Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...
Архив:Тарау таңдап алу: Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу → Оқу, практика және мәдениетті бағдарламаҚМИУ оқытушылары келесі апта ішінде Лакшми Миттал Ақпараттық технологиялар институтының екінші курс студенттеріне металлургия саласы бойынша дәріс оқиды. Он екі жігіт және екі қыз студенттер Раджастхан штатында орналасқан Джайпур қ. металлургиялық комбинатынан практикадан өту үшін келді. Үндістаннан келген студенттер Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде бірнеше жыл қатарынан білім алуда. Осы кезде университет бойынша Теміртау қаласының қонақтары ҚМИУ мұражайымен және зертханаларымен, онда орналасқан ерекше жабдықтарымен танысады. – Біздің студенттер Үндістанның әртүрлі қалаларынан келді – дейді доктор Ашок Даргар, Лакшми Миттал Ақпараттық технологиялар институтының оқытушысы – Біз Теміртау қаласына 8 маусым күні «АрселорМиттал» бағдарламасы бойынша жаңа технологияларды игеру және халықаралық байланысты нығайту үшін келдік. ҚМИУ оқу 18 маусым күні басталады, теориялық оқудан кейін №1 және №2 табақты таптау цехтарында өндірістік практика өткізіледі. Сонымен бірге студенттер Персоналды оқыту және дамыту бөлімінде «Ақпараттық технологиялар» тақырыбына арналған сабаққа қатысады. Олар үшін мәдени бағадрлама да ұйымдастырылған, олар қазақ халқының салт-дәстүрімен, Балалар және жасөспірімдер орталығымен танысады. Қарағанды және Астана қалаларына арналған экскурсия ұйымдастырылады. ҚМИУ баспасөз қызметі
Бұқар Жырау Қалмақанұлының шығармашылық мұрасыҚМИУ «Қазақ, орыс және шет тілдер» кафедрасының меңгерушісі Нұрзия Әбдікәрім қазақ халқының ауыз әдебиетінің өкілі, қазақ ханы Абылайханның бас кеңесшісі ұлы дала жыршысы Бұқар Жырау Қалмақанұлының 350 жылдық мерейтойына арналған конференцияда баяндама жасады. Конференция Бірінші Президенттің тарихи-мәдениет орталығында өткізілді. Осы конференцияға Ұлт Көшбасшысының серіктестері, Қарағанды облысының мұражайларының өкілдері, жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері және оқытушылары, мектеп оқушылары және мұғалімдері, еңбек ардагерлері қатысты. Қатысушылар назарына Бұқар Жыраудың өмірі және шығармашылығына арналған бейнекөрініс ұсынылды. Бірнеше жоғары оқу орындарының өкілдері Бұқар Жырау Қалқаманұлының өмірі және шығармашылығына арналған баяндама жасады. Конференция мақсаты Бұқару Жыраудың әдеби мұрасын және шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау, ұлы даланың түлегі Бұқар Жыраудың шығармашылығы үлгісінде патриоттық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Конференцияның белсенді қатысушылары Алғыс хатпен марапатталды. ҚМИУ баспасөз қызметі
Кәсіподақ шәкіртақысыҚарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің үшінші курс студенті Айболат Едыгеевқа «Қарағанды облысының Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚҰ шәкіртақысы тағайындалды. «Көлік, көлікті техника және технология» мамандығының «ККТжТ-15қ-2» тобының студенті Айболат Едыгеев – ҚМИУ студенттерінің кәсіподағының және «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Ол жақсы оқумен қатар университеттің сонымен қатар қалалық және облыстық деңгейдегі қоғамдық және спорттық іс-шараларына белсене қатысады. Үш айлық 90 мың теңге мөлшеріндегі шәкіртақыны алуға арналған Сертификат Айболатқа Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні қарсаңында салтанатты түрде тапсырылды, бұл шара 8 маусым күні Қарағанды қ. өткізілді. Сонымен бірге осы іс-шара шеңберінде ҚР Кәсіподақтар Федерациясы, министрлік, салалық кәсіподақтар жоғары оқу орындары және колледж студенттері және жастар арасында өздерінің белсенді мүшелерін және әлеуметтік серіктестерін наградалармен марапаттады. Осы күні үшінші курс студенті Ленин атындағы кинотеатр алдындағы саябақта балалар алаңының салтанатты ашылу іс-шарасына құрметті қонақ ретінде қатысты. Бұл облыстық салалық кәсіподақтардың территориялық құрылымдарының Қарағанды қ. қонақтарына және балаларға жасаған сыйлығы. Айболат Едыгеевке символды таспаны кесу сеніп тапсырылды. Осы саябақта Еңбек адамы аллеясы да бой көтерді, осы жерге кәсіподақтар бірлестіктерінің өкілдері 30 шырша ағашын отырғызды. ҚМИУ баспасөз қызметі Өмірдің барлық сырын ашуды үйренуЖақында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде ерекше кездесу ұйымдастырылды. «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының доценті Жұман Аманжолов топ старосталары және Жастар ісі жөніндегі комитеттің белсенді мүшелерімен кездесу барысында өмірдің мағынасы және адами әлеуеттер жайлы әңгіме қозғады. Жоғары технологиялар дәуірінде адамдар көп жағдайда өмірдің ағымы бойынша өмір сүреді, ойлау және талдауға уақыт жоқ. Көптеген адамдар үшін қажетті ақпаратты интернеттен алу қалыпты дағдыға айналған. Жұман Аманжоловпен болған студенттердің кездесуі өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін ойлау және нақты қадам жасауға үйрету үшін ұйымдастырылды. Кездесу тақырыбы алдын ала белгіленген жоқ. Бұл жағдай қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Техникалық бейінді жоғары оқу орында – адамның рухани өмірі жайлы әңгіме қозғалды. Кездесу барысында педагог қатысушыларды жұпқа бөлініп бір бірінің көзіне қарауды өтінді. Қатысушылардың көбі бірінші рет «жұбына» көз тастады, күнде көріп жүрген адамдар бір біріне бірінші рет зейін қойып қарады. Кездесудің осылай басталғаны бастапқы кезеңде күнделікті өмірді ой елегінен өткізуге және де басқа бір ырғақта кездесуді бастауға мүмкіндік берді. Жұман Аманжолов – Мәскеу болат және қортпалар институтының түлегі. Ол тек ғана болат құюшы ғана емес, үлкен өмірлік тәжірибесі бар, өмірде білгені, түйгені бар зиялы ұстаз. Жұман Қалықұлы отыз жыл бойы өзінің білімін жетілдірумен айналысады. ҚМИУ жатақханасында тұратын студенттермен ол өзінің бастамасы бойынша адамның бұл өмірдегі рөлі жайлы әңгімелесулерді ұйымдастырып келеді, өзінің кітапханасындағы қызықты кітаптарды студенттерге оқуға береді, енді топ старосталары және белсенді студенттермен кездесу өткізуге бел байлады. – Бұл кездесуді ұйымдастырудағы негізгі ой – казіргі уақытта адамда үшін өмір сүруге барлық жағдай бар: денесі, жаны, әртүрлі энергия түрлері. Тек ғана осылардың барлығына қатысты қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыра білу керек, саған бар нәрсеге қанағат етуді үйрену қажет – дейді Жұман Қалықұлы – Егер адам өзін бақытты және табысты болуға рұқсат берген жағдай да өмір сәнді де мәнді болады. Сіз өзіңізге күлімсіреуге не ренжуге, басқа біреуді алдауға не өзіңіздің алдануыңызға рұқсат бересіз….
Жұман Аманжолов кездесу уақытында тест өткізді: тақтаға мұқият қарап, кейін көзді жұмып, ол қай жерде тұрғанын айту керек болды. Студенттер сенімді емес екендерін бірақ казір тақта дәрісханадан тыс жерде тұрғанын айтты. Бірақта оқытушының сөзі бойынша ол олардың басында. – Негізінде сыртағы барлық әлем біздің ішімізде. Адам бір нәрсемен айналысқан кезде, қоршаған ортамен өзара әрекетте болады, әрбір сәт қайталанбайды – дейді Жұман Қалықұлы. – өзіңнің әрекетіңді талдай, болжай білу керек. Адам барлық нәрсені «сөреге» орналастыра білетін кезде табысты болады. Табыс өзімізге қатысты. Оқытушы үйретуге және тәжірибе алмасуға тырысады. Өзінің құнарлы топыраққа сепкен дәндері ертеңгі күні жемісін береді деп ойлайды. – Өте қызық болды. Оқытушы жеке тұлға ретінде даму, адамның өзінің өмірі өз қолдында және барлық өмірде кездесетін жағдайларды ол қалай қабылдаса, солай болатындығы жайлы қызықты пікірлерді айтты – дейді «МҚӨТ»-17 тобының старостасы Савелий Елефтериади. – Үлгі тұтатын адам: Жұман Қалықұлы өмір жылдарын айлаға, айларды апталарға, апталарды күндерге бөліп, әрбір күнді бағалау керектігі жайлы мысал келтірді, өмір қысқа, осы өмірде барлық мақсаттарды жүзеге асыру әрбір адамның өзіне байланысты. Сонымен бірге алға асқақ мақсаттарды қоя білу керек, оларға қол жеткізу үшін көп еңбек етуді қажет етеді. Бұл ұмтылыс және болашаққа деген үміт. Талқыланған тақырып қызық болды, ол жеке тұлға ретінде маған өте ұнады. Жұман Аманжоловтың жоспарында – осындай кездесулерді жалғастыру жоспарланған. Ол жастармен мүмкіндіктер, талант және қабілеттілік жайлы әңгімелесуді ұнатады. Бұл қасиеттер әрбір адамның бойында бар тек ғана оны дамыту және жетілдіру қажет. – Өмірде күтпеген сырлар жатыр, мен жастарға осы сырларды ауға көмектессем деп ойлаймын – дейді Жұман Қалықұлы. – біздің кездесулеріміздің тақырыптары өзгеріп отырады, бірақта әрқашан онда психология, социология, фидософия, сонымен қатар қарапайым және ұлы адамдардың өмірінен алынған ақпараттар көп болады. Светлана ЕГОРОВА Фото автордікі
|