“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Өкім

01.04.2020, 11:50:51, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі (31.03.2020)

 

Құрметті отандастар!

Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр.

Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады.

Бүгінде 177 мемлекетте 800 мыңға жуық адам осы дертке шалдықты.

Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда.

Біз төтенше жағдай жариялап, Қазақстанда вирустың жаппай таралуына жол бермедік.

Соның арқасында ахуалды бақылауда ұстап отырмыз.

Халқы Қазақстанмен шамалас кейбір елдерде коронавирусқа шалдыққандар ондаған есе көп.

Мен елорда мен Алматыда ғана емес, еліміздің барлық өңірінде карантинді күшейтуді тапсырдым.

Барша қазақстандықтарға сабыр сақтап, түсіністік танытқаны үшін алғысымды айтамын.

Біз дүрбелең тудыруға жол бермейміз.

Дәл осы кезде халық мемлекетке қолдау көрсетуі керек.

Бұл – аса маңызды.

Коронавирус – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті дерт.

Дегенмен, біз індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті көмекті көрсетеміз.

Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда.

Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары.

Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым.

Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді.

Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты.

Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық.

Төтенше жағдай режимінің қашанда экономикалық және әлеуметтік салдары болады.

Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды.

Мен бұған дейін Дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым.

Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынадай қосымша шешімдер қабылдадым.

Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым.

Осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік.

Енді, 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын.

Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады.

Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі.

Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді.

Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да иеленеді.

Тегін азық-түлік сегіз жүз мыңнан астам адамға беріледі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырамын.

Соған байланысты медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қол жетімді болып қала береді.

Біз шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алып отырмыз.

Кәсіпкерлерге көмек көрсетуіміз керек.

Өйткені, олар – экономикамыздың тірегі.

Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек.

Шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуды тапсырамын.

Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салаларды қамтиды.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі.

Атап айтқанда, бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінеді.

Көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.

Ең алдымен, шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсеткен жөн.

Сонымен қатар, Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді.

Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болады.

Жалпы, осы айтылған шаралар қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар мен отандық бизнесті қолдау үшін керек.

Мұның барлығы коронавирус індетінің залалын тезірек жоюға әсер етеді деп сенемін!

Құрметті отандастар!

Коронавирус індетіне байланысты баршамыз күрделі кезеңді өткеріп отырмыз.

Бірақ, бұл – уақытша қиындық.

Біз оны міндетті түрде жеңеміз!

Бүкіл әлем күресуде. Біз де бар күш-жігерімізді саламыз.

Біз, мемлекет және қоғам болып барша азаматтарымызға қолдау көрсетеміз, ешкімді көмексіз қалдырмаймыз.

Мұқтаж адамдарға қол ұшын береміз.

Бұған ешқандай күмән болмауы керек.

Ең бастысы, шыдамдылық, төзімділік және жауапкершілік танытайық.

Біз – рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халықпыз.

Сондықтан, бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге еңсереміз деп сенемін.

Басты тойларымыз әлі алда.

Төрт құбыламыз түгел болсын, ағайын!

Біз біргеміз!

 

01.04.2020, 11:42:32, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Онлайн конкурс

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «SANALY URPAQ» республикалық Жобалық кеңсесімен және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ-мен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта онлайн конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың ортасын қалыптастыру.
Конкурс номинациялары:
● «Үздік эссе»,
● «Үздік сурет»,
● «Үздік бейнеролик»
● «Үздік өлең».
Шарттары:
1. Конкурсқа материалдар онлайн қабылданады;
2. Конкурсқа материалдар үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын қабылданады;
3. Материалдар 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін ұсынылуы тиіс;
4. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Конкурс өткізу мерзімі:
Конкурс 2020 жылдың 10 сәуірінен 30 сәуіріне дейінгі аралықта өтеді.
Конкурсты ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы мен байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71.
Эссе мен өлеңдер келесі e-mail-ге жіберіледі: n_latifa_b@mail.ru, байланыс нөмірі: +77077836637.
Суреттер, плакаттар, стикерлер мен бейнероликтерді venera.dzhumataeva@gmail.com e-mail-і арқылы жіберу қажет, байланыс нөмірі: +77752043944.

 

01.04.2020, 11:30:18, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

УАҚЫТ ТАЛАБЫНА САЙ

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 2017-2021 жылдарға арналған Даму стратегиясында білім беру қызметінің сапасын жақсартуға және университетті басқару жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді.

Университет «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар атқаруда. Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізу және экономиканы цифрландыру мақсатында, Стратегияны іске асыру аясында ҚМИУ «Cisco Networking Academy» бірлесіп 2018 жылдан бастап Cisco академиясы мәртебесін алған Қарағанды облысында жаңа цифрлық технологияларды енгізу және цифрлық дағдылары бар жаңа кадрларды даярлау үшін базалық алаңға айналды. ҚМИУ «SOTSBI» орталығы жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда қуаныштың тағы бір жақсы себебі бар: қоғамның заманауи дамуын, қазіргі еңбек нарығы түлектеріне қойылатын талаптарды, жасанды интеллект технологиясының дамуы мен кеңеюін ескере отырып, жасанды интеллект технологиялары бойынша мамандар даярлауға қатысты ҚМИУ Байқау кеңесінің шешімімен «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасы ашылады.

Жасанды интеллект – интеллектуалды компьютерлік жүйелерді дамытатын информатика саласы, яғни адамның ақыл-ойымен дәстүрлі түрде байланыстыратын мүмкіндіктер бар – тілді түсіну, үйрену, ойлау, мәселелерді шешу және ең бастысы өздігінен оқу.

Жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлау уақыт талабына сай және өзекті болып табылады. Алдағы уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы роботтар мен жасанды интеллектке ауыстырылады. Сондықтан қазіргі заманғы мамандардың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға жағдай жасау керек. Тез өзгеретін әлемде білім беру мен мансаптың даму беталысын ұстану өте маңызды.

«Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасы біздің аңызға айналған Теміртау қаласында цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыруда үлкен жетістік болып табылады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

26.03.2020, 20:59:01, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС

 

Коронавирус пандемиясы – бұл барлық адамзаттың ынтымақтастығына, жанашырлығына және берілген қиындықтарды бір ұжымдай бірлесе еңсеруіне қойылған сынақ.

“Ғылым қоры” ұйымы әлеуметтік белсенді және бей-жай қарамайтын барлық қазақстандықтарды “Стоп-Коронавирус” Онлайн-Байқауға қатысуға шақырады.

Біздің мақсатымыз – коронавирус пандемиясына қарсы тиімді ғылыми әдістер мен шешімдерді іріктеп алу.

Байқау онлайн режимінде өтеді және оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады!

Қатысушылардың жасы мен тұрғылықты мекен-жайы бойынша шектеулер жоқ.

1)         Іріктеу кезеңі – 2020 жылдың 3 сәуіріне дейін  ұсыныстарыңызды сипаттай отырып, өтініміңізді “Тоқта-Коронавирус” деген белгімен   келесі электрондық мекен-жайларға: anticovidkz@gmail.com,  info@science-fund.kz,  a.daurenbekova@science-fund.kz,  d.yesmukhanova@science-fund.kz  сонымен қатар, келесі whatsapp нөмірлеріне: +7 777 235 51 20, +7 707 192 95 45, +7 777 756 77 44 жіберу керек.

2)         Жобаларды қорғау 2020 жылдың 14 сәуіріне дейін. Іріктеуден өткен қатысушылар онлайн форматта таныстырылым жүргізіп, қазылар алқасының сұрақтарына жауап береді.

3)         Қорытынды шығару және жеңімпаздарды жариялау –  2020 жылдың 16 сәуіріне дейін.

Байқау жеңімпаздарының  жобалары/идеялары  ҚР Үкіметіне жолданып,  сонымен қатар жаңа өнімді шығару  және/немесе қызметтерді ұйымдастыру мақсатында мүдделі инвесторларға ұсынылады.

Сізде коронавирус пандемиясымен күрсеуге өз үлесіңізді қосыңыз!

Байқау жайлы нақтырақ ақпаратты біздің телеграмм арнамыздан көре аласыз: https://t.me/sciencefund. Мұнда сіз өтінімді толтырып, “Стоп-Коронавирус” онлайн-байқауының ережесімен таныса аласыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда мына нөмірге хабарласыңыз

8 (7172) 76-85-76

немесе ұялы телефондар арқылы +7 777 235 51 20,

+7 777 235 51 20,

+7 707 192 95 45,

+7 777 756 77 44.

Короновирусты реттеу

 

26.03.2020, 13:33:08, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар