Архив:
Тарау таңдап алу:
Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →
Экономика, менеджмент, социология, философия, кәсіпкерлік, лингвистике, психология, дінтану, журналистика, антропология бойынша он сегіз оқулық «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы шеңберінде аударылған және еліміздің мемлекеттік университеттерінде тегін таратылды. Біріншілердің қатарында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті (ҚМИУ) жаңа оқулықтардың 1485 данасын алды.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасында гуманитарлық ғылымдарға көңіл бөліп, атап өтті: «Біздің елімізге қарапайым инженерлер және дәрігерлер қажет емес, қазіргі уақытты және болашақты жақсы түсінетін адамдар қажет. Президент еліміздің азаматтары үшін үздік әлем әдебиеттері қолжетімді болу үшін жағдай жасады. Аудару үшін оқулықтар бірнеше меже бойынша таңдалды: олар әлемнің жүздеген жеткші университеттерінің оқу бағдарламасында қолданылады, кем дегенде үш рет қайта басылған, соңғы басылым үш жылдан кем емес уақыт аралығында болуы тиіс. Сонымен бірге, кітап мазмұны идеологиялық тұрғыдан бейтараптылық талабына сәйкес. Оның мультимедиялық құрамдас (мысалы, онлайн-курстар) бөлігінің болу тұрғысынан оқулықтың заманауи мәні маңызды орын алды. Қазақ тіліне аударылған оқулықтар арасында ағылшын және француз, орыс тілінде жазылған, АҚШ, Рессей, Франция, Швейцария және Ұлыбританияның үздік зияткерлік өнімдері бар. 18 оқулықтың 16 оқулығыағылшын тілінде, біреуі француз және біреуі орыс тілінде жазылған. Аударма тек ғана түп тілден аударылды, осы талапты «Ұлттық аударма бюросы» коммерциялық емес қор – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»арнайы жобасының операторы жүзеге асырды.
ҚМИУ (Теміртау қ.) кітапханасының сөрелеріне жинақталған осы жаңа оқулықтар университеттің профессорлы-оқытушылар, студенттерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Оқулықтардың полиграфиясы әдемі, атаулары қызықты, аударма сапалы.
«Қазақ, орыс және шет тілдер» кафедрасының меңгерушісі Н. А. Әбдікәрім жаңа оқулықтардан екі оқулықты алды.
– Оның бірі «Тіл біліміне кіріспе». Кітап қызықты және пайдалы. Бұрын ғылым тұрғысынан тіл қарым-қатынас құралы ретінде қарастырылды. 20-30 жыл бұрын біз жоғары білім алған кезде бастыс елдердің тіл мамандарының пікірлері қолжетімсіз болды. Казіргі уақытта оқыту бағыты өзгерді, сонымен бірге тілді зерттеу бағытында да көп аспектілі тәсілдер пайда болды – Нұрзия Әбдікәрімқызы. – бұл оқулықта маңызды, қажетті және ғылыми дәйектелген тақырыптар салыстыру және салыстырмалы әдістермен қарастырылған. Мұнда тек ғана теориялық мәселелер ғана емес, сонымен қатар практикалық пайдалы материалдар, мысалы «Оқыту грамматикасы» бөлімінде қарастырылған.
Екінші оқулық «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» Н. Ә. Әбдікәрімді ерекше қызықтырды. Бұл тақырып бүгін жаһандандыру және көптілді оықту моделі енгізілген жағдайда өте өзекті.
– Егер де адам қандай да бір қателіктер жіберген жағдайда, онда ғалымдардың пікірі бойынша бұл кешірімді – бұл жеке қате ретінде қабылданады – дейді Нұрзия Әбдікәрімқызы. – бірақта мәдениеттілік мәселесі тұрғысынан бұл мүлдем болмайды. Қарым-қатынас кезінде мәдениетті білмеу тұрғысынан болғанқажетілкті адамдар өзінің халқын қорлау деп түсінеді. Сондықтан бірінші кезекте біз мәдениет аралықты коммуникация тақырыбы бойынша білімді игеруіміз қажет.
«Қазақстан тарихы және әлеуметті-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы М. С. Солтанға «Сократтан Дерридаға дейін. Философияның қысқаша тарихы» оқулығын оқу қызықты болды.
– Біздің кафедраның профессорлы-оқытушылар құрамы үшін жаңа оқулықтардың келуі тосын сый болды. Жақын уақытта бізде студенттерге социология, философия, психология, дінтану және басқа тақырыптар бойынша сапалы білім беруге мүмкіндіктер бар – дейді Мағира Солтанқызы. – Сократтан Дерридаға дейін. Философияның қысқаша тарихы» оқулығында тарихи оқиғалар, түйінді анықтамалар, сонымен бірге 15 ойшылардың, оның ішінде Декарт, Кант, Спиноза, Маркс, Витгенштейннің және т.б. өмірбаянымен танысуға болады.осы кітапқарды оқу барысында алған білімнің үлкен маңызы бар және мен өзімнің философия бойынша білімімнің сапасының деңгейін жоғарлатамын, осы білімдер маған докторантураға түсуге дайындалған кезімде өте қажет.
68 жастағы Жетпісбес Ахметовте «Қазақстан тарихы және әлеуметті-гуманитарлық пәндер» кафедрасында қазақ тілінде философия пәні бойынша сабақ береді. ол өзіне қажеті «Антика философиясы» оқулығын таңдап алды.
– Мен енді қазақстандық, ресейлік және шетелдік, оның ішінде Батыс Еуропаның үздік лекторлары саналатын философтардың көзқарастарын салыстыру мүмкіндігіне ие болдым – дейді Жетпісбес Ахметов. – Жаңа оқулықта алғашқы мәлімет көзіне сілтеме жасаумен аникалық кезеңдегі әртүрлі философтар мектебінің көзқарастарғы сипатталған, Пифагор, Платон және Аристотельден бастап Плотин және Агустинге дейін олардың өмірге деген көзқарастары ұынылған. Діни философия, метафизика, логика, дүниетану тақырыптарына арналған бөлімдер қызықты.
ҚМИУ оқытушыларында жаңа оқу жылы басталған уақытқа дейін жаңа оқулықтармен танысуға және осы оқулықтарды өздерінің қажетіне пайдалану мүмкіндіктері бар. Оқулықтардың басылымынан басқа барлық оқушыларға осы оқулықтардың электронды нұсқасы тегін қолжетімді.
2018 жылы интернет психологиясы, халықаралық құқық, батыс философия тарихы, дипломатия, журналистика, лингвистика, семиотика, жаңа педагогика, сонымен қатар экономика және кәсіпкерлік бойынша қазақ тіліне тағы 30 оқулықты аудару жоспарланған.
Светлана ЕГОРОВА
Фото автордікі
Америка Құрама Штаттарында NAFSA конференциясы және ректорлар форумы өтуде, оған Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Б. А. Жаутиков қатысуда.
Кеше 29 мамыр күні Пенсильванияда Annual Conference & Expo 2018 NAFSA конференциясы басталды. Қарағанды индустриялық университеті және Michigan State University арасындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Бұл құжат ҚМИУ студенттеріне шетелде өзара тиімді оқыту процестерін дамытуға бағытталған Американдық семестр (ASP )бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді. Енді ҚМИУ өзінің студенттерін Michigan State University бір оқу семестріне, оқу жылына не жазғы қысқамерзімді курстарға жібере алады.
Бүгін ректорлар кездесуі Pennsylvania State University өтуде. Спикерлер арасында – Халықаралық білім институты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, АҚШ және Қазақстан университеттерінің ректорлары бар.
ҚМИУ баспасөз қызметі
ҚМИУ студенттері және оқытушылары 25 мамыр күні Тау-кен ғылымдары Академиясының қолдауымен РҒА Вернадский ат. Мемлекеттік геологиялық мұражай базасында тау-кен-геологиялық бейінді бағыттағы мамандықтар бойынша жоғары оқу орындары арасындағы Орталықта өткен «Геотермалды ресурстар және оларды Ресейде қолдану болашағы» атты телекөпір-дәрісті тыңдауға қатысты.
Ресей және ТМД елдерінің жоғары және орта арнайы оқу орындарының студенттеріне арналған дәрісті РҒА Вернадский ат. Мемлекеттік геологиялық мұражайының директоры, т.к.-м.ғ.к., С. В. Черкасов оқыды. Сонымен бірге шикізатты жетекші компаниялардың өкілдері де тыңдаушы ретінде қатысты. Осы тыңдаушылар қатарында ҚМИУ студенттері және оқытушылары да болды. Атап өту қажет, біздің университет осындай онлайн тәртібіндегі іс-шараға бұрын да қатысып жүр.
Жоғары оқу орындары арасындағы Орталықтың қызметінің озық бір бағыты мұнай газды және тау-кен-геологиялық бейінді мамандықтарға кәсіпті бағытталған, экологиялық көзқарасты тәрбилеу, геология және табиғатты пайдалану саласында жастар және балалар ортасында үздіксіз оқытуды дамытуға арналған бірыңғай коммуникациялық алаңдарды қалыптастыруға арналған жобаны жүзеге асыру. Осы бағытты жүзеге асыру шеңберінде Орталық өзінің заманауи жабдықтармен жабдықталған, кәсіпті дыбыс жазу студиясы алаңында дәрістер, шеберлік сыныптарын жүйелі түрде онлайн-трансляциялау тәртібінде ұйымдастырады.
ҚМИУ баспасөз қызметі
ҚМИУ он екі оқытушысы және қызметкері Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде Испанияда біліктіліктен өтті.
Каталония Политехникалық университетінде болған кезде біздің делегация үшін жоо құрылымы және құрамымы, бакалавр және магистраттарды дайындауға арналған негізгі бағыттар, IT-инфрақұрылыммен (ҚМИУ «Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялық орталығы» сияқты) «Бизнес-инкубатор» жұмысы, халықаралық байланыстар, жаңа біріккен жұмыстар, сонымен бірге каталан тілі және мәдениеті, тілдік кеңсе қызметінің жұмыстарымен таныстыру ұйымдастырылды. Кейін оқыту қатысушылардың әртүрлі бағыты, және қызығушылығы бойынша жеке жүзеге асырылды. Сапардың соңғы күні қатысушылар алдында Политехникалық университеттің ғылыми жобаларын басқаратын құрылым жетекшісі сөз сөйледі, ғылыммен айналысатын университет түлектері таныстырылды. Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға сертификат тапсырылды.
– Осы тағылымдама қортындысында біздің университет және Каталония Политехникалық университеті арасындағы ынтымақтастық кеңейтілді. Екі жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойылады. Италия, Испания, Қытай, Малайзия, Марокко, Ресей, Тунис және Жапония елдерінің университтерімен байланыстар орнатылды. Осы сапар барысында біз жақсы тілдік практикадан өттік және интернациализацияландыру және коммерциализацияландыру саласында маңызды ақпараттарды игердік – дейді, ҒІжХБ жөніндегі проректор Алтын Аманжолқызы Айкеева – Каталония Политехникалық университетімен әрі қарай ынтымақтастық бағытында ҚМИУ оқытушылары және студенттері «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасына қатысады, біріккен шетелдік бағдарламалар, ғылыми мақалалар және оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу жүзеге асырылады. Сонымен қатар біздің студенттер әрі қарай оқу үрдісінде «Компьютерлік желістер» бағыты бойынша мамыр айында ҚМИУ дәріс оқыған испан оқытушысы Жорди Касадемонттың оқу материалдарын қолдану мүмкіндігіне ие болды.
А. С. Ержанов, «МҚӨ» кафедрасының аға оқытушысы:
– Семинар жұмысына Италия, Қытай, Малайзия, Марокко, Тунис, Ресей, Қазақстан және Жапония елдерінің университеттері қатысты. Әрбір жоғары оқу орындарының өкілдері бейнебаян және тұсаукесер құралы арқылы өздерінің оқу орындары жайлы ақпарат берді. Қазақстан атынан біздің университет қатысты, бұл үлкен мақтаныш. Біздің делегация құрамы үлкен болды, ал ҚМИУ жайлы фильм ең үздік фильмнің бірі ретінде танылды.
А. С. Арбуз, «МҚӨ» кафедрасының доценті, PhD:
– Біздің делегацияның бірнеше мүшелері үшін материалтану факультеті бойынша экскурция ұйымдастырылды, осы факультет құрамына «Жеңіл қортпалар және беттерді өңдеу», «Биоматериалдар, биомеханика және маталы инженерия», «Жартылай қызметті полимерлі материалдар» және т.б. топтар кіреді. Біз үшін металды қысыммен өңдеу процесіне арналған топ жұмысы қызығушылық тудырды, ол металдардың пластикалық деформациялану (ыстықтай өңдеу жағдайына негізделген) сипатына, сонымен бірге нанометриялық өлшемді түйіршікті металды материалдарды алуға арналған қарқынды пластикалық деформациялану әдістері негізінде өңдеу тәсілін анықтауға мамандандырылған.
Е. А. Панин, «МҚӨ» кафедрасының аға оқытушысы, PhD:
– Әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыру үшін ұтқырлық және даму жөніндегі материалтану факультетінің директорының орынбасары Джеммой Фаргас Рибаспен ғылыми материалдармен алмасу жайлы ауызша келісім жасалды. Факультет басшылығына біздің университет жайлы жалпы ақпарат, оның ішінде матералтану және материалдарды қысыммен өңдеу саласындағы ғылыми бағыттар жайлы негізгі мәліметтер ұсынылды. Осы материалдар факультет Кеңесінде талқыланады. Ректорлар қол қойған университеттер арасындағы басты келісім жасалғаннан кейін, факультет басшылығы «жеке» біріккен эксперименттерді орындау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, ғылыми мақалалар жазу және әзірлемелерді әзірлеуге, магистранттар, докторнаттар, зерттеушілердің ғылыми тағылымдарын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға рұқсат атады.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Облыстық «Абай оқулары» байқауына қатысқан «ТМжЖ-15қ» тобының студенті Бейбіт Түлкібаев екінші орынды жеңіп алды.
Конкурсты ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы. Осы іс-шара 17-29 жас арасындағы талантты жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілді қолдану аумағын кеңейту және тіл мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.
Конкурстың бірінші кезеңінде Қазақстан жазушыларының прозалық шығармалары, екінші кезеңде – Мағжан Жұмабаевтің өлеңі оқылды. Бейбіт Түлкібаев отыздан астам өзінің қарсыластары жас актерлер және ақындар, колледж және жоо студенттерінен, мектеп оқушыларынан басым түсті және екінші орынды иеленді. ҚМИУ үшінші курс студенті грамота және 50 мың теңгемен марапатталды.
ҚМИУ ректоры Б.А.Жаутиков Б. Түлкібаевты күн сайынғы ректорат жиналысында құттықтады және жоо қалыптасқан дәстүр бойынша оны жеңілпаз ретінде ҚМИУ фирмалық белгісімен марапаттады.
Студентті конкурсқа дайындаған ЭКжБЖФ деканының орынбасары, «ҚОжШТ» кафедрасының аға оқытушысы Ж. К. Капашева.
ҚМИУ баспасөз қызметі
|