“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Қысқы кезеңдегі халықтық іс-әрекетіне қатысты жадынама

№1 жадынама

№2 жадынама

 

 

 

09.11.2021, 15:11:54, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Нанотехнологияның инновациялық әдістерін қолдана отырып, кремний өнімін алу технологиясын жетілдіру


Металлдарды қысыммен өңдеу кафедрасында университеттің техника ғылымдарының кандитаттары, PhD, профессорлық оқытушы құрамы мен докторанттардың қатысуымен кеңейтілген отырысы өткізілді. Кафедра отырысында МҚӨ кафедрасының докторанты Даирбекова Гүлдана Сүйіндікқызының PhD ғылыми атағын алу үшін «Нанотехнологияның инновациялық әдістерін қолдана отырып, кремний өнімін алу технологиясын жетілдіру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы тыңдалынды. Нәтижесінде диссертациялық жұмыстың артық-кем тұстарын назарға ала отырып, ғылыми жұмысты шыңдау мақсатында ескертулер мен ұсыныстар жасалынды.

09.11.2021, 15:01:57, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

“Ұлы даланың жеті” қыры бағдарламасы аясындағы кураторлық сағат

ҚарИУ білімалушыларын Парасаттылыққа, Әділеттілікке, жақсы мінез- құлыққа тәрбиелеу, Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” бағдарламасы аясында кеңістік пен уақыт көкжиегінде тарихымызды ұлықтап жадымызда жаңғырту мақсатында кураторлық сағат өтті.

 

 

08.11.2021, 15:38:49, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Металдарды қысыммен өңдеу процестерінің технологиясы мен жабдығы» тақырыбында мастер-класс

2021 ж.5 қарашада «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды индустриялық университетінің «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының доценті, PhD, Панин Евгений «Металлургия және машина жасау» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, студенттері мен магистранттары үшін «МҚӨ процестерінің технологиясы және жабдығы» тақырыбында мастер-класс өткізді.
Мастер-класс шеңберінде жетекші отандық және шетелдік ғалымдармен коллаборацияда ОМД кафедрасының ғалымдары жүргізген соңғы өзекті ғылыми жұмыстар туралы баяндалды. Көрсетілген ғылыми жұмыстардың нәтижелері бойынша Scopus және Web of science дерекқорына кіретін жетекші әлемдік дәйексөзді басылымдарда бірқатар ғылыми жарияланымдар жарыққа шықты.
Мастер-класстың мақсаты факультеттің білім беру бағдарламалары шеңберінде ғылыми жұмыстарды насихаттау және жастардың ой-өрісін кеңейту, сондай-ақ оларды жаңа шығармашылық жұмыстарға, жетістіктерге, өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге шабыттандыру болды.
А. Полежаев айтқандай: «Ғылым биік тұрған жерде адам биік тұрады».

05.11.2021, 17:22:34, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Жастар және мұра: оқу, ілгерілету, сақтау

ТМЖ-18 тобының студенті Бағдат Жарылқасын тұрақты даму мүддесінде білім беру шеңберіндегі «Жастар және мұра: оқу, ілгерілету, сақтау» республикалық білім беру-практикалық жобасына қатысты.

Бұл жобаның басты мақсаты: ішкі ұлттық туризмді дамыту, тұрақты туризмді насихаттау, жаңа туристік бағыттарды ашу және мәдени және тарихи мұра нысандары туралы білімді тарату.

Бағдат Жарылқасын Сапарұлы әзірлеген «Қарқаралы» бағыты үздіктердің бірі болып танылды. Марапаттау рәсімі Алматы қаласында өтті.

Жарылқасын ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысады, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жүлдегері болып табылады. Сондай-ақ мәдени-бұқаралық қызметке де араласады: КВН университеттік командасының құрамында ол «Магнитка NEXT» ашық КВН лигасының жүлдегері болды.

Осы бағыттың танымал және сұранысқа ие болуын тілейміз, бұл жақын арада авторға Қарағанды облысының дамуы мен танымал болуына үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз!!!

 

 

 

05.11.2021, 12:04:15, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар