“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Конституциялық құқықтарды орындай білім беру мен еңбекке

Қарағанды мемлекеттік

индустриялық университетінің ректоры,

 т.ғ.д., профессор Б.А.Жәутіков

Қазақстанның әрбір азаматы ел Конституциясына сәйкес өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға, қарым-қатынас тілін еркін таңдауға, ар-ождан, демалыс бостандығына, жеке басының бостандығына, денсаулығын қорғауға және көптеген басқаға құқығы бар. Бұл әсерлі тізімде – мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді және оған кез келген оқу орнының қызметі сәйкес келуі тиіс. 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің күнделікті жұмысы Теміртау мен өңірдің жастарына білім беру мен еңбекке конституциялық құқықтарды іске асыруға көмектесуге бағытталған.

Біз Мемлекет басшысының серіктестеріне, біздің ЖОО ардагерлеріне, жұртшылық өкілдеріне өз уақытында таныстырылған, содан кейін ғылыми кеңестің отырысында бекітілген 2017-2021 жылдарға арналған ҚМИУ даму стратегиясына сәйкес жұмыс істейміз. Бұл бағдарламалық құжатта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтылған міндеттерді шешу көрінісін таптық. Бұл, ең алдымен, сыни ойлау қабілеті мен өз бетімен ақпаратты іздеу дағдыларын дамытуға, тілдерді білу мен қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізуге экономиканың нақты секторын өндіруге жақын жаңа зертханаларды құруға бағытталған оқу бағдарламаларын әзірлеу арқылы заманауи инновациялық білім беру ортасын құру. Жаңа стратегияға сәйкес, ҚМИУ қоғамдық-саяси тұрақтылық орталығы, Теміртау қ.  мен өңірде стартап және бизнес-жобаларды табысты іске асыру алаңы ретінде қаралады.

Соңғы жылы ҚМИУ мен университет жанындағы техника-экономикалық колледжіне жүзден астам профессорлар, оқытушылар, кафедраларының бөлімшелері мен оқу-қосалқы персоналдарына қызметкерлер қабылданды. Сонымен бірге, университетте көптеген еңбек ардагерлері жастарды тәрбиелеу ісіне баға жетпес өз үлесін енгізе отыра, құнды білімі мен ондаған жылдар бойғы жұмыс тәжірибесімен өздерінің жұмысын жалғастыруда. Университеттегі жалақы өсті және жетекші мемлекеттік жоғары оқу орындарындағы жалақы деңгейіне дейін жеткізілді.

ҚМИУ-да ғылыми-педагогикалық кадрлардың жасаруы жүруде. 18 жас маман Қазақстандағы әртүрлі ЖОО-дың мақсатты докторантурасына түсті. Теміртау қаласының тарихында алғаш рет ҚМИУ-да «Металлургия» және «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандықтары бойынша PhD бюджеттік докторантурасына он адам қабылдау жүзеге асырылды. Жүзден астам адам «Металлургия», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Құрылыс», «Технологиялық машиналар және жабдықтар», «Машинажасау», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратурада, сондай-ақ бейінді магистратурада оқиды.

ҚР Президентінің жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға қатысты үшінші әлеуметтік бастамасының арқасында қазақстандық жастардың көпшілігінің университетке түсуге мүмкіндіктері бар, тағы да тіпті дәл техникалық ЖОО мүмкіндік көбірек. Биылғы жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі 53 мыңнан астам грант бөлді, оның ішінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес техникалық мамандықтар бойынша. Осы жылдың магистранттары 12,5 мың қазақстандық, PhD докторы 2240 бола алады. Мемлекеттің жастарға деген қамқорлығының арқасында орта мектептердің түлектері жоғары білім ала алады және жақын арада төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында сұранысқа ие ақпараттық технологиялар, робототехника, нанотехнология саласындағы мамандардың қажетті санында мамандар болады.

Мемлекет басшысы қойған мақсат – Қазақстанның әлемнің озық елдерінің қатарына енуге мүмкіндік беретін қазақстандық білім беруді сапалы жаңа деңгейге көтеру. ҚМИУ профессор-оқытушылар құрамы бұл мақсатқа қол жеткізуде үлес қосуды өзінің парызы деп санайды. Бүгінгі күні бұл тек сұранысқа ие маман ғана емес, сонымен қатар нарықтағы қауіп-қатерлер мен қиындықтардан қорықпайтын, экономиканы, әлемдік жағдайды жақсы білетін тиімді маман екенін біз жақсы түсінеміз.

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің дамуы мен өсуіндегі шешуші фактор білім беру, ғылым және өндірістің интеграциясы болып табылады. Дуалды білім беру жобасы шеңберінде қаланың жетекші кәсіпорындарында ҚМИУ кафедраларының филиалдары құрылған. Университет басшылығының бастамасы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Казхром» ТК АҚ, «Ақтөбе теміржол зауыты» ЖШС, «Central Asia Cement» АҚ сияқты және басқа да ірі өнеркәсіптік компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, онда біздің студенттер өндірістік тәжірибеден өтеді және олардың көпшілігі тұрақты жұмыс табады. Қала, облыс және республиканың жетекші кәсіпорындарына өз түлектерін жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, біздің университет Қазақстан Республикасының азаматтарының жұмысқа орналасу құқығын іске асыруға көмектеседі.

Биылғы жылы біздің ЖОО 55 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бірнеше ондаған жылдар ішінде ҚМИУ қабырғасынан 24 мыңнан астам жоғары білікті кадрлар бітіріп шықты. Біз 1960 жылдары Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің жоғары оқу орнына түскенін, онда оқығанын және өзінің дипломдық жұмысын тамаша қорғағанын мақтан тұтамыз. Біз Теміртау қаласының оның еңбек отанына айналғандығын мақтан тұтамыз. Бiздiң туған Қазақстанымызға ғана емес, таяу және алыс шетелдерге де бәсекеге қабiлеттi техникалық бейіндегі мамандарды даярлау ісінде бізге үлкен жауапкершiлiк артылады. Сонымен қатар, біз жастардың өз конституциялық құқықтары мен міндеттерін түсіну рухында тәрбиелеуге ерекше назар аударамыз.


Конкурс жеңімпаздарына – гранттар мен оқуға жеңілдіктер

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Мамандықты таңдай – тағдырымды таңдаймын» атты эссе конкурсы өтті. Оның қорытындысы бойынша №19 ОМ түлегі Алейникова Валентина ҚМИУ жанындағы Техника-экономикалық колледжінде (ТЭК) бірінші курста оқуға ректор грантын иеленді, ал бірнеше адам университеттің бірінші курсында оқу үшін жеңілдіктер алды. 

Дәстүрге айналған және екі тілде жүргізілетін бұл конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы шеңберінде жастардың белсенді азаматтық-патриоттық ұстанымын қалыптастыру.

Конкурстық комиссияның құрамына кіргендер: төрағасы – тәрбие ісі және жастар саясаты жөніндегі Департамент директоры М.М. Салпенова; төраға орынбасары – ТЭК директорының орынбасары Т.К. Акишев; «ҚТ ж ӘГП» кафедрасының меңгерушісі О.Н. Гуменчук; «ҚО ж ШТ» кафедрасының меңгерушісі Н.А. Абдикарим; комиссия хатшысы – тәрбие ісі және жастар саясаты жөніндегі Департамент маманы Н. Е. Попова.

Конкурстық комиссияның алдында қала және облыстың жалпы білім беру мектептерінің түлектері қатарынан жеңімпаздарды айқындау бойынша оңай емес таңдау жасау міндеті тұрды. Алдымен конкурстық жұмыстар қарастырылды және олардың ең үздіктері іріктеліп алынды. Сосын сайыскерлер өздерінің эсселерін жеке таныстырды, содан кейін география бойынша тестілеуден өтті. Бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелері міндетті түрде ескерілді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Валя Алейникова үздік деп танылды. Енді ол техника-экономикалық колледжінде “Есеп және аудит” мамандығы бойынша бірінші курста тегін оқитын болады. Егер қыздың емтихандық сессияның қорытындысы бойынша “үштік” болмаса, онда ол одан әрі грантта қалады.

Екінші орынды экономист болуды жоспарлап отырған БТКЛ түлегі Әнуар Қазбеков иеленді, ол ҚМИУ-да оқуға 50 пайыздық жеңілдік алды. Үшінші орынды Кристина Кучеренко (№19 ОМ), Ақерке Куанышбекова (№9 ОМ) және Әлия Мадкен (№5 ОМ) өзара бөлісті. Қыздар ҚМИУ-да оқуға 25 пайыздық жеңілдік алды. Аталмыш жеңілдіктер әзірге тек бірінші курста ғана жарамды. Егер барлық жеңімпаздар оқу барысында жақсы нәтижелер көрсетсе, онда жеңілдіктер оларға әрі қарай берілетін болады.

Аталған конкурстың жеңімпаздарын құттықтау 1 қыркүйек 2018 жылы сағат 11.00-де ҚМИУ жаңа корпусының акт залында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиналыста өтеді.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Алға, жоғары білімге!

15 және 16 шілдеде ҚМИУ базасында талапкерлерді кешенді тестілеу екі ағынмен өтті. Оған 334 адам қатысты, олардың жартысы шекті деңгейден асып, енді жоғары білім ала алады.

Бірінші ағында өткен жылдардың орта мектеп бітірушілері тестілеу тапсырды. Ең жоғарғы балл-81, орта – 40,3 құрады.

Екінші ағында ТжКБ базасында, ең жоғары балл – 48, орта– 23,94.

Кешенді тестілеуді сәтті тапсырғандар мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысуға құқығы бар. Құжаттарды қабылдау шілденің 18-26 аралығында өтеді.

Өту балын жинамаған талапкерлер тамыз айында қайтадан тестілеуден өтуге және ақылы бөлімге түсуге болады, ол үшін 3 тамызға дейін университеттің қабылдау комиссиясына жүгіну қажет.

ҚМИУ баспасөз қызметі


«Білімді ел» газетіндегі жарияланым


Сәкен оқулары

ҚМИУ-да 16 шілде  «Сәкен оқулары» конкурсы өтті. Оның қатысушылары көрнекті қазақ жазушысы, ақын және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын оқыды, сондай-ақ домбыраның сүйемелдеуімен орындады.

Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық мұрасын зерттеуге бағытталған конкурстың ұйымдастырушылары Теміртау қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тілдерді үйрену орталығы болды. Іс-араға 60-тан астам адам қатысты, олардың арасында Теміртау қ. ақсақалдар кеңесінің өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшелері, студенттік жастар болды, олар үшін Сәкен Сейфуллиннің бейнесі – бұл Қазақстан поэзиясының жарқын беттерінің бірі.

Қатысушылар заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы шығармаларын орындаумен қатар, оның жарқын, бірақ өте қысқа өмірінің санаулы белгілі сәттері туралы да айтты. Өкінішке орай, Сәкен Сейфуллин 1938 жылдың сәуірінде Алматыдағы ІІХК түрмелерінің бірінде «халық жауы» ретінде атылған. 1957 жылы КСРО Жоғарғы Сотының Әскери Алқасымен қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.

Ақсақалдар Ілияс Баймырзаев пен Қасым Ботанов Сәкен Сейфуллиннің ұлы шығармашылық мұрасын және Қазақстан Республикасының ағарту ісіне қосқан зор үлесін атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі