ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КУРАТОРЛЫҚ САҒАТТАР ТОПТАМАСЫ
Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде, сондай-ақ 2020 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күнін мерекелеуге байланысты «Энергетика, көлік және басқару жүйелері» факультетінің ӨНЭ-19 және ӨНЭ-19ж студенттер академиялық топтарының кураторы Қарағанды индустриялық университетінің оқытушысы Наталья Асабина «Zoom» арқылы «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклі бойынша «Өмір жолдары» деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырумен кураторлық сағатты өткізді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев біздің еліміздің дамуында өте зорүлес қосты. Елбасының сындарлы саясаты мен даналығының арқасында дұрыс және заманауи шешімдер қабылданды. Егеменді еліміздің жолы оңай болған жоқ. Алайда, елді дамытуға, әрбір азаматтың жағдайын жақсартуға, қоғамдық келісімді, этносаралық және конфессияаралық бірлікті сақтауға бағытталған негізгі шешімдер біздің мемлекетіміздің кемелденуін белгіледі.
«Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінің «Өмір жолдары» деректі фильмі республиканың халықаралық транзиттік әлеуетін кеңейту, «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен бірлесіп «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру туралы баяндайды.
Фильмді көргеннен кейін фильмнің мазмұны туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің еліміздің тәуелсіздігін орнату үдерісіне қосқан үлесі және қазіргі Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері туралы қысқаша пікірталас болды.
«Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер циклын «Астана» телеарнасы дайындады. Фильмдер Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылғы маусымда өткен «Көшбасшылықтың 30 жылы» халықаралық конференциясында айтқан жеті сынға негізделген.
Барлық фильмдерде Елбасының жүргізіліп жатқан реформалардағы іргелі рөлін ашуға, бұрын белгісіз болған фактілерді және оларды іс жүзінде жүзеге асырудың қызықты бөлшектерін ашуға ерекше назар аударылады.
ҚарИУ баспасөз қызметі