“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Қарағанды индустриялық университеті 2020-2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы нәтижесінде бос қалған білімдік бағдарламалар тобы бойынша білімдік грантты алуға конкурс жариялайды. ҚарИУ https://old.tttu.edu.kz//student/vakantnie-granti  оn-line порталында бос білімдік гранттар тізімімен танысуға және өтініш беруге болады. Өтініші 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін қабылданады. Анықтамаға арналған телефон 8(7213)91-68-95.

03.04.2020, 14:54:15, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ!

Пікірлер сөйлеген сөзі, Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Мәлімдемесін жаһандық індетті вирус барша адамзатты толғандырып отырған шақта пайымдалған саяси дана шешім деп қабылдаймыз. Президентіміздің күрделі тарихи кезеңде мемлекет тарапынан мұқтаж қазақстандықтар үшін медициналық әрі әлеуметтік қолдау көрсетілетіндігін қабылдаған тұжырымды шешімі – еліміз үшін басты құндылық адам екендігін мемлекеттік деңгейде айқындалған дәлелі.

Бұл Мәлімдемеде нақтыланған отандық өнім өндіретін аграрлық секторға, кіші кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік қолдаулардың халық үні билік жүйесіне жетіп, оның негізінде қабылданып жатқан саяси стратегиялық шешім екендігі қуантады.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдаған Мәлімдемесінде баяндалған әрбір пайымды, парасатты тұжырымын күрделі де көпқырлы тарихи кезеңдерді бастан өткерген, ерен қасиеттер бойына дарыған, танымдық санасы жоғары елдің азаматы ретінде рухтық, әлеуметтік қолдау деп қабылдауымыз керек.

Әлемді толғантқан бұл күйзелістен «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қазақ даналығы жоғары рухта, ынтымақ-бірлікте, саналы сабырмен шығаратынына сенімдіміз!

Капашева Ж.К.
Қазақ, орыс, шетел тілдер кафедрасының аға оқытушысы


Қазақстан Республикасының Президентінің 31.03.2020ж. Мәлімдемесі қазіргі әлемде болып жатқан эпидемияға қатысты айтылған мәселелер назарымды аударды. «Коронавирус» барлық әлемге жайылып, күнен-күнге жұқтырғандар саны көбейіп келеді. Еліміздің барлық аумағында карантин жарияланды. Осындай уақытта Президентіміз әрбір қазақстандықтың тағдырына алаңдаушылық білдіріп отыр. Жұмыссыз қалған әрбір Қазақстан азаматына минималды көрсеткіш бойынша еңбекақы алуға болады. Азық-түлік, үйге қажетті тұрмыстық заттарды тегін алатын адамдар тізімі кеңейтілді. Мұндай көмек мүмкіндігі шектеулі адамдарға, жұмыссыз тіркелген адамдарға беріледі. Сонымен қатар, медициналық сақтандырылмаған азаматтардың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша медициналық көмек алу құқығы 1- сәуірден 1-шілдеге дейін ұзартылды. ҚР Президенті осы жолдауында қазіргі болып жатқан жағдай қиын кезең, бірақ бұл уақытша мәселе екеніне тоқталды. Ең бастысы – сабырлық, табандылық пен жауапкершілік.

Мен сенемін, егер қазақ елі дүрбелеңге салынбай, өзінің және өзгенің денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын болса, онда осы дағдарыстан да, дерттен де көп   ұзамай айығып, бұрыңғы қалпымызға келеміз. Біздің қоғамның бірлігі бізге барлық қиындықтарды жеңетінімізге күш пен сенімділік береді.

Касенова А.Н.
«Құрылыс» кафедрасының
т.ғ.м., оқытушысы


Қазақстан халқы Еуразия құрлығының орталығында жатқан ел ретінде қазіргі әлемді дендеген індеттің қауіпті құрсауына ілініп отыр. Қазақстан Республикасының көптеген аймақтарында енгізілген төтенше жағдайдың ауырлығын және дағдарысқа қарсы шараларды, экономикалық және әлеуметтік саладағы жағдайды түсінген Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің азаматтары мен бизнесін қолдаудың келесі сегіз қадамы туралы шешімінде айтқан сөзін толық қолдайды. Осы жағдайдан шығу әрбір адамның азаматтық борышы екенінін түсінеміз. Кең байтақ жерде жатқан аз ғана халық екенімізді ескере отырып, әр азаматтың өзін-өзі оқшаулауы аса маңызды екенін университет ұжымы жете түсінеді және шәкірттер арасындада қауіпсіздік шараларын сақтау сияқты үгіт-насихат жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Бүгінде көптеген қазақстандықтар үлкен қиындықтарға кезігуде. Пандемияға айналған індетке және дағдарысқа қарсы шаралардың қабылдануына байланысты Президенттің зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақыларды, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті жыл сайын 10% -ға индекстеу туралы бұйрығы қабылданды.

Сонымен қатар сын сағатта біздің ұжым мемлекет басшысы және жергілікті басқару билігіне сенім артады. Адам жаны үшін араша түсіп отырған дәргерлер ұжымына үлкен алғыс білдіреміз! Өз кезегімізде дәргерлік ем-шаралардың сәтті болуы үшін ақпарат құралдары арқылы беріліп отырған мәліметтерді сәт сайын оқып және қойылып отырған карантин шектеулерінің талаптарын қатаң сақтауды қолдаймыз.

Біздің ұжым барлық қазақстандықтарға тасталған үндеуді қолдайды және атсалысуда. Мүмкіндігінше, карантиндік аймаққа ерекше қажеттіліксіз баруды барлық оқытушы-профессорлар құрамы және студенттер шектеді, #үйде болыңыз, #үйде қалыңыз сияқты талаптарды орындап барлық ықтимал әлеуметтік байланыстарды тоқтатып, білім беру 16-наурыздан бастап онлайн жүйеге көшірілді.

Азаматтық көмектің өзара бастамаларына қатысу #бізбіргеміз және басқада қайрымдылық көмектерге атсалысуды қолдаймыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, тек бірге болғанда ғана біз бұл мәселені тез арада шеше аламыз. Президентіміз атап өткендей: «Коронавирустық індет – бұл уақытша құбылыс, сондықтан біз оны міндетті түрде жеңеміз».

Біздің қоғамның бірлігі мен берекесі бізге барлық қиындықтарды бірге жеңуімізге мүмкіндік беретін бірден-бір жол! «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»-дегендей, сабырлық танытып әр азамат өзінің ет жақын туыстарының, отбасының қауіпсіздігін сақтауы және қорғана білуі аса маңызды!- деп ойлаймыз. Әрине, әркімнің денсаулығы өз қолында!

Мағира Солтанқызы
«Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық
пәндер және дене тәрбиесі»
кафедрасының аға оқытушысы


ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаев қазіргі орын алған әлемдік індет кезіндегі Қазақстанның онымен қалай күрес жасалып жатқанын баяндады. Індеттің алдын алу үшін елде біршама шаралар қарастырылып жатыр. Елдің барлық өңірлерінде карантин орнатылып, оқушылар, студенттер онлайн режиміне көшкен. Сонымен қатар Президент жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау жасау мақсатында қосымша шешімдер қабылдағанын баяндады. Осынау күрделі кезеңде дәрігерлердің ерен еңбектері ескеріліп, 3 ай бойы қосымша ақы төленеді. Инфлияцияның артуына байланысты зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік көмек мөлшері 10 %- ға артқанын мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, Президент осыған орай мемлекет тарапынан 200 миллиард тенге бөлінетінін айтты.

Ал табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі мөлшерде қолдау көрсетілгенін баяндады. Жалпы 3 миллион азаматымызға қолдау корсетілетінін алға тартты, сонымен қатар азық-түлікті тегін алатын азаматтар көбейетінін баяндады. Атап айтқанда бұндай көмекті мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар ала алады екен.

Президентіміздің осындай қиын кезеңде ұлтынын қамын ойлап, ұтымды қадамға жол алып, осындай шараларды қолға алғаны көңілге серпіліс береді. Осындай күрделі кезеңдегі әлемді тараған індеттен құтылу жолдары барысында қабылданған Президентіміздің жүйелі саясаты оңтайлы нәтижесін көрсететініне сенімдіміз.

Тонтаева Мереке
ҚМИУ-нің оқытушысы


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаев халыққа, мемлекетке қолдау туралы мәлімдемесінде бірқатар қолдау көрсету жайлы мәлімдеді. Соның ішінде Үкімет тарапынан ауруға шалдыққан адамдарға барлық қажетті көмек берілетіндігі, инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауы қуантарлық.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы табысынан айырылған азаматтарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндерге 42500 теңге көлемінде көмек көрсететіні халық тарапынан зор ықыласпен қабылданды.

Сондай-ақ, мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға көмек ретінде тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатыны мәлімделді.

Кәсіпкерлерге көмек көрсету мәселесі де қаралып, шағын және орта бизнес өкілдерін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуды тапсырды.

Ел басына түскен осындай қиын қыстау кезеңде Үкімет тарапынан халық үшін жасалып жатқан осы игі іс-шара құптарлық. Бұл мемлекет басшысына деген халықтың сенімін арттыратыны сөзсіз.

Айткенов Н.Б.
Металлургия және материалтану
кафедрасының оқытушысы

02.04.2020, 13:12:39, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

 

2020 жылы 16 наурызда республикада төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті күндізгі оқудың барлық студенттерін қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқуға жіберді.

Университеттің профессорлы-оқытушылар құрамы оқылатын пәндердің цифрлық мазмұнын әзірлеу бойынша алдын-ала жұмыстар үлкен жүргізді. Оқу жылының басында оқу процесін ұйымдастыруға көмектесетін бейне дәрістер, электронды оқулықтар, оқу құралдары, кейстер, виртуалды зертханалық жұмыстар орындалды, осы іс-шаралар төтенше  жағдайда оқу процесін тез ұйымдастыруға септігін тигізлі.

Оқытушылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынастың негізгі алаңы – бұл «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, пәндердің оқу, әдістемелік және мультимедиялық материалдарына жылдам әрі ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Оқытушы онлайн форматында дәрістер оқу үшін «Zoom» платформасын пайдаланады.

Жедел байланыс және туындаған сұрақтарға жауап беру үшін университетте call-орталығы жұмыс жасайды.

 

02.04.2020, 10:41:47, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

НАЗАР!

02.04.2020, 10:18:01, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

БІЛІМДІК НЕСИЕ

 

Білімдік несие алуға Қаржы орталығы кепілдік береді

Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындарында білімге қол жетімділікті кеңейту мақсатында талапкерлер мен студенттерге кепілсіз несиелер беріледі, негізгі қарызды 10 жылға дейін төлеу мерзімі ұзартылған. Кепілсіз несиені қамтамасыздандыру тетігі ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Қаржы орталығының кепілдігі әрекет етеді.

Артықшылықтары:

  • жеңілдікті кезең (жеңілдікті кезең): негізгі соманы өтеу оқу мерзімі аяқталғаннан кейін және оқу аяқталғаннан кейін 6 айдан соң жүзеге асырылады;
  • несиенің жоғары мерзімі: айыппұлсыз мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі бар 10 жылға дейін;
  • бүкіл Қазақстан бойынша несие қолжетімді;
  • несие сомасына шектеулердің болмауы (оқыту құнынан аспайды);
  • оқу орнын таңдауда шектеулердің болмауы;

БАНК-ҚАТЫСУШЫЛАР:

  • Нұрбанк;
  • Tengri Bank;
  • Fortebank.

Жобалау қадамдары:

Студенттік несие алу келесідей:

1) өтініш беруші/студент кеңес алу үшін банкке (Nurbank, Tengribank немесе Fortebank) немесе Қаржы орталығына жүгінеді, қажетті құжаттарды жинайды және оларды өз аймағындағы немесе оқу орнындағы банкке ұсынады;

2) банк пен Қаржы орталығы оң шешім қабылдағаннан кейін банкпен несиелік келісім жасалып, несие сомасы оқу орнының шотына аударылады;

Студенттік несие алу үшін сізге негізгі жұмыс орнында алған табысы бар соңғы екі айдағы зейнетақы жарналары бар бір немесе екі қарызгер қажет.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 18

www.fincenter.kz www.kredit.fincenter.kz

 

«AQYL» білім беру депозиттері

(Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген)

2013 ж. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы»

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МББЖЖ) Қазақстан Республикасының әрбір азаматына AQYL білім беру депозитін өз атынан немесе баланың атына Қазақстанның және шетелдегі колледждер мен университеттерде оқу ақысын төлеуге мүмкіндік береді. Бұл жүйенің операторы – «Қаржы орталығы» АҚ.

Салымды МББЖЖ қатысушы банк төлейді – жылдық 10%, ал мемлекет жыл сайын 5% бастап бонус алады:

5 немесе 7% мемлекеттік бонус

+

Банк сыйақысы 10%

=

Депозиттік кіріс 17% дейін

 

БІЛІМ ШОТТАРЫН ДЕПОЗИТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ МӘЛІМДЕРІ

  • Бонусты есептеу мерзімі жыл сайын 20 жылға есептеледі (МББЖЖ әрекет ету кезеңінде шамамен 2,6 млрд. теңге төленді, 2020 жылдың ақпан айында 1068 млн. теңге төленеді);
  • ең төменгі төлем – 3 АЕК (2020 жылы 7953 теңге) (бұдан әрі уақыт пен соманы шектеусіз толтыру);
  • Қазақстанда және шетелде, университеттер мен колледждерде шектеусіз білім алу;
  • Жинақталған қаражат жеткіліксіз болған жағдайда білім алу үшін несие алуға болады.

ДЕПОЗИТТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ:

  • мемлекет сыйлықақысы, кіріс түрі ретінде салық салуға жатпайды;
  • білім беру депозиттері мемлекет тарапынан 10 миллион теңгеге дейін сақтандырылған;
  • Үшінші тараптар тарапынан қандай-да бір ауыртпалықтар мен айыппұлдар салу мүмкіндігінің жоқтығы заңмен бекітілген;
  • Жылына бір рет салымды бір банктен екіншісіне аударуға болады;
  • Білім беру депозитін ашу шарттары «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген (2013 ж.).

БАНКТЕР-ҚАТЫСУШЫЛАР:

  • Халық банкі;
  • Нұрбанк;
  • Жусан банкі;
  • Банк ВТБ.

 

ДЕПОЗИТТІ АШУҒА арналған Қадамдар:

  1. ҚАДАМ – сіздің қалаңыздағы жобаға қатысатын банктердің біріне хабарласыңыз;
  2. ҚАДАМ – кем дегенде 3 АЕК бастапқы жарна салыңыз;
  3. ҚАДАМ – Қаржылық мүмкіндіктер банктің кассасы, мобильді қосымшалар, Қазпошта веб-сайты арқылы қолжетімді болғандықтан, толықтыру мүмкін.

 

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

Нұр-Сұлтан, Мәңгілік Ел даңғылы, 18

www.fincenter.kz www.depozit.fincenter.kz

 

01.04.2020, 16:12:46, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар