“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Казахстанская правда» газетіндегі жарияланым


Металлург күнімен!

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің

ұжымы атынан теміртаулықтарды

металлург күнімен – біздің қаламыздың

мерекесімен құттықтаймын!

Металлургия отандық экономика көшбасшыларының бірі болып табылады және Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік әлеуетін орнықты дамуын қамтамасыз ететін сала болып қала береді. Елдің экономикалық әл-ауқаты, барлық өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі, мемлекеттің қорғаныс күші металлургия саласына тікелей тәуелді.

Қымбатты теміртаулықтар! Құрметті металлургтер! Шынайы тілектерді қабыл алыңыздар, мықты денсаулық, сәттілік, жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!

 

Қарағанды мемлекеттік

индустриялық университетінің

ректоры                                                                                                                         Б. Жәутіков

 


Талапкерлерді кешенді тестілеуді күтуде 

2018 жылдың 15-16 шілдесінде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университет базасында кешенді тестілеу (КТ) өтеді. Қабылдау комиссиясына 348 адам өтініш берді, оның ішінде 268 – ТжКБ базасында, 80 – жалпы орта білім беру базасында. КТ мемлекеттік тілде – 113 адам, орыс тілінде – 235 адам тапсыратын болады.

Тестілеу желдету (желдеткіштер), өртке қарсы қорғаныс (өрт сөндіргіштер), тікелей күн сәулесінен қорғау (жалюзи) құралдарымен және қабырға сағаттарымен қамтамасыз етілген бес аудиторияда өтеді. Ауыз су режимін қамтамасыз ету үшін екінші қабатта (әр жағынан) сумен және бір мәртелік стақанмен диспенсерлер орнатылады.

Қауіпсіздік үшін, сондай-ақ КT ережелерін сақтау үшін 14 бейнебақылау камералары, ұялы телефон сигналдарын өшіруге арналған 8 құрылғы, бір аркалы және төрт қолмен жұмыс істейтін металл іздегіш тартылатын болады.

Университеттің білікті оқытушыларынан  тұратын апелляциялық комиссияның құрамы, сондай-ақ КТ өткізу кезіндегі аудиториялар мен дәліздер бойынша кезекшілер тізімі ректордың бұйрығымен бекітілді.

ҚР БҒМ өкілдерімен ақпараттық-коммуникациялық техникалардың (компьютерлер, принтерлер, сканерлер, көшірме аппаратуралары, спутниктік байланыс аппаратуралары  және т. б.)  техникалық жай-күйі тексерілді.

Тестілеу күні университеттің медпунктінде медициналық қызметкерлердің, сондай-ақ ҚМИУ аумағында ІІБ, ТЖБ және Теміртау қ. жедел медициналық көмек қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Сәт сапар, түлектер! 

5 шілде ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығында еліміз үшін маңызды мемлекеттік мереке – Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында –Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 2018 жылы оқу бітірген бакалаврлар мен магистранттарға, сондай-ақ ҚМИУ жанындағы техникалық-экономикалық колледж түлектеріне дипломдар салтанатты түрде табысталды.

Біздің университет металлургия, машина жасау, энергетика, құрылыс және Қазақстанның өнеркәсіптік кешендерінің басқа да салаларының білікті мамандарын үлкен өмірге мақтанышпен шығарады. Кешегі студенттің – дәрістері, емтихандары, сынақтары, ұйқысыз түндері, кітапханада және интернетте өткізілген уақыттары артта қалды. Көптен күткен сәтте туды, олар ЖОО бітіргені туралы құттықтаулар қабылдайтын кез келді. ҚМИУ ректоры Б.А.Жәутіков сахнадан жиналғандарға сөз сөйледі. Ол жарты ғасыр бұрын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев бітірген ЖОО-да оқудың үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. ҚМИУ түлектері тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар оның шегінен тыс жерлерде өнеркәсіп және экономиканың барлық салаларында іс жүзінде жұмыс істей отырып, өндірістік және қоғамдық қызметте жақсы нәтижелерге қол жеткізе бұл өмірлік сынақты абыроймен көтеруде.

Қарағанды облысының көптеген танымал адамдары ҚМИУ-ға екінші, тіпті үшінші рет жоғары білім алу үшін келеді. Соның ішінде, 5 шілдеде диплом табысталғандар арасындағы металлургиялық әулетінің өкілі, мемлекет Басшысы үзеңгілесінің ұлы Т.Ж. Арысов және Теміртау қалалық мәслихаттың хатшысы А.Б. Ломакин.

Бұл күні ҚМИУ ректоры барлық оқу жылдары үздік нәтижелер көрсеткен ЖОО үш факультетінің бакалавриаттарына және ҚМИУ жанындағы колледж түлектеріне қызыл диплом табыстады. ҚМИУ мақтанышы: А. Абилхасымова, А. Мусин, Ж. Аменов, Р. Романов, А. Талгатова, М. Аубакирова, В. Рахимов, А. Рахимбекова и С. Сайфуллин (Металлургия және машинажасау факультеті); Д. Корепанова, Р. Кудайбергенов и А. Базаров (Экономика және құрылыс факультеті); В. Ким и С. Попов (Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультеті); В. Курлаев, Е. Богданова, Н. Болюх и М. Скрынникова (техникалық-экономикалық колледжі).

Биылғы жылы ұзақ үзілістен кейін ҚМИУ жанындағы техникалық-экономикалық колледжінің алғашқы түлектері бітірді. Колледж директоры С.Б.Хамитов құттықтау сөз  және диплом табыстау рәсімі үшін сахнаға шақырылды. Құрметті ақсақал, соғыс және еңбек ардагерлер қалалық кеңесінің төрағасы Б.К. Ордабаев өзінің эмоционалдық сөзінен кейін ҚМИУ түлектеріне магистрлер дипломдарын табыстады. Содан кейін сахнаға ЖОО үш факультетінің декандары кезек-кезек көтеріліп әркім өз түлектеріне дипломдар табыстады, оларға жарқын жол, сәттілік, кәсіби қызметте табыс тіледі.

Сәт сапар, қымбатты түлектер!

ҚМИУ баспасөз қызметі


Туған астананың мерейтойы

 

Жәутіков Б. А.,

Қарағанды мемлекеттік

индустриялық университетінің ректоры

(ҚМИУ, Теміртау қ.),

техника ғылымдарының докторы, профессор

 

Астананың жиырма жылдығы – әрбір қазақстандық үшін өте маңызды оқиға. Қазір, көптеген жылдар өткеннен кейін, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің бас қаласын ауыстыру туралы шешімінің дұрыстығы мен негізділігі бұрынғыдан да айқынырақ көрінеді. Бұл маңызды қадам елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қуатты серпін берді. Еуразияның ортасында орналасқан Астананы ғылым, мәдениет және білім орталығы, сондай-ақ жас мемлекеттің тәуелсіздік символы деп атайды.

Жиырма жылда бұл тамаша қалада көп нәрсе өзгерді, ол 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша «Бейбітшілік қаласы» атанды, ал 2000 жылдан бастап астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық ассамблеясының мүшесі болды. Осы жиырма жыл ішінде Астананың ауданы шамамен 500 шаршы километрды құрады; тұрғындардың саны үш еседен артық көбейді; миллиондаған шаршы метр тұрғын үй салынды; салық түсімдері, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, шетелдік кәсіпорындардың саны мен жалақы көбейді; таңғажайып архитектуралық ойды бейнелейтін көптеген объектілердің үлкен саны пайда болды. Әлемге бұрыннан әйгілі жаңа астана саммиттер, конгресстер, съездер мен конференциялар, түрлі деңгейдегі кездесулер өткізу орны болды.

Астана – кадрлар және жастар мен жоғары білікті мамандар шоғыры. Жас қаланың гүлденіп, дамып келе жатқанын, онымен бірге бүкіл ел қалай дамып келе жатқанын көру мен сезіну ұнамды. Бәлкім, әрбір қазақстандық елордамызға кем дегенде бір рет болсын барып, оның ауқымын, сондай-ақ онда тұратын адамдардың мейірімділігі мен жомарттығын бағалай алды.

ҚР Тұңғыш Президентінің Альма-матеры болып табылатын біздің университетіміздің өкілдері, – Астанада жиі болып тұрады. Оқу озаттары, белсенділер мен талантты жастардың өкілдері Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымдамалық идеяларын және жаһандық бастамаларын зерделеу бойынша «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингтерге қатысады. ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасында өтетін семинар-тренинг және Астана  туралы мәдени іс-шаралар – әртүрлі қызмет салаларында жеткен жетістіктері үшін жастардың арнайы марапаты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражайы, Ақорда, «Хазрет Сұлтан» және «Нұр-Астана» мешіттері, Тәуелсіздік сарайы, мұражайлар мен театрлар, «Астана-Бәйтерек» монументі, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы, ән салатын фонтандар, океанариум , Есіл жағалауы – Астананың көрікті жерлерінің тізімін ұзақ уақыт бойы жалғастыра беруге болады. Экскурсиядан кейін барлығы есте қалады және жақсы көңіл күй тудырады.

«ЭКСПО-2017»-ге бару – біздің ЖОО тарихындағы жеке парақ. Халықаралық мамандандырылған көрмеде оның үш ай жұмыс ішінде бір жарым мыңнан астам студенттер мен ҚМИУ қызметкерлері болды. Осы уақыт ішінде шетелдік әріптестермен тікелей байланыстар орнатылып, ғылым мен білім саласындағы жаңа халықаралық байланыстар негіздері қаланды. «ЭКСПО-2017»-ге жасаған сапарымыздың нәтижесінде университетімізде бірқатар энергия тиімді жобаларды, соның ішінде – энергия үнемдеуші жылу жабдықтары, «ақылды» электр желілері, сөмкелер мен рюкзактардағы күн зарядтау модульдері, көк көмірді енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл үшін ҚМИУ-да барлық қажетті жағдайлар бар. Тұрақты даму тұрақты энергиясыз мүмкін емес. Инновациялар, жаңа идеялар, стандартты емес шешімдер – бұл «EXPO-2017» көрмесіне барғаннан кейін студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына жасыл экономика қағидаларын практикалық енгізу мен дамытудың ауқымды міндеттерін іске асыруға жаңа серпін берді.

Біз ұрпақтардың тығыз байланысына ерекше назар аударамыз. ҚМИУ жиі қонақтары – Ұлт көшбасшы үзеңгілестері мен курстастары. Өмірлік тәжірибесі бай осы адамдарсыз маңызды іс-шаралар өтпейді, соның ішінде – ҚМИУ даму стратегиясын таныстыру; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың –  1967 жылы бітірген түлектердің 50-жылдығына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаңа тұжырымдамалар мен заманауи шешімдер» атты IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция; Теміртау қ. этномәдени бірлестіктердің жұмысын үйлестіру бойынша ресурстық орталығы болып табылатын «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ҚМИУ-да ашылуы; мемлекеттік мерекелерге және тағы басқаларға арналған салтанатты жиналыстар. Президент үзеңгілестері Н.Ә.Назарбаевпен бірге оқыған оқу жылдары,  Теміртау қаласы, болашақ Мемлекет Басшысының мінез-құлқы қалыптасқан және тау-кен мамандығының құпиясы болатын металлургиялық комбинаты туралы естеліктерімен бөліседі. ҚР Президентінің үзеңгілестері жас ұрпақты тәрбиелеуде белсене қатысады. Студенттер олардың әңгімелері мен кеңестерін шынайы қызығушылықпен тыңдайды, ел Президентіне теңестіріле және өздерінің өмірлік басымдықтарын анықтай, жоғары мақсаттар қойып отырады.

Н.Ә.Назарбаев дұрыс айтқанындай, «Астана – мемлекет мақтанышы, халықтың ұлы жетістігі, ата-бабалардың ғасырлық арманының асуы». Астана – біздің Отанымыздың жүрегі және шын мәнінде тірі организм. Астананың 20 жылдығын мерекелеу  жылы оған одан әрі дамуды, сауда мен экспорттық әлеуетті одан әрі арттыруды, сыртқы экономикалық байланыстардың географиясын кеңейтуді тілейміз. Астанада, сондай-ақ барлық көпұлтты Қазақстанда бейбіт аспан болсын! Ұрпақтар байланысы сақтала берсін! Бір шаңырақ астында халық тату және бақытты болсын!

Ашық көздерден алынған фото