“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Жеке мәселелерді қоғамды бұзу арқылы шешу немесе күнделікті өмірдегі сыбайлас жемқорлық

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – бұл біз күнделікті өмірде үнемі кездестіретін жемқорлықтың бір түрі. Қолданыстағы заңдар, ережелерді айналма жолдар түрінде қолдану арқылы бәрі заңды болып көрінеді. Осылайша, аз мөлшердегі ақша қарапайым мәселелерді шешуге әсер етеді. Оларға ауруханаларда, мектептерде, жергілікті лицензиялау, полиция және салық органдарындағы парақорлық жатады. Сыйлық немесе конверттегі ақшамен көрсетілген алғысты біздің көпшілігімізге пара емес, оған қарағанда міндетті салт және қарым-қатынас төлсипаты ретінде қабылданады. Бізде не үшін алғыс білдіру қалыптасқан? Бір қызығы, барлығы үшін. Онымен қоса, қабылдаушы алғыстың жоқтығынан ренжіп қана қоймайды, сонымен қатар «өтініш беруші» алдын-ала дайындалмаса өзін ыңғайсыз сезінеді.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын дәлелдеу өте қиын, себебі басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылығы, қылмыстың құпиясын жазасыз ашатын нақты жәбірленуші жоқ. Осылайша, сыбайлас жемқорлық бүкіл қоғамға зиян тигізеді.

Ең алдымен, бұл экономикалық залал, өйткені үлкен сомалар мемлекеттік бюджеттен тыс өтеді және оны қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланыла алмайды. Сондай-ақ ол сыбайлас жемқорлықты күнделікті өмір құбылысына айналдырып, қоғамның моральдық қағидаларын бұзады. Ұзақ мерзімді жоспарда сыбайлас жемқорлық қоғамның одан әрі дамуын тежейді.

 

01.11.2021, 12:18:12, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Республикалық Хакатон

ҚарИУ студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Л.Н. Гумилев ат.ЕҰУ-нің 25 жылдығына арналған «Нұр – сұлтан қ. Қазақстанның цифрлық трансформация орталығы» республикалық Хакатонына қатысты.

Хакатон – бұл қала шаруашылығын басқарудың жаңа цифрлық сервистерін әзірлеу бойынша өзекті міндеттерді шешу үшін прогрессивті команданы анықтау және кәсіби дамыту мақсаты болып табылатын докторанттардың, магистранттардың және жоғары оқу орындары студенттерінің бірегей білім беру, жобалау және коммуникациялық форумы.

Хакатонның негізгі мақсаты мен міндеті:

1.Нақты бизнес-міндеттерді жобалық шешу бойынша креативті ойлауды және пәнаралық командалық жұмыс тәжірибесін дамыту;

2.Бизнес-міндеттердің жобалық шешімдерінің деректер банкін қалыптастыру;

3.Жеке жас мамандарды, оқытушылар мен студенттерді оқыту және дамыту;

4.Жастардың жетекші компаниялардың басшыларымен және сарапшыларымен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі;

Жарыс жеке қатысушылар арасында келесі негізгі секциялар бойынша өткізілді:

  • Желілік қауіпсіздік – «IT-alem» үстелдік желілік тренажерын қолдану арқылы
  • Киберспорт – бұл бейне ойындарға негізделген командалық немесе жеке жарыс
  • Тоғызқұмалақ – арнайы онлайн-платформада өткізілетін ұлттық ойын.

Біздің университеттен Хакатонға студенттерден тұратын 2 команда қатысты.

Бірінші топтың қатысушалары: Леонид Карандашев; Валерий Станкевич; Катков Адлан.

Топ жобасының тақырыбы: «Бөлмелерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін бет маскаларын тану жүйесін жасау».

Ал екінші топта Халмурадов Қайрат; Алпысбаева Анелия; Сәрсен Сұлтан бақтарын сынады. Олардың жоба тақырыбы: «Қоқыс шығару процесін оңтайландыру үшін қоқыс бактарын толтырудың қашықтықтан бақылау жүйесін әзірлеу».

Университеттің команда жетекшісі «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Вячеслав Александрович Қонаев болды.

Хакатонның ұйымдастырушылары мен демеушілері

* Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және басқа да өңірлік университеттер;

* Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі

* «Astana Innovations» АҚ

* CISCO Желілік Академиясы

  

29.10.2021, 17:31:01, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Адалдық сағаты

АДАЛДЫҚ – адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар–ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық–этикалық жиынтығы. Қазақ халқының адалдық жайында өзіндік түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», – деген. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттаған.

     Қарағанды индустриялық университетінің студенттері арасында 28-29 қазан күндері кезекті «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды. Адалдық сағатының мақсаты – студенттерге адамның басты құндылықтары – адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім туралы ұғындыру, студенттердің бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Кураторлық сағаты барысында студенттерге Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұсынған  Қазақстан КВН Одағының Президенті Есентүгел Елеукенмен «Адалдық сағаты» бейнеролигі көрсетілді.                                                                                                      

    Адалдық сағаты әдеттегідей жоғары эмоионалды деңгейде өтті.Студенттер бейнероликті қызығушылықпен қарап, адалдық құндылықтары туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

29.10.2021, 11:29:59, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасының тапсырысы бойынша жастар арасында құмар ойындар мен лудоманияға тәуелділіктің алдын алу мақсатында дайындалған бейнероликтерді назарларыңызға ұсынамыз!

[Раздел или его перевод находятся на стадии разработки. Попробуйте варианты на других языках: Русский, English]

28.10.2021, 17:37:36, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ».

 


27-28 қазан күндері «ZOOM» платформасында онлайн форматта біздің университет студенттері үшін «Болашаққа жол өзіңнен басталады» тақырыбында вебинар өтті. Бұл білім беру жобасын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы ұйымдастырды.

Вебинар спикерлері онлайн-дәрістер, интерактивті жаттығулар, командалық ойындар мен тренингтер өткізді. Шара барысында студенттер Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкерлері әзірлеген «Тәуелсіздік дәуірі», «Төртінші өнеркәсіптік революция», «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол», «Ұлы Даланың жеті қыры» дәрістерін тыңдап, пікір алмасып, практикалық тапсырмаларды орындады.

Вебинар жоғары деңгейде өтті. Студенттерге профессорлық құрам өте ұнады: құзыретті және жан-жақты тұлғалар, ең бастысы олар студенттердің қызығушылығын танытқан барлық сұрақтарға жауап берді.

Біз Бердагулова Сағынтай Кеңесқызына, Үмбетова Күнзия Ағымбайқызына, Хамитова Ақбота Камоевнаға және ұйымдастырушыларға жеке алғысымызды білдіреміз, олар бізге бірнеше тілдерді білудің маңыздылығын түсініп, өз еліміздің тарихын көбірек білуге түрткі болды.

 

     

28.10.2021, 17:35:36, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар