Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...
Архив:Тарау таңдап алу: Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу → ЖИТС туралы әңгімелесу
Ағымдағы жылдың 26 ақпанында ҚМИУ жанындағы техникалық-экономикалық колледжінің студенттерімен қалалық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының өкілдерімен профилактикалық әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында білім алушылар осы қауіпті аурудың пайда болу тарихы, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, сондай-ақ жұқтырудың алдын алу бойынша қажетті шаралар туралы білді. Әңгіме соңында студенттер жастарға АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тің ерекшеліктері туралы, берілу тәсілдері, емдеу және алдын алу әдістері туралы түсінікті түрде хабардар етуге арналған бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында студенттерге викторина ұсынылды, оған олар белсенді қатысып, өз білімдерін бекітті.
«ЕКІНШІ ҰСТАЗ» ҒАЛЫМ, ФИЛОСОФ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА
2020 жылы Қазақстан Республикасы ғалым, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтеді. Мерекені жоғары ұйымдастырушылық және мазмұнды деңгейде өткізу үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды. Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы 2020 жылы ЮНЕСКО қамқорлығымен халықаралық деңгейде аталып өтіледі.
Қазақстанның көрнекті тұлғалары – халықтың мақтанышы. Бұл жеке тұлғалар іс-әрекеттері ұлттық тарих шежірелерінде жазылған. Олардың есімдері – Қазақстанның мақтанышы. Олардың күш-жігерінің арқасында мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің қалыптасты. Әрбір қазақстандық осы есімдер мен олардың жетістіктердін білу керек. Әлемге әйгілі философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқытушылары мен қызметкерлері бірқатар іс-шаралар өткізді. Ұлы қазақ ойшылының бай әдеби және ғылыми мұрасын сақтау және насихаттау, жастар арасында патриотизм сезімін қалыптастыру, өз халқының тарихына араласу мақсатында ҚМИУ 2020 жылдың 10 ақпанында «Әбу Насыр әл-Фараби және оның ғылыми мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында спикерлер қатысушыларды әл-Фарабидің көпқырлы қызметі мен ғылыми мұрасының өмірімен таныстырды. Іс-шара барысында студенттер қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді, оқытушының тапсырмаларын шығармашылықпен орындауға тырысты, сөйтіп, гуманитарлық саладағы білімдерін толықтырды. Кездесу соңында қатысушылар мұндай кездесулерді тұрақты негізде өткізудің маңыздылығын атап өтті. 13 ақпанда 2020 жылы университет «Әл-Фараби – адамзат тарихындағы ұлы философ» тақырыбында пікірталас іс-шарасын өткізді. 26 ақпан, 2020 ж. Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті ғылыми кітапханамен бірлесіп Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерекесіне арналған «Әбу Насыр әл-Фараби және қазіргі заман» тақырыбында шағын оқу конференциясын ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты – ғаламдық өзгеріс дәуірінің жаңа дүниетанымындағы өткен мұраның рөлін, жаңа дәуір тұлғасын рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптастыруда әл-Фараби мұрасының өзектілігі, әлемдік өркениет тұжырымдамасындағы әл-Фараби ілімдерінің рухани-адамгершілік әлеуетін анықтау. Конференция екі бағытта өтеді: 1. Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы. 2. Әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке әсері: тарих және қазіргі заман. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту жоспарындағы іс-шараларды әрі қарай жалғастырады. ҚМИУ баспасөз қызметі ҚМИУ НАҚТЫ ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОРҒАУ ӨТКІЗІЛДІ
25 ақпанда ҚМИУ нақты дипломдық жобаларды қорғау өткізілді.
Нақты дипломдық жоба – бұл таңдалған мамандыққа сәйкес дизайн немесе практикалық тапсырмаларды шешуге арналған техникалық жобаны жасаумен және іске асырумен байланысты тәуелсіз және логикалық аяқталған жұмыс. Бүгін «Құрылыс» кафедрасының жас мамандары – бакалаврлары Мемлекеттік комиссияға «10 дербес компьютерде білім беру ұйымдарына арналған АКТ оқу кабинеттерін жобалаудың интеграцияланған нақты моделінің жобасы» және «Назарбаев – залы» білім ұйымында рекреациялық кешенді нақты үлгілік тақырыптық жобаны рәсімдеу және оны нақты уақытта жүзеге асыру»тақырыпьарына арналған дипломдық жобаларды ұысынды. Бірінші дипломдық жоба Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің жаңа ғимаратының 306 аудиториясын қайта құрудың жобалық жоспарын жасауды қолдана отырып жүзеге асырылды. Екінші дипломдық жоба «Назарбаев холлы» деген атаумен университеттің демалу орындарының бірінің дизайнына арналғанн. Таңдалған түс сұлбасы дипломдық жобаларға даралықты, заманауи материалдар мен дизайнерлік шешімдерді қолдана отырып, ерекше интерьер стилін, табиғи және айрықша идеялардың қайталану ерекшелігін береді. Дипломдық жұмыстың нақты жобаларының басты артықшылығы – оларды университеттің және басқа оқу орындарының оқу бөлмелерінде күрделі жөндеу кезінде кейіннен қайта пайдалануға болады. Мысалы, негізгі фонды өзгерту және трафаретті бояудың түстерін таңдау арқылы оңай қол жеткізумен аудитория дизайнының жеке стилін өзгертуге болады немесе «Назарбаев Холл» жобасын қолдана отырып, қазақ халқының көрнекті ойшылары мен қоғам қайраткерлеріне арналған тағы бір университетте рекреациялануды ұйымдастыра аласыз, мысалы, Әбу Насыр әл-Фараби және Абай Құнанбайұлына арналған. Қайта құру және нақты жобалардың тақырыптық дизайны университет ғимаратының тұтастығына толық сәйкес келеді, сонымен бірге олардың мақсаты мен қызметтік іс-әрекетін сақтайды. Осындай жобаларды жүзеге асыру және қорғау бүгінде жоғары топтағы құзыреттілігі білікті мамандарды дайындаудың кілті болып табылады! Іс-шара соңында түлектер ең алдымен кафедра ұжымы мен университетке ризашылықтарын білдірді. Біздің түлектерімізді идеяларын сәтті жүзеге асыруларымен және дипломдық жобаларды тамаша қорғаумен құттықтаймыз. ҚМИУ баспасөз қызметі ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ VIII ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАНЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ЖАЛПЫ ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫН ӨТКІЗДІ2020 жылдың 22 ақпан күні Қазақстанда Әбу насып ал-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған VIII қысқы Универсиада ойындары басталды. Универсиада 2020 жылдың 20 ақпаны мен 20 наурыз аралығында өтеді. Дәстүр бойынша ҚМИУ студенттері Универсиададаны қолдау мақсатында жалпы шаңғы жарысын өткізді, бұл жарысқа 80 астам студенттер қатысты. Жарыс ұраны – «Бастысы жеңіс емес, бастысы – қатысу! Жақсы көңіл күй – жетістікпен, денсаулық кепілі!». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «… Жаппай дене шынықтыруды дамыту жаңа чемпиондардың шыңына жететін пирамидаға айналуы керек. Бұл дені сау және белсенді жастарға, сайып келгенде, күшті ұлтқа негіз болады … » Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру мақсатында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті жыл сайын үлкен спорттық іс-шараларды өткізеді: бірінші курс студенттеріне арналған Спорт күні, Ректор кубогына арналған ҚМИУ спартакиадасы, университет студенттерінің қалалық және облыстық спартакиадаларға қатысуы, экокросс және т.б. .. Бұл жарыстарға баскетбол, волейбол, футбол, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және шаңғы спорты сияқты спорт түрлері кіреді. Біздің университет студенттері спортпен шұғылдануды және салауатты өмір салтын ұнатады. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау, дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру және студенттердің денсаулығын нығайту аясында университетімізде 9 спорт секциясы бар: футбол, волейбол, баскетбол, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, асық, үстел теннисі, фитнес. Университетте өткізілген Универсиадаға жиырмадан астам студенттер қатысады. Әрине, олардың әрқайысы жеңіске жетуге дайын. Универсиада – Спорт – ҚМИУ – Теміртау! ҚМИУ баспасөз қызметі ҚМИУ БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕРІ ЖАС КӨШБАСШЫ МЕКТЕБІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ
2020 жылы 20 ақпан күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің белсенді студенттері Бағдат Камаладинов, Гулсая Алдамуратова, Навруз Хаитова, Айтолқын Жанәбіл, Перизат Жеңісбекова, Амина Ибраева, Адина Ибраева, Арлан Мусахан, Жайыгүл Сарсенова және Майра Серік, «Жас көшбасшы» мектебінің салтанатты ашылуына қатысты. Бұл жобаны Теміртау қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды. «Жас көшбасшы» мектебі – бұл жастардың көшбасшылық қасиеттерін ашатын жаңа алаң, сонымен қатар өзекті мәселелерді талқылауға арналған бір алаңда кездесу мүмкіндігі. Бұл жобаның негізгі мақсаты – жастар ортасында көшбасшылық әлеуетті дамыту, жас интеллектуалды дамыған адамдардың этномәдени ерекшелігін сақтау, сонымен қатар Қазақстан Республикасының көп ұлтты қоғамындағы толеранттылықтың маңызды шарттарының бірі ретінде олардың арасындағы мәдениаралық байланысты кеңейту. Біздің студенттер бір жыл бойы көшбасшылық негіздерін үйреніп, әр түрлі әлеуметтік және жеке тұлғаға бағытталған іс-әрекеттегі көшбасшылық қасиеттерін дамытуды үйренеді. Мектептің оқу жоспарында дәрістер, дискуссиялар, оқу семинарлары, шеберлік сыныптары және оқытудың басқа да түрлері қарастырылған. Бірінші күні қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, бір-бірін жақсырақ білу үшін, іс-шараны ұйымдастырушылар «Мафия» қызықты ойынын өткізді, онда еркін формада қатысқандардың бәрі өздері туралы айтып, болашақтағы даму жоспарлары мен «Жас көшбасшы» мектебіне арналған сабақ кестесін талқылады.
ҚМИУ баспасөз қызметі |