Архив:
Тарау таңдап алу:
Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →
Қалалық зияткерлік ойын «Менің отанымның рәміздері» 4 маусым күні ҚМИУ өткізілді. Қатысушылар – Теміртау қ. колледж студенттері – өздерінің мемлекеттік рәміздерге қатысты білімдерін және Қазақстанның өміріндегі олардың маңыздылығын, мәнін, атқаратын рөлін қалай анықтай алатындықтарын көрсетті.
Осы күнгі пікір-талас өте қызықты болды. Студенттер берілген сұрақтарға дәлелді жауап берумен, өздерінің «мемлекеттік рәміздерге» қатысты білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті. Блиц-сұрақ уақытында олар геральдика дегеніміз не, «әнұран» және «елтаңба» сөздерінің мәнін, қай жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданғанын, ғимаратта мемлекеттік елтаңба және туды орналастыру кезінде қандай шартты қатаң сақтау керектігін, қай жерде және қайда мемлекеттік елтаңба және ту, сонымен бірге Қазақстан Республикасының әнұранын қолдануға болатындығы жайлы сұрақтарға толық жауап берді.
Ойынның келесі кезеңінде ҚР елтаңбасының авторлары жайлы, бесбұрышты жұлдыз, шаңырақтың екі жағында не орналасқанын, нені білдіретіндігі, жалпы Отанға қызмет ету идеясы, елтаңбадағы шаңырақ, және т.б. сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезең еліміздің туына арналды. Сұрақтар арасында – мемлекеттік тудың авторы кім? Тудың бірыңғай түсі нені білдіреді, тудағы күн нені білдіреді, оның маңында қанша сәуле белгіленген, сәулелер неге бидай түрінде бейнеленген, еліміздің туын әзірлеуге арналған конкурсқа қанша жобалар қатысты, тудың ұзындығы және енінің өлшемі қанша деген сұрақтарға жауап алынды.
Келесі кезең мемлекеттік әнұранға арналды. Сұрақтар тізімінде: әнұран сөзінің авторы кім, ҚР әнұраны шырқалған кезде ҚР азаматтарының іс-қимылдарының тәртібі қандай, герк сөзінен «әнұран» сөзінің аудармасының мәні қандай, «Менің Қазақстаным» әні қай жылы жазылды, Қазақстан тарихында әнұран неше рет бекітілді? Кейін ұйымдастырушылар – Теміртау қ. Ішкі саясат бөлімі және ҚМИУ өкілдері конкурсқа қатысушылар қаншалықты әнұранды жатқа білетіндерін тексерді: командаларға параққа жазылған әнұран мәтіні таратылды, мәтінде көп нүктенің орнына қажетті сөзді 1 минут ішінде жазу керек болды.
Командалар 7 минут ішінде «Жастар бойында мемлекеттік рәміздерге деген құраметті қалай қалыптастыру керек?» деген тақырыпқа арналған шағын-жобаны жазу ең қызықты кезең болды. Қортындысында қатысушылардың бірі мектеп бағдарламасына әрбір оқу жылының соңында осы тақырып бойынша емтихан тапсыруды енгізуді, басқалары қалада әртүрлі акцияларды ұйымдастыру қажеттілігі туралы жазды.
Зияткерлік ойынның барлық қатысушылары грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар осы іс-шарада Теміртау қ. Ішкі саясат бөлімі бұрын өткізген іс-шаралар бойынша әртүрлі конкурстардың жеңілпаздары да мараптатталды.
Эссе конкурсы бойынша: 1 орын – Л. Желикке (жетекшісі – Ж. Жумадилова), 2 орын – С. Ховдбайға (жетекшісі – М. Атчабарова), 3 орын – Н. Гайнуллинге (жетекшісі – А. Бикенова) берілді, сонымен бірге Б. Султанбекова, А.Аслан, А. Кабдыгалиев, А. Аманбеккызы, А. Гусев марапатталды.
Бейнекөріністер конкурсы бойынша: М. Темирбеков және В. Еремеев марапатталды.
Әлеуметтік жарнама конкурсы бойынша: М. Айнабекова, А. Апекина, В. Басова, Е. Харина, А. Едапина, Л. Ермакова, Г. Тулегенова, Е. Захарова, С. Искакова, А. Зотеева марапатталды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Акция Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні және Астана қ. 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Теміртау қаласының Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, қаланың бірнеше қоғамдық орындарында ұйымдастырылды. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері туған елінің әнұранын орындады.
4 маусым күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік символдар – ту, елтаңба және әнұран – мемлекеттің ажырамас бөлігі. Еліміздің әнұраны 2006 жылы «Менің Қазақстаным» («Мой Казахстан») әні негізінде қайта өңделді.
ҚМИУ студенттері – жас патриоттар – өздерінің үлгісімен теміртаулықтарға «үлгі» болды. Олар бірнеше топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалыста қолдарын жүректеріне қойып жан-тербелісімен әнұранды орындады.
– Біз үшін осы акцияға қатысу үлкен жауапкершілік. Қазақстан Республикасының әнұранын орындағанымыз үшін мақтаныштымыз – дейді ҚМИУ Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы «МЖ-15қ» тобының студенті Карибжан Мадияр. – біз мемлекетіміздің болашағымыз. Барлық ұрпақтар өкілдерін әсіресе жастарды ұлттық құндылықтарымызды – тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, сонымен бірге мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырамыз.
ҚМИУ баспасөз қызметі
ҚМИУ ғылыми кітапханасы барлық студенттер және оқытушыларды «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» бағдарламасы шеңберінде келіп түскен жаңа кітаптармен танысуға шақырады. Оқулықтар ішінде экономика, менеджмент, социология, философия, кәсіпкерлік, лингвистика, психология, дінтану, антропология және журналистика бойынша әдебиеттер бар.
30 мамырда қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Төңкерілген әлем: мұрағат құжаттары сөйлейді» атты сұхбат алаңы өтті. Іс-шараға ҚМИУ студенттері белсенді қатысты.
Сұхбат алаңына қатысушылар қуғын-сүргінге ұшыраған және бірнеше жылдан кейін ақталған барлық теміртаулықтардың есімдері бар бірегей құжаттарды көрсетті. Бұрын ешкім осындай санақ жүргізбеген, сондықтан мұражай қызметкерлеріне Ұлттық қауіпсіздік комитеті арқылы біраз ақпарат жинауға тура келді. Бірегей тізіміндегі 189 есімнен – 42 адам ату жазасына кесілді (олардың аты-жөні қызылмен сызылған), қалғандары Сталиндік лагерьлерде 15 жылдан 25 жылға дейін түрмеге жабылды.
189 – саны Теміртау қаласынан бастау алған шағын Самарқан кенті үшін өте үлкен. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың есімдері ұмыт болған. Бұл адамдар туралы ақпарат әзірге қысқа құрғақ мұрағат анықтамаларында ғана бар. Тізім еш жерде және ешқашан жарияланбаған, сондықтан мұражай қызметкерлері ҚМИУ студенттеріне бұл адамдар мен олардың жақындарына қатысты қандай да бір ақпаратты табуға болатын іздеу үйірмесін ұйымдастыруды ұсынды.
Сұхбат алаңының аясында бірқатар мәселелер айтылды, соның ішінде:
– қуғын-сүргін аяқталғаннан кейін онжылдық өткен соң көтерудің және тоталитаризм дәуіріне қатысты мұрағаттық құжаттарды жариялаудың мағынасы бар ма?
– қуғын-сүргін шараларын ақтауға бола ма? Тұтқындар күшімен көптеген өнеркәсіптік нысандар салынды, солай мүмкін мақсат қаражатты ақтайды ма?
– жаппай қуғын-сүргін және ауыр жазалау шараларын қолдану немен байланысты?
– Сталиндік қуғын-сүргін мен ҚР халқының этникалық құрамы бір-бірімен қалай байланысты?
– 1937-38 жылдарында сіз үшін әдеттегі қандай әрекеттерге сіз сотталуыңыз мүмкін едіңіз?
– жақындарыңызға сталиндік қуғын-сүргін туралы айтар ме едіңіз? Сіздің отбасыңызда қуғын-сүргінге ұшыраған бар ма?
Пікірталастарға ҚМИУ студенттері белсене қатысты және осы тақырыптың маңыздылығын атап өтті. Түрлі ұлт өкілдері Земфира Атакулова, Савелий Елефтериади және Леонид Ким қуғын-сүргінге ұшыраған және Қазақстанға көшірілген өз ата-бабаларының тарихы туралы айтты.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Филадельфияда екінші қазақстан-американдық университетінің ректорларының форумы жалғауда.
Қазақстан делегациясының құрамында ҚР БҒМ вице-министрі А. Аймағамбетов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті, З. Төребекова, бірқатар жоо, оның ішінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогический университеті, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, С.Торайғыров атын. Павлодар мемлекеттік университеті, Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Аматы энергетика және байланыс университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, тараз инновациялы-гуманитарлық университеттерінің ректорлары бар.
Халықаралық жоғары білім саласының қызметкерлерінің қауымдастығы – NAFSA – әлемдегі коммерциялық емес үлкен ұйым, ол халықралаық білім және алмасу іс-шараларымен айналысады, оның құрылғанына 70 жыл болды. NAFSA құрамына 150 астам елдің 10 000 өкілі мүше. Бүгін 31 мамыр күні NAFSA-2018 шеңберінде президенттер және ректорлар саммиті өтеді. Осыған байланысты NAFSA маңызды оқиға көрме залдарымен кеңауқымды форума дайындалды, мұнда әрбір университет өзінің білім саласындағы жетістігін көрсету мүмкіндігіне ие. Жоғары білім жәрмеңкесінің көрме залында американдық университеттер отандық жоо серіктестік келісім шарттарын, сонымен бірге қазақстандық университеттермен өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған келісім шарттарға қол қойылды.
Кешегі күні форумының жұмысы Халықаралық білім орталығы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Пенсильвания Университетінің лауазымды тұлғаларының құттықтау сөзімен басталды. Форум шеңберінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі брифинг өткізді, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Халықаралық білім орталығы арасында Меморандумға қол қойылды.
ҚМИУ ректоры Б. А. Жаутіков мәжілісті дискуссиялардың бірінде «Қазақстандық университеттерге арналған ағымды басымдылықтар, мәселелелер және мүмкіндіктер» тақырыбында баяндама жасады. Сол күні B2B шеңберінде қазақстандық және американдық университеттер арасындағы кездесу өткізілді.Қазақстандық делегация Pennsylvania State University кампусын және жоо бизнес-инкубаторында болды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
|