“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ МЕН ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

nao kar iu konkursu na 16.11.21kaz

obyavlenie na konkurs aup 16.11.21kaz

29.11.2021, 11:51:23, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ» XI Халықаралықғылыми-практикалық конференциясын өткізу туралы

2021 жылдың 25 қарашасында Қарағанды индустриялық университеті (Теміртау қ.) базасында «Инновациялық технологиялар және инжиниринг» XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ашылуы онлайн-форматында өтті.

Конференция қатысушыларына университет ректоры Абдрасилов Б.С. құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде өткізілген конференцияның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, жоғары білім беру жүйесін реформалау бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырып, университеттің 2024 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі бағыттары туралы айтты.

Конференцияға қатысушыларға ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті М.Ж. Жұрыновтан, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Ж.Д. Құрманғалиевадан, Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың үзеңгілестері, саяси ғылымдарының докторы, профессор Т.С. Сүлейменов, техника ғылымдарының докторы, профессор К.З. Сарекеновтан және басқа да көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінен көптеген құттықтау хаттар келіп түсті. Болатбек Серікбайұлы құттықтау хаттарын жіберген барлық ғалымдар мен әріптестеріне алғысын білдірді.

Қарағанды облысы және Теміртау қаласы әкімдігінің атынан Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Зияшев С.С. сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Қарағанды индустриялық университетінің Қарағанды облысының ғылымын, өндірісін дамытудағы және ғылыми-техникалық базасын құрудағы ерекше рөлін атап өтті.
Конференция жұмысына қатысу үшін Болгария, Польша, Ресей, Украина, Малайзия, Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздің белгілі жетекші ғалымдары қатысқан 4 панельдік сессияда 100 – ден астам мақала мен сөз сөйлеулер жарияланды. Сондай-ақ, конференция аясында отандық жетекші ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессоры, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты К.З. Сарекеновтің «Шойын балқыту жүйесіндегі зияткерлік сараптамалық бағалау және болжау” тақырыбында семинар-дәрісін өткізу жоспарлануда.
Конференция ғылыми қоғамдастықтың ақпарат алмасуын жолға қоюдың, халықаралық ынтымақтастықты дамытудың өзіндік алаңына айналады. Жетекші ғалымдар, магистранттар, университет студенттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүргізілген зерттеулер тәжірибесімен бөлісіп, өз жұмыстарының нәтижелері туралы айтып береді.
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы жарияланады. Жинақ Электронды (PDF) форматта ұсынылады, конференцияға қатысушыларға сертификаттар, секциялық жұмыстардың баяндамашыларына қатысушының дипломдары, ал пленарлық отырысқа қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. Жекелеген жұмыстар ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін жаңа ғылыми жобаларды дайындау үшін база болады.
     
26.11.2021, 15:04:27, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы

23 қарашада Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтар үшін одан әрі дамудың жаңа стратегиясының негізгі болашақ бағдарына айналатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын таныстырды.
Елбасы атап өткендей: «Бұл – отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы ретіндегі менің жас ұрпаққа жолдар үндеуім ретінде қабыл алсын». Құрметті жерлестер! Бүгін мен сіздермен «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығымен бөлісуге асығамын.
«Елдіктің жеті тұғыры»
Бірінші. Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық.
Тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғау – әрбір қазақстандықтың міндеті.
Екінші. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры.
Этникалық әралуандық – біртұтас ұлт ретінде қалыптасқан халқымыздың артықшылығы. «Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – әр азаматтың парызы.Бірлігімізді арттырып, ынтымағымызды күшейтсек қана елдігіміз нығайып, егемендігіміз баянды болады», – деп атап өтті Елбасы.
Үшінші. Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы.
Жерден қасиетті ешнәрсе жоқ.Қазақ үшін ел мен жер – тұтас ұғым. Тарихымыздағы соғыс атаулының бәрі ел мен жерді қорғау үшін болған. «Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап бізді халықаралық деңгейде мойындауға және шекарамызды ресми бекітуге бар күшімізді салдық», – деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы.
Адамзат тарихында, тіпті қазіргі кезеңде де даулы территорияның соғысқа, қантөгіске алып келгенін көріп отырмыз (Таулы Қарабақ, Қырым, Грузия және т.б.). «Мен өскелең ұрпақты осындай қауіптен сақтап қалу үшін барымды салдым» , – деп атап өтті Елбасы.
Төртінші. Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі.
Отанға деген сүйіспеншілік – өз отбасыңа, ауыл-аймағыңа, еліңе деген махаббат пен жанашырлықтан басталады.
«Отбасы институты әлсіреп, салт-дәстүріміз ұмытылса, ел болып қалуымыз екіталай. Сол үшін дәстүрдің озығын алып, тозығын тастап, елдік болмыстың өзегін сақтай білуіміз керек», – деп атап өтті ол.
Бесінші. Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі.
Қоғамның рухани өсуі материалдық құндылықтармен қатар Қазақстанның неғұрлым дамыған 30 елдің қатарына интеграциялану процесінде маңызды рөл атқарады. Ұлттың әлемге танылуына өнер мен ғылымдағы жоғары жетістіктер арқылы ғана жете аламыз.
Алтыншы. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті.
Елімізде талантты әрі дарынды, алғыр да өжет жастар жетерлік.
Әсіресе,әлемнің алпауыт компанияларында жұмыс істейтін, халықаралық деңгейде ғылыми жаңалық ашқан, түрлі салада еңбегімен танылып жүрген жалынды жастарды көру өте қуанышты.
Табысқа жетудің кілті – үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде.
Жетінші. Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі.
Біз қолда бар ресурс пен мүмкіндікті пайдалануға, нәтижелі жұмыс атқаруға және көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуге тырысуымыз керек.
Қазір елімізде жастардың өзін-өзі дамытуына, білімін жетілдіріп, сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік мол. Сондықтан прагматизм принциптері бойынша барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға талпынған жөн. Осылайша біз Тәуелсіздігімізді баянды етіп, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мәдениетін насихаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қойған жасампаз ел боламыз! #NurOtan

Қарағанды индустриялық университетінің ректоры – Абдрасилов Б.С.

                     

 

25.11.2021, 16:05:18, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Қарағанды индустриялық университетінің студенттері үшін 25 қараша күні кезекті «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды


Адалдық сағатының мақсаты – студенттерге адамның басты құндылықтары – адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім туралы ұғындыру, студенттердің бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Кураторлық сағаты барысында студенттерге Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұсынған «JasOtan» жастар қанатының төрағасы Ержан Хамитовпен «Адалдық сағаты» бейнеролигі көрсетілді.
Адалдық сағаты әдеттегідей жоғары эмоионалды деңгейде өтті. Студенттер бейнероликті қызығушылықпен қарап, адалдық құндылықтары туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

 

       

25.11.2021, 14:12:48, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Энергетика, көлік және басқару жүйесі» факультетінің әдістемелік апталығының аясында «Кейс-технология» атты мастер-класс өтті

«Энергетика, көлік және басқару жүйесі» факультетінің әдістемелік апталығын өткізу аясында «Кейс-технология» атты мастер-класс өтті, оған университеттің Профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Шеберлік сабақты техника ғылымдарының докторы, «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасының профессоры Ө.Ү. Үмбетов дайындады.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге байланысты педагогикалық теория мен практикада қазіргі заманғы білім беру технологияларына үлкен мән беріледі, олар орта, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында барған сайын қарқынды пайдаланылуда. Еңбек нарығындағы бәсекелестік, жұмыс берушілердің қатаң талаптары, өз саласында үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге қабілетті мамандарды даярлау қажеттілігі оқу процесіне жаңа, уақытты қажет ететін оқыту әдістерін енгізуді анықтайды.
Бұл мастер-класстың мақсаты – жоғары оқу орнының оқу процесінде кейс-технология сияқты әдісті қолданудың орындылығын теориялық-әдіснамалық талдау.

Үмбетов Ө.Ү. өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, білім алушылардың бойында жаңа қасиеттер мен біліктерді қалыптастыруға емес, білімді игеруге бағытталған нақты немесе ойдан шығарылған жағдайлар негізінде оқытуды жүргізуге мүмкіндік беретін ұсынылып отырған технологияны ашты.

25.11.2021, 14:07:57, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар