теміртау қаласы мектептерінің және Ақтау кентінің 9-11 сынып оқушылармен кездесулері жалғастыруда.

Осы жылдың 25 қаңтарында Университет қызметкерлері Ақтау кентінің №28, 29, 32 орта мектебінің түлектерімен кездесті. Кездесу барысында университет өкілдері түлектерді университеттің, ҚМИУ колледжімен мамандықтарымен таныстырды және барлық үміткерлердің сұрақтарына толық түсініктеме берді.

Бұл кездесулер мектеп бітірушілеріне болашақ мамандықты тандауға, нақты мамандықтың мүмкіндіктерін білу және студенттік өмірдің атмосферасына ену.

Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті барлық білдірушілер үшін әрдайым ащық және жоғары сапалы қажетті білім алуды ұсынады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Қарағанды қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы АНК кафедрасының меңгерушісі Жанабергенова Д.К. қатысуымен 2018 ж. қорытындысына арналған отырысы өтті.

2019 жылы 23 қантарда Қарағанды қаласының Достық уйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы АНК кафедрасының меңгерушісі Жанабергенова Д.К. қатысуымен отырыс өтті.

Отырыстың модераторы Қарағанды облысы ҚХА ҒСТ-ның төрағасы Вилен Борисович Молотов-Лучанский 2018 ж. жұмыс қорытындысын шығарды, сондай-ақ 2019 ж. жоспарлары мен жұмыс бағыттарын айтты.

Сессияның күн тәртібінде 2019 ж. ҒСТ-на арналған жұмыс бағыттары талқыланды:

– ҚР Президенті Н.Ә. назарбаевтың жолдауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»;

– Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары» атты халыққа үндеуі;

– Мемлекет басшысынң «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы;

– Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы;

– Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-білім беру жобасын іске асыру;

– Әлеуметтік зерттеулер жүргізу: «Студенттердің өңірдегі құндылықты бағдарлау».

Кездесу барысында 2019 ж. Қарағанды обылысы Қазақстан халқы Ассамблеясынның ғылыми-сараптамалық тобының құрамын және жоспарын бекіту туралы сөз болды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

29.01.2019, 09:10:33, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар