ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДЕРІН ТӘРБИЕЛЕЙ ОТЫРЫП
Университетте ҚР Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу аясында өткізілетін іс-шаралар жалғасуда. Студенттер “Тәуелсіздіктің 7 қыры”фильмін көруге белсенді қатысады. Өткізілетін іс – шаралардың басты мақсаты-еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген құндылықтарды насихаттау.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында 23-24.11.2020 ж. аралығында «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мерекелік іс-шараларды онлайн сабақ түрінде өткізді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Тәуелсіздіктің тұғырын берік етіп, ел іргесін бекітудегі рөліне арналған кураторлық сағаттар циклі өткізілді. Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік құрылысының қазақстандық моделін қалыптастыруда сіңірген ерең еңбегі туралы мәліметтер берілді. Студенттерге «Тәуелсіздіктің 7 қыры» деректі фильмі көрсетілді. Фильмінде басқа елдер үшін бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың үлгісіне айналған ұлтаралық бірлік пен конфессияаралық келісімнің бірегей «қазақстандық даму моделі» жолы және тәуелсіздіктің 29 жылында жеткен жетістіктерге ерекше назар аударылып атап өтілді.
Барлық фильмдерде Елбасының жүргізіліп жатқан реформалардағы іргелі рөлін ашуға, бұрын белгісіз болған фактілерді және оларды іс жүзінде жүзеге асыру, мәнін тереңірек мүмкіндік берілді.
Өткізілген іс-шаралар үлкен тәрбиелік әсерге ие және студенттердің патриоттық сезімдерін қалыптастыруға сөзсіз үлес қосты.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы