“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Жастар, ғылым және техника: интеграция және жетілдіру тәсілдері» онлайн форматындағы ғылыми конференция

2020 жылдың 16 сәуірінде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде онлайн тәртібінде Қазақстан Республикасының Ғылым күніне арналған «Жастар, ғылым және техника: интеграция және жетілдіру тәсілдері» атты ғылыми конференция өткізілді. Онлайн-конференция Қазақ инфокоммуникациялар академиясының техникалық қолдауымен «Cisco WebEx Meetings» алаңында өтті.

Конференцияның мақсаты – металлургия, экономика, құрылыс, машинажасау, технология және білім беру мәселелері бойынша зерттеулердің ғылыми нәтижелерін, сондай-ақ оларды ғылым мен практикада қолдану бойынша практикалық ұсыныстарды талқылау.

Конференция үш секция бойынша өткізілді:

  1. «Инженерлік»
  2. «Цифрландыру және жасанды интеллект технологиясы»
  3. «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар».

Конференцияға мектеп оқушылары, студенттер, магистранттар, докторанттар және университеттің жас ғалымдары қатысты.

Біздің университетімізде коронавирустық пандемияға байланысты конференция онлайн-трансляция түрінде өткізілді. Іс-шараның тікелей трансляциясы барлығына қолжетімді болды.

Конференцияға Қазақстан мен Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарынан 250 астам адам қатысты, атап айтсақ: Астрахань мемлекеттік техникалық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,  Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты және басқалар.

Таратылымды ҚМИУ сайтында да, Facebook әлеуметтік желісінде де көруге болады.

Конференцияның қорытындысы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы біртұтас білім беру және ғылыми кеңістікті одан әрі тереңдету, сондай-ақ халықаралық деңгейде бірлескен ғылыми және білім беру қызметін дамыту туралы қарар қабылданды.


17.04.2020, 13:36:56, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Хабарландыру


16.04.2020, 12:04:11, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Жастар, ғылым және техника: жетілдіру жолдары мен интеграция


16.04.2020, 11:58:03, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ онлайн-конференция өткізеді


Қатысушыларды тіркеу

Конференцияға қосылу

14.04.2020, 22:03:29, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Назар аударыңыз: конкурс!

Ғұлама, ойшыл,сазгер, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты онлайн байқаудың
ЕРЕЖЕСІ

Ұйымдастырушы: Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

Өтетін күні: 20 сәуір 2020 жыл

Мақсаты мен міндеттері:
● Ұлт мақтанышы, данышпан ойшыл, сазгер, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау;
● ғұлама ақын шығармалары арқылы студенттер бойында рухани – адамгершілік, имандылық, отан сүйгіштік қасиеттерін арттыру;
● дарынды студенттерді анықтау және олардың шығармашылығын арттыруға қолдау көрсету.

Байқаудың шарттары:
● Байқауға Абай Құнанбайұлының кез-келген өлеңін немесе бір қара сөзін жатқа оқып, видеосын nurkhan-86@mail.ru электронды почтасына немесе 87014232396 Whats App номеріне жіберуі тиіс;
● Видео 9 минут 45 секунттан аспауы керек;
● Орындаушы Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті студенті болуы шарт;
● Егер орындаушы қатысқан болса видеоролик, клип түрінде материал қабылданады.

Бағалау критерилері:
Байқау жеңімпазы @studenttik_parlamentt Instragram парақшасындағы лайк санымен және қазылар алқасының құрамының шешімімен анықталады. Қазылар алқасы шешім шығару барысында келесі критерилерді басшылыққа алады:
● өлең оқу, қара сөз оқу мәнері;
● актерлық шеберлігі;
● шығармашылығын көрсете алу қабілеті;
● видеоның сапасы

Марапаттау:
Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықпен марапатталады.
Сұраныныстар 2020 жылдың 17 – сәуіріне дейін қаб

 

14.04.2020, 19:02:49, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар