Студенттік жастарды дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту, сонымен қатар денсаулықты нығайту және студенттердің дене шынықтыру және спорттық дайындығын жетілдіру мақсатында 2019 жылдың 13-15 ақпан аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің платформасында студенттер арасында «Денсаулық мәдениетін қалыптастыру және аддиктивті мінез – құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикумда кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің денсаулығын сақтаудың өзекті мәселелері, жастар арасында ЖИТС-тің алдын алу мәселелері, мамандардың қатысуымен өскелең ұрпақтың денсаулық мәдениетін қалыптастыру бойынша заманауи тәсілдер қарастырылды.
Семинар-практикумның жұмысына университеттің профессорлық – оқытушылық құрамы, ҚМИУ тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі директоры, ТЭК педагог-психологы, студенттік активтер мен «Қамқор» еріктілер клубының көшбасшылары қатысты.
Семинар-практикум аясында педагогикалық қызметкерлер үшін тренинг сабақтары мен дөңгелек үстел өткізілді.
Салауатты өмір салты бағдарламасын жүзеге асыру, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, студенттердің бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметін насихаттау аясында университетте осындай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
ҚМИУ баспасөз қызмет
2019 жылдың 6-8 ақпан аралығында Семей қаласында «Құрастыру негіздері және машина бөлшектері» пәні бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарыныңарасындағы республикалық олимпиада өтті.
«Құрастыру негіздері және машина бөлшектері» – көптеген инженерлік-техникалық студенттердің оқытатын негізгі инженерлік курстарының бірі. Курстың бағдарламасы жалпы мақсаттағы машиналардың құрамын, жұмыс істеу принциптерін, сондай-ақ бөлшектер мен жинақтарды жобалау әдістерін зерттейді. Олимпиадада жанама тапсырмалар тұрғысынан техникалық шығармашылық қабілеттерін көрсетуді талап етті. Мұндай тапсырмалар бәсекеге қабілетті жаңа өнімдерді әзірлеушіге сапалы, қатесіз жұмыс дағдыларын дамытуға ақпал етеді.
Бұл сайыста біздің университеттен «Технологиялық машина және көлік» кафедрасының оқытушысы Әзімбаев Қуатхан Әлібекұлы және ТТТиТ-16к Дәулетбай Шүкір Жанболатұлы, Мырзабеков Нұрсұлтан Әбдіғапарұлы және ТМиО-16к Райымбек Нұрқазы Нұржанұлы студенттер қатысты.
Республикалық олимпиадада Қазақстанның барлық облыстарынан 10 команда қатысты.
Олимипиада қорытындысы бойынша біздің студенттер тамаша нәтиже көрсетті және екінші орынға ие болды. Біздің қатысушылар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Біздің студенттерді жеңіспен құттықтаймыз!!!
ҚМИУ баспасөз қызметі
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде ҚМИУ Қазақстан Республикасының университеттеріндегі технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру кеңселерін іріктеу конкурстың жеңімпаздарының бірі болды. Кокурстың қорытындысы бойынша ПОҚ және жас ғалымдарға ағылшын тілінді оқыту грант берілді.
Технологияларды коммерцияландыру Кеңсессінің қызметінің негізгі мақсаты ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру, инновациялық технологияларды, әзірлемелерді, жекеменшікті зияткерлік нысандарды және өнімдерді (тауарлар, жұмыс және қызмет) өндіріске еңгізу, оның ішінде олардың негізінде стартап-компанияларын құруды жүзеге асыру.
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы 2016 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан мен Дүниежүзілік банк келісімімен жүзеге асырылады және 2020 жылға дейін жасалады.
ҚМИУ баспасөз қызметі