“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Хабарландыру

“Өнімді инновацияларды ынталандыру” жобасын іске асыру шеңберінде ҚР БҒМ «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» ШЖҚ РМК ғалымдар және ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жариялайды.

2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы№8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және ДамуБанкі арасындағы Қарыз туралы келісім және 2019 жылғы 29 қарашадағы №33 Грант туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында ғалымдар және ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жарияланады.

Қызметтерді көрсетудің күтілетін мерзімі келісімшартқа қол қойылған күннен бастап 9-10,5 айды құрайды және міндетті түрде тілдік емтиханға дайындық және кем дегенде IELTS 5.5-6.0 және TOEFL IBT 46-78 және одан жоғары (білім алушылардың кем дегенде 60%-ы) және IELTS 5.0 және TOEFL IBT 45 (қалған білім алушылар үшін) балдарымен тапсырумен, жалпыеуропалық тілдік біліктілік шкаласы бойынша elementary деңгейінен upper-intermediate деңгейіне дейін 3 деңгейді қамтиды.

Мүдделілік білдіру туралы ұсыныстар 2020 жыл 26 наурыз сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Султан қ. уақыты) электрондық мекенжайларға қабылданады: info@kgiu.kz, dni@kgiu.kz және міндетті түрде көшірмесін Жобаның электрондық поштасына жіберу қажет: tto@fpip.kz.

Хаттың тақырыбын көрсету қажет: ҚР БҒМ «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» ШЖҚ РМК ТКК/ТТК ғалымдары және қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту жөнінде қызмет көрсетуге консультанттарды іріктеу”

Хатта компанияның түйіндемесін (еркін формада) және компанияда қызметтерді көрсету үшін қажетті біліктілік және тиісті тәжірибесі бар екенін көрсететін ақпаратты қоса тіркеу қажет.

Мүдделі консультанттар (тіл мектептері) қосымша ақпаратты төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша жұмыс сағаттарында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (Нұр-Султан қ. уақыты) ала алады.

Байланыс деректері: ҚР БҒМ «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» ШЖҚ РМК

Мекенжай: 101400, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы 30.

Жауапты тұлға: Ержанов Алмас Сатыбалдыевич.

Телефон: +7 (747) 131 2183.

Электрондық пошта: info@kgiu.kz, dni@kgiu.kz.

1 қосымша Қызығушылық білдіруге шақыру

2 қосымша Техникалық тапсырма

11.03.2020, 10:40:51, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘЙЕЛДЕРІ!

Сүйкімді қыздар, әйелдер

 Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ұжымы!

Сіздерді шын жүректен Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды.

Жылдың ең нәзік, ең жарқын және ең әдемі күні – 8 наурыз!

Көктемнің басы, табиғаттағы тіршіліктің бастауы, алғашқы жылы ай.

Қымбатты қыздар, әйелдер, бұл жылу үйіңізге және жаныңызға қонсын. Табиғаттың әсемдігі шабыт берсін. Көктемнің басы  өмірлеріңіздегі өте қажет және әдемі оқиғаның басталуын білдірсін!

Мейраммен!

06.03.2020, 11:11:57, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ҚМИУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, 2020 жылдың 5 наурызда университеттің кіші мәжіліс залында Теміртау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мирас Жанатбекұлы Құттыбай өзінің өмірін оқытушылық мамандығымен байланыстырған ҚМИУ әдемі қызметкерлерін келе жатқан көктем 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Біздің университеттің оқытушылары қазақстандық білімнің дамуына лайықты өз үлестерін қосуда.

Мирас Жанатбекұлы атап өткендей, әйел-ұстаздардың үлесінсіз қоғамымыздың кез-келген маңызды әлеуметтік салаларындағы жетістіктерін елестету мүмкін емес: «Сіздердің білімдеріңіз, мінсіз іскерлік қызметтеріңіз бен шығармашылық көзқарасыңыз әрқашан сұранысқа ие. Қымбатты әйелдер, қаламыздың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін, рухани жомарттығыңыз бен жасампаздығыңыз үшін рахмет. Дендеріңіз сау, бақытты және сүйікті болыңыздар! Отбасыларыңызда татулықпен молшылық болсын! Мен сіздерге көктемнің көтеріңкі көңіл-күйін, сәттілік пен үлкен бақыт тілеймін».

ҚМИУ баспасөз қызметі

05.03.2020, 11:03:10, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРІ

2020 жылғы 2 және 4 наурыз күндері Қарағанды мемлекеттік индустриялық  университетінің «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы бірінші курс студенттері үшін Теміртау қаласындағы Тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырды, біздің студенттер Алғыс күні мерекесіне арналған «Тағдыр» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған көрмеге қатысты.

Қазақстандағы Алғыс айту күні – бұл ерекше мағына мен рухани қуанышқа толы салыстырмалы түрде жаңа мереке, ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы арқасында жүзеге асырылуда. 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясында айтылған бұл ұсыныс Қазақстан халық тарапынан кең қолдау тапты.

Мереке идеясы қазақстандықтарды бірден қуантты. Осы себепті. Қазақстан  көпұлтты мемлекет ретінде танымал:

– елде 130 этникалық топ пен 17 діни конфессияны біріктірілген;

– ХХ ғасырда оның территориясына Украина, Ресей және Беларусиядан бес миллионнан астам адам көшіп келді.

Сонымен бірге біздің республикада ұлтаралық және конфессияаралық келісім үшін барлық жағдайлар жасалған. Бұл Столыпин реформаларынан, ұжымдастыру мен ыдырауынан кейін қазақстандықтар көптеген иммигранттарды қабылдаған кезде пайда болған ерекше ұлттық идея. Өзара көмек, қолдау және жауаптылық қазіргі заманғы тұтас қоғам құрудың негізі болды. Міне, бес жылдан бері, 1 наурыз күні, Қазақстан өткен уақыттарды еске алып, күнделікті өмірдегі мейірімділік пен жомарттық үшін бір-біріне алғыс айтады.

Алғыс айту күніне орай мұражай қызметкерлері арнайы дайындалған тарихи деректер мен тарихи жәдігерлерді ұсынды, сонымен қатар студенттерді «Бір тағдыр, біртұтас ұлт, бір ел» қағидаты бойынша еліміздің тарихымен таныстырды. Атап айтқанда, олар Теміртаудың көп ұлттар қонысы және өнеркәсіптік алпауытқа айналған өңір тарихы туралы әңгімелеп берді. Көрмеде депортацияланған ұлттың тарихы туралы естеліктер ұсынылды: орыстар, украиндар, белорустар, башқұрттар, шешендер, немістер, корейлер т.б.

Іс-шараға қатысқан студенттердің көпшілігі еліміздің әр түкпірінен келген «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын студенттер.

Іс-шараға қатысушылар Теміртау мұражайының қызметкерлеріне патриоттық тәрбие ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді. Шынында да, осындай іс-шараларды өткізу барлығымызға өткенді, көпұлтты Қазақстан қалыптасқан тарихи оқиғаларды еске түсіруге, сонымен қатар студенттердің аға буынының құндылықтарын бойына сіңіруге, толеранттылыққа, ортақ тіл таба білуге, шығу тегімізді құрметтеуге және Отанымызды сүюге мүмкіндік береді.

Іс-шараға «Металлургия», «Ақпараттық технологиялар», «Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» және «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандықтарының студенттері қатысты.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

04.03.2020, 17:29:51, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ студенттері АБАЙ КУНАНБАЕВТЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АКЦИЯ ӨТКІЗДІ

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған акция өткізді. ҚМИУ ҚХА Жастар лигасының мүшелері Абай шығармаларын ана тілінде оқыды.

Бейнебаянды қараңыз

04.03.2020, 15:06:17, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар