Желілік білім беруді барынша пайдалану, сондай-ақ Қазақстан тарихын және біздің елдің азаматтарының патриоттық санасының қалыптасуын зерттеу мақсатында 2020 жылдың 2-3 қарашасында ASTANA IT UNIVERSITY мен Қарағанды индустриялық университетінің студенттері Елбасы кітапханасы ұйымдастырған кино дәріске белсенді қатысты.
Кино дәрісті «Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі – тарихи дерек көзі ретінде» атты тақырыпта Интернеттегі әлеуметтік, гуманитарлық және білім беру жобалары қызметінің жетекші зерттеушісі Аслан Әзірбаев жүргізді.
Жаңа білім беру форматы Егемен Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларға арналған деректі және көркем фильмдерді қарау арқылы заманауи тарихты зерттеуді кеңінен насихаттауға бағытталған. «Жұлдыздар осылай пайда болды» және «Көшбасшы жолы. Астана» «Көшбасшы жолы» эпопеясы жастарға жаңа жас мемлекеттің қалыптасуының маңызды кезеңдері туралы баяндайды.
– Республиканың жоғары оқу орындарында студенттер мамандықтарына қарамастан «Қазақстанның жаңа тарихы» курсын оқиды. Елбасының өмірі мен шығармашылығы туралы фильмдер – ХХ-ХХІ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша ең құнды «кино оқулық». Бұл фильмдер көрерменге қазақ халқының мемлекетінің тәуелсіздікке жету жолын бейнелейді. Фильмдер арқылы Н.Ә.Назарбаевтың өмірімен және жанқиярлық еңбегімен тәуелсіз Қазақстанның тарихының қаоыптасуы байқалады, – деді лектор.
Аслан Әзірбаевтың айтуынша, көрсетілген бейне тізбегі ел тарихы туралы білімді толықтыруға көмектеседі, көрілген фильмдерде туындаған проблемалар ойлануға мәжбүр етеді, фильм сюжетін ғылыми әдебиеттер мазмұнымен салыстыруға үйретеді.
Кино дәріске қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.
ASTANA IT UNIVERSITY Студенттермен жұмыс департаментінің директоры Сұлтан Рахымжанов: «Дәріс көңілді болды, баяндамашының баяндаманы монотонды түрде оқымай, үнемі аудиториямен тығыз байланыста болғаны өте қуантты. Мәніне келетін болсақ, мен үшін елдің және біздің Елбасымыздың даму тарихын білу қызықты болды. Ел өміріндегі тағдыршешті шешімдер фильмдерден үзінді түрінде көрсетілді, бұл мұндай кездесулерді одан әрі қызғылықты әрі айқын етеді, сонымен қатар киноэпопеяның барлық фильмдерін көруге деген құштарлықты оятады».
ҚарИУ 2 курс студенті Илья Левченко: «Маған бұл дәріс форматы қатты ұнады. Енді мен кітаптардан алынған ақпаратты нығайту үшін кейде фильм көрудің пайдалы екеніне сенімдімін ».
Қазақстанның қазіргі жастары үшін – Тұңғыш Президент, Қазақстан Республикасының Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке тұлғасы лайықты үлгі.
ҚарИУ баспасөз қызметі