“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Жаңа оқулықтардың – жаңа өмірі»

2019 жылы 19 қыркүйек күні сағат 10.00 – 17.00 аралығыда ҚМИУ ғылыми кітапханасы барлық оқытушылар мен студенттерді оқу залында (бас ғимарат, 3-қабат) өтетін «Жаңа оқулықтардың – жаңа өмірі» атты ақпарат күніне шақырады.

ҚМИУ-де халықаралық білім беру «Жаппай диктант» акциясы өтті

13 сәуір күні ҚМИУ-де жыл сайынғы халықаралық «Жаппай диктант» акциясы өтті.

Жаппай диктант – бұл барлық ниет білдірушілер үшін ерікті диктант түріндегі жыл сайынғы білім беру акциясы. Акцияның мақсаты – орыс тілінің білімін тексеру. Бұл тіл тасымалдаушылары үшін де, және орыс тіл шет тіл болып келетіндерге қол жетімді, тек тексеру формасы ғана ерекшеленеді: бірінші жағдайда – классикалық диктант, екінші жағдайда – 10 тапсырмадан тұратын TruD тесті және диктовкамен мәтінің қысқа үзіндісінің диктант. Жаппай диктант – бұл белсенділер мен волонтерлердің күшімен өткізілетін қоғамдық жоба. ҚМИУ-де бұл акция «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының оқытушыларының қолдауымен өтті. Теміртау қаласының тұрғындары жыл сайын акцияға қатысады, биыл 80 адам қатысты.

Бір қызығы, диктант әр түрлі адамдардың жазуына болады: барлық жастағы, әр түрлі ұлт, әр түрлі қызмет салалары. “Жаппай диктант” акциясы сауаттылық деңгейін тексеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, ересектердің өздерін мектеп оқушыларының сезінуіне мүмкіндік береді.

Биыл акция 16-шы рет өтуде. 13 сәуірде Ресей, Қазақстан, Түркия, Корея, Сирияны қоса алғанда, әлемнің 80 елінде жаппай диктанттың 3100-ден астам алаңы ашылды. Акцияға алғаш рет Біріккен Араб Әмірліктері, Перу және Мьянма қатысты.

ҚМИУ баспасөз қызметі


ҚМИУ Жайдарман құрамасы Сочидегі 30 – шы халықаралық фестивальда тамаша нәтиже көрсетті!

 

Сочидегі КВН-ның көптен күткен дебюті өтті, онда біздің Квнщиктер тамаша нәтиже көрсетті: қазылар алқасы олардың өнерін бағалады және жоғары ұпай берді! Бұл мүмкіндік 600 команда арасында Орталық лиганың ойындарына қатысуға мүмкіншілік береді.

Өңірлік ешкімге белгісіз команда үшін – бұл өте жарқын нәтиже. Тәжірибелі жайдарманшылардың айтуынша, бұл орасан зор жетістік!

Сочи фестивалінің сахнасында өнер көрсетпес бұрын біздің студенттер атақты жайдарманшылардың мастер-класстарына қатысып, КВН тусовкаларының, репетициялардың, толқулардың ұмытылмас атмосферасына үңілді.

Төрешілер біздің жайдарманшылардың ерекше әзілдерін, ойыншылардың реңін және көпұлтты екенін атап өтті (біздің командада 3 корей, 3 қазақ, 1 орыс). Әсіресе біздің егіздеріміз: Дарина мен Мәдина Накуповалар есте қалды.

Алдағы уақытта біздің студеттенр Орталық лигада ойнайтын болады! Біз оларға жеңіс пен табыс тілейміз!

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


ҚМИУ-ДА МҰҒАЛІМДЕР КҮНІНЕ ЖӘНЕ ҚАРТТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ӨТТІ

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде лайықты демалыстағы университеттің еңбек ардагерлерін даналық мерекесімен құттықтады.

3 қазан 2018 жылы ҚМИУ «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінде ардагерлерге құрмет көрсету өтті.

Бұл кездесудің құрметті қонақтары біздің университеттің еңбегі сіңген оқытушылары Шаргородская Нина Фёдоровна, Семкин Константин Федорович, Ормышева Мейрамгүл Иманқұлқызы, Смағұлов Байболат Төлегенұлы, Молчанова Елена Сергеевна, Байғабатов Төлеутай Смақұлы, Филатов Анатолий Васильевич, Свищев Александр Иванович, Игнатова Ольга Ивановна, Кукало Людмила Ивановна, Гавва Нина Федосеевна болды.

Оқу ісі жөніндегі проректор Сивякова Галина Александровна және кәсіподақ комитетінің төрайымы Кәріпбаева Айжан Рыскелдінқызы ардагерлер мен зейнеткерлерге алғыс сөздерін айтты.

Кездесу қатысушылары жоғары оқу орнының қабырғасындағы жұмыс уақыты, өз әріптестері мен студенттері, университеттің жылдан-жылға қалай өзгергені туралы қуанышпен және ерекше жылылықпен естеліктерімен бөлісті. Олар өздерінің университеттеріндегі оң өзгерістерді атап өтті. Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, профессор Филатов Анатолий Васильевич университет ректоры Жәутіков Бахыт Ахатұлына еңбек ардагерлеріне үнемі қамқорлық жасағаны үшін алғысын білдірді. Осы адамдардың әрқайсысы үшін біздің университет мәңгі туған үйі болып қалады, өйткені кездесудің әрбір қатысушысы біздің университетімізде 30 жылдан астам жұмыс істеді.

Университет студенттерімен әзірленген концерттік бағдарлама іс-шараның ерекше музыкалық безендіруімен болды. Еңбек ардагерлері 4-ші курс студенті Балқыбеков Алиханмен бірге «Смуглянка» атақты әнін шырқады. Республикалық вокалистер конкурсының жеңімпазы Нұрмаханов Мұқағали өзінің вокалдық қабілеттерімен барлығын таң қалдырды.

Іс-шараның соңында еңбек ардагерлеріне мереке құрметіне ҚМИУ қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінен кәдесыйлар табыс етілді.

ҚМИУ баспасөз қызметі


«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.

Бағдарлама мақсаты – еліміздің еңбек ресурстары мол оңтүстік өңірінің жастарын оқытумен (Алматы, Түрікстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) кадрлар жетіспейтін шығыс, солтүстік және батыс өңірлерінде жұмыспен қамтамасыздандыру.

2015 жылдан бастап Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасына техникалық мамандықтар бойынша біздің Қарағанды мемлекеттік инлдустриялық университетті де қатысады.

2015 жылы ҚМИУ 8 мамандық бойынша 300 грант бөлінді. Оның 01.09.2015 жылы 294 гранты игерілді, 6 грант 2016 жылдың қаңтар айында қайта бөлінді.

2016 жылы ҚМИУ 11 мамандық бойынша 160 грант бөлінді. Оның 01.09.2016 жылы 157 гранты игерілді, 3 грант 2017 жылдың қаңтар айында қайта бөлінді.

2017-2018 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша 11 мамандықтар бойынша 161 талапкер оқуға қабылданды. 6 грант игерілмеді.

Ағымды 2018-2019 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша  90 талапкер, 9 мамандық бойынша оқуға қабылданды.

Мамандық  2015-2016 оқу жылында оқуға қабылдау

2016-2017

оқу жылында оқуға қабылдау

2017-2018 оқу жылында оқуға қабылдау 2018-2019 оқу жылында оқуға қабылдау
1 Машинажасау 32 15 16 4
2 Көлік, көлікті техника және технологиялар 35 10 20 9
3 Технологиялық машиналар және жабдықтар 34 20 5
4 Электрэнергетика 35 5 12 14
5 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы 35 20 4 5
4 Металлургия 44 19 9 7
5 Құрылыс 39 15 24 9
8 Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы 40 28 27 9
9 Автоматтандыру және басқару 10 23 24
10 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 5
11 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру 10 21 9
БАРЛЫҒЫ: 294 157 161 90

 

Қазіргі таңда барлығы 659 студент оқиды.

Осы бағдарлама бойынша ҚМИУ оқуға түскен талапкерлер жатақханамен қамтамасыз етілген, олар оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастырылады.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде жақсы оқу үшін студенттеге қолайлы жағдай жасалған.

Университетте заманауи оқу дәрісханалары және ғылыми зертханалары орналасқан 6 оқу-зертханалық корпус, 260 мың кітап қоры бар кітапхана, екі заманауи акт залы, құрамында 6 ойын залы және ашық алаңды спорт кешені жұмыс жасайды.

Университетте 890 орынды 2 жайлы жатақхана бар. Студенттер үшін жатақхана тегін. Университетте қоғамдық тамақтану орындары (4 дәмхана, 80 орынды асхана), сонымен бірге медициналық бөлме  жұмыс жасайды.

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетін таңдаумен – болашаққа сенімді кепілдендірілген  жолдаманы таңдайсың!