Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...
Архив:Тарау таңдап алу: Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу → БІЛІМ САПАСЫ – ҚАЗІРГІ УНИВЕРСИТЕТТІ ДАМЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫЛЫҚҚарағанды индустриялық университетінде ғылыми-білім беру үдерісінің заманауи талаптарына сәйкес келетін білім беру технологиялары мен ғылыми зерттеулердің дамуы, университеттің кафедралары мен зертханаларының материалдық-техникалық жабдықталуын жаңартуға және дамытуға уақытында баса назар аудару қажеттілігін талап етеді. Қазіргі кезде біздің университетте білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жыл сайын жаңартылатын және жаңа оқу және ғылыми жабдықтармен, компьютерлермен және басқа да негізгі құралдармен толықтырылатын заманауи материалдық-техникалық база қалыптьасқан. Ағымдағы оқу жылының басында университетіміздің «Энергетика» кафедрасының материалды-техникалық базасы толықтырылды. Келесі жаңа стендтер сатып алынды, мысалы: 1) «Ақылды үйді электрмен жабдықтау». Стенд – жарықтың жеке индикаторы бар интерактивті жарық динамикалық панелі. Стендтің алдыңғы жағында келесі бөлімдер бойынша толық ақпарат ұсынылған:
Оқу жабдығында жоғары сезімтал сенсорлар трансивер құрылғыларының интерактивті әрекетін қолдана отырып, жабдықтың жұмысы басқарылады. Стенд «виртуалды оқытушы» функциясымен жабдықталған, ол ақылды үйді электрмен жабдықтаудың негізгі ерекшеліктері мен принциптері туралы айтады. 2) Интерактивті жарық-динамикалық стенд «Желді электрстансасының сұлбасы. Стенд – бұл желді электрстанциясының сұлбасы туралы ақпаратты көрсететін толық түсті жарық динамикалық панель. Өте сезімтал сенсорлар трансиверлік құрылғылардың интерактивті әрекетін қолдана отырып, стендті басқару үшін жаттығу жабдықтары қарастырылған. Стендпен жұмыс істеудің екі тәртібі бар: «Тренинг» және «Бақылау». Стендтің төменгі жағында орналасқан басқару пультіндегі «Тренинг» тәртібінде басқару элементін қолдана отырып, элементтердің бірін таңдауға болады, жарық индикаторы осы позицияны көрсетеді, ал «Виртуалды оқытушы» бағдарламалық жасақтамасы таңдалған элемент туралы айтады. «Басқару» тәртібінде басқару бағдарламасының коды сұрақтың кездейсоқ нұсқасын шығарады. Егер жауап дұрыс (қате) болса, қабылданған стандарттарға сәйкес келетін жарықдиодты индикатор жанады. «Виртуалды оқытушы» дыбыс деңгейі стендтің алдыңғы жағында орналасқан сенсорлық басқару көмегімен өзгертіледі. Бүгінгі таңда Қарағанды индустриялық университеті – заманауи, қарқынды дамып келе жатқан университет, оның басты мақсаты – зерттеушілерді, ғалымдар мен студенттердің білім мен ғылым саласында әлемдік деңгейге жетуіне қажеті ең жаңа, инновациялық құрал-жабдықтармен уақтылы қамтамасыз ету.
«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ2020ж. 06 қарашада «Құрылыс және экономика» факультетінің ғылыми-әдістемелік апталық аясында «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасы «Қашықтықтан оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы семинар-тренингін өткізді. Шараға жауапты кафедраның аға оқытушысы г.ғ.м. Ж.К.Капашева әдістемелік қызмет көрсетудегі ұтқырлық формаларын кеңейту мақсатында семинар-тренинг жұмысын ««Өрлеу»біліктілікті арттыру орталығы» АҚ-ның филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесе оңтайлы ұйымдастырды. Шараға әдістемелік қолдау көрсеткен директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары ф.ғ.к., доцент М.А. Жетпісбаева, «Тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушылары п.ғ.м. У.А.Майбасова мен А.К.Шадетова оқытудың сандық технологиясы жағдайында оқу әрекетін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері бойынша теориялық және практикалық тұрғыдан әдістемелік ұсынымдар берді. Университет оқытушылары үшін аудиосабақ, видеосабақ түрлерін ұйымдастыруда интернет платормаларды пайдаланудың түрлі тиімді тәсілдері көрсетілді. Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтың құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара әдістемелік тұрғыдан өте маңызды да құнды болды. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департамента ағымдағы жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өткенін хабарлайды. Іс-шара аясында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемнің жетекші университеттеріндегі дәрістері» кітабының баспа және электрондық форматтағы тұсаукесері өтіп, Министрлікке жоғары оқу орындарына оқу процессінде пайдалануға жолдау үшін табысталды. Аталған дәрістер жиынтығының электронды нұсқасы және ол туралы қысқаша бейнеролик Болон процессі жэне академиялық ұтқырлық орталығының ресми сайтына орналастырылды (сілтеме: https://enic-kazakhstan.kz/ru/reference_information/lekcii-elbasy-1). Осы ретте, Елбасы дәрістерін оқу процессіне енгізу және пайдалану қажет екендігін мәлімдейміз. Дәрістер – https://enic-kazakhstan.kz/files/1604569984/kniga-lekcii-elbasy.pdf |