ҚАРАҒАНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «САНАЛЫ ҰРПАК» СТУДЕНТТІК КЛУБЫНЫҢ АҚПАРАТ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МҮШЕЛЕРІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ «SANALY URPAQ-2020» МЕКТЕБІНІҢ ДӘРІСТІК ТОПТАМАСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
Қарағанды индустриялық университетінің «Саналы ұрпақ» студенттік клубының ақпараттық-насихаттау секциясының мүшелері 2020 жылғы 26-30 қазан аралығында Тұран университетінің «Sanaly urpaq-2020» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебінің «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің өкілдерімен бірге бірқатар дәрістеріне қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептің жұмысына ҚарИУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі жұмыс тобының мүшелері мен «Заң және адалдық негіздері» пәнінің оқытушылары да қатысты.
Іс-шараның мақсаты: студенттерге азаматтық қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кеңірек білім беру.
Мектептің апталық жұмысы барысында келесі тақырыптарда дәрістер өткізілді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесіне шолу» К.А. Токушев – «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі; «Қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы шолу» Д.А. Оспанова – з.ғ.к., доцент «Тұран» университетінің «Құқықтану және ХҚ» кафедрасының меңгерушісі; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданбалы құралдар және қадамдық ұсыныстар» А.А. Аралбаева – з.ғ.к., доцент, «Тұран» университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықтың нақты мысалдары» Т.А. Тоқтыбеков – з.ғ.к., доцент; «Сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз салдарын жеңу үшін қолданылатын стратегия» (М.М. Аскарова, з.ғ.м., қорғаушы – практик, «Legal» арбитражының арбитрі).
Іс-шара соңында белсенді қатысушылар сертификаттармен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл іс-шара университетіміздің «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жұмысында ерекше маңызды рөл атқарады, бұл студенттің жеке сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын қамтамасыз етудің үлгісі.
Адалдық мектебі