Қымбатты студенттер!
Жақын арада Қариу Студенттік парламенті Президентінің сайлауы өтеді. Біздің университетіміздің барлық студенттік өзін-өзі басқару тағдыры сіздің қолыңызда. Себебі біздің оқу орнындағы студенттік өмірдің қандай бағытта дамитыны сіздің таңдауынызға байланысты!
ҚарИУ Студенттік парламентінің Президенті лауазымына сайлауға қатысуға өтінімдерін жинау басталды!
• Студенттік Парламенттің миссиясы – студенттердің білім беру және әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу, өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру.
• Студенттік Парламенттің басты міндеті – ҚарИУ студенттерінің мәселелерін тез шешуге көмектесу. Студенттік парламент өз жұмысында университет басшылығының қолдауына ие.
• ҚарИУ студенттік Парламентінің Президенті лауазымына оқытылатын пәндер бойынша оң бағалары, лайықты мінез-құлқы бар, университет өмірінде белсенді қоғамдық ұстанымға ие 2-3 курс студенттері қатыса алады.
Өз кандидатураңызды ұсыну үшін сізге 2021 жылғы 30 қазанға (қоса алғанда) дейінгі мерзімде ninulichik@mail.ru электрондық поштасына мәліметтерді екі тілде (қазақ, орыс) жіберу қажет.
• Әлеуметтік желілерде жариялау үшін визит карточкасы. Қысқаша ақпарат (аты-жөні, фото, курс және факультет);
• Студенттік парламенттің оқу жылына арналған әзірленген бағдарламасы (Студенттік парламенттің Президенті ретінде университетте не істегіңіз/өзгерткіңіз келеді және / немесе университет қабырғасында жүзеге асырғыңыз келетін жоба?);(1бет)
• Бейнеролик (1 минуттан артық емес)
Студенттік Парламент Президентінің сайлауында дауыс беру 8-12 қарашада өтеді. Сайлау нәтижелері 15 қарашада белгілі болады.
Визит карточкасын дайындау үлгісін 2-ші суреттен көре аласыздар!!!
2021 жылғы 10-13 қазан аралығында Павлодар қаласында «Торайғыров университеті» КЕАҚ базасында «жоғары білімді интернационалдандыру: Қазақстан мен АҚШ жоғары оқу орындарының тиімді серіктестігі» атты Қазақстан-американдық семинар-тренинг өтті. Семинарға Қазақстан бойынша 20-дан астам университет өкілдері, соның ішінде «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ ғылым және инновациялар департаментінің өкілі Дилара Ережепова қатысты. Семинар-тренинг АҚШ пен ҚР-дағы жоғары білім беруді интернационалдандыру үрдістерін, әріптестікті іске асыру стратегияларын зерделеуге, коммуникация дағдыларын қалыптастыруға және АҚШ-тағы серіктестермен ынтымақтастық тәжірибесін зерделеуге бағытталған. Спикерлер қатарында Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің мәдениет және білім жөніндегі атташесі Эмбер Ора, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекова, Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов сөз сөйледі. Семинар барысында Колорадо және Тынық мұхиты университетінің сарапшылары Сьюзан Стюарт пен Рональд Уайли екі немесе одан да көп мәдениеттердің өзара әрекеттестігі кезінде туындайтын мәселелерді шешуге және мүмкіндіктерді барынша пайдалануға бағытталған «диалог мәдениеті» тренингін өткізді. Бұдан басқа, «серіктестік туралы ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары» тренингі өткізілді, сондай-ақ АҚШ үкіметі қаржыландыратын алмасу бағдарламалары ұсынылды.
Спартакиада спорттың 9 түрін қамтыды . Екі апта ішінде бірінші курс студенттері кімнің мықты екенін анықтады.Спартакиадаға төрт команда қатысты: Металлургия және машина жасау факультеті,
Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультеті, Экономика және құрылыс факультеті,
Техника-экономикалық колледжінің командасы.
Соңғы күні спорттық-ойын-сауық эстафетасы өте жоғары эмоционалды деңгейде өтті.
Жарыстың барлық күндерінің қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
🥇1 орын-Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультеті
🥈2 орын- Металлургия және машина жасау факультеті
🥉3 орын- Техника-экономикалық колледжі
Жеке жарыстарда бірінші орын алды :
🏓Үстел теннисі-Байсеитов Жеңіс
♟Шахмат-Абдукадыр Сабыржан
♟Дойбы-Байсеитов Жеңіс
♟Дойбы қыздар-Қыдыр Назерке
🔴Тоғыз-құмалақ-Қыдыр Назерке.
Үздік студенттер қалалық және облыстық жарыстарға қатысу үшін университет құрамасына енгізілді.
Білім және ғылым министрлігінің тапсырмаларын орындау аясында университет шетелдік студенттерді тарту бойынша жұмысты жандандырды. Осы мақсатта 8 қазанда біздің университеттің профессор, техника ғылымдарының докторы Үмбетов Өмірбек Үмбетұлы бастаған делегациясы Өзбекстан Республикасына аттанды.
Университет өкілдері Заравшан, Тамды, Үшқұдық, Келмек қалаларында мектеп түлектерімен, ата-аналар қауымдастығымен және мектеп педагогтарымен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында біздің университеттің жетістіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Университетте оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасалған, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жақсартылған, студенттердің жеке тұлғасын дамыту бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Біздің университетте оқу көптеген шетелдік азаматтар үшін тартымды. Бүгінгі таңда біздің университетте 150-ден астам шетелдік студент оқиды, биыл Өзбекстан мектептерінің 60-тан астам түлегі студент атанды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Дүниежүзілік студенттер күні!
Дүниежүзілік студенттер күні-бүкіл әлемдегі студенттерге құрмет көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Ол алғаш рет 2010 жылы атап өтілді. БҰҰ бұл күнді «ұлы ғалым» Абдул Каламның құрметіне ұйымдастырды. Ол 1931 жылы 15 қазанда дүниеге келіп, Үндістанның Тамил Наду штатында өсті. Оның сүйікті іс-әрекеті сабақ беру болды және ол әлемнің оны мұғалім ретінде есте сақтағанын қалады.
Қарағанды индустриалды университетінің Жастар ісі жөніндегі комитеті барлық білім алушыларды Дүниежүзілік студенттер күнімен шын жүректен құттықтайды!
Сізге өз кәсібіңізді тауып, оны шын жүректен сүйуіңізді тілейміз.
Оқу жылдары бақытты болып, өмір бойы есте қалсын, ал сіздің әр күніңіз жаңа идеяларға, сенімді ұмтылыстарға және жеке жеңістерге толы болсын!