Архив:
Тарау таңдап алу:
Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →
2021 жылдың 3 желтоқсанында Қарағанды индустриялық университетінде «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасының студенттеріне қонақ дәрісі өтті. Университеттің қонағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндірістік байланыс учаскесінің бастығы Кузнецов Евгений Михайлович болды.
IP-телефония негіздеріне арналған дәрісті «автоматтандыру жүйелері инженериясы», «Жасанды интеллект технологиялары», «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламалары, сондай-ақ «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша білім алатын «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының 50-ден астам студенті тыңдады.
IP-телефония (немесе VoIp, ағылшынша Voice over ip; IP-телефония)- интернет желісі немесе басқа да IP желісі бойынша дыбыстық сигналды жіберетін байланыс жүйесі. Сигнал байланыс каналы бойымен сандық түрде жіберіледі, және де жіберілер алдында шығынды жою үшін сығылады.
Іс-шара барысында лектор студенттерді әлемдегі телефон байланысының даму тарихымен, IP-телефонияның дәстүрлі телефон байланысынан негізгі айырмашылықтарымен, IP-желінің жұмыс істеу қағидатымен, өндірісте жедел-диспетчерлік байланысты қолдану ерекшеліктерімен таныстырды.
Қарағанды индустриялық университетінде «Тайм-менеджмент және жеке тиімділік» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды.
Іс – шараны Ж. К. Ромазанов, Т. С. Ерғалиев-штаттан тыс сарапшы, өңірлік кәсіпкерлер палатасының әдіскері өткізді,
Мастер-класс барысында студенттер жеке тиімділік принциптерін қарастырды, тайм-менеджменттің пайда болу тарихын және оны өз қызметіне енгізу тәсілдерін білді. Өмірлік құндылықтар мен стратегиялық мақсаттарды анықтау кезеңдеріне ерекше назар аударылды.
Тыңдаушылар тайм-менеджмент қағидаттарын өмірге енгізудің тәжірибелік кейстерін талқылады, сондай-ақ уақытты тиімді бөлудің негізгі ережелерін қарастырды.
Тайм-менеджмент ағылшын тілінен «уақытты басқару»деп аударылады. Әрине, уақытты ешкім басқара алмайды; сондықтан оның нақты функциясы – уақытты барынша тиімді пайдалану.
Өз уақытын тиімді басқаруды білетін адамдар, толыққанды және оқиғаларға толы өмір сүреді, өз жұмысын ең аз уақытта орындайтын, өзіне ұнайтын нәрсені жасауға мүмкіндік алады.
Қазіргі әлемде уақытты басқару мәселесі өзекті бола түсуде. Бұл дағды неғұрлым жақсы дамыған болса, соғұрлым бізге тиімді болмақ.
Тайм-менеджмент екінші кезектегі немесе бөгде мәселелер мен проблемаларға алаңдамай, барлық маңызды және қажетті істерді атқаруға үлгеру үшін күн ішінде (апта, ай) жұмыс және жеке уақытын реттеуге мүмкіндік береді.
2 желтоқсан күні ҚарИУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Цифрлық экономика дәуіріндегі менеджментті трансформациялау» тақырыбында диалог алаңы өтті.
Диалог алаңында спикер ретінде – First Heartland Jusan Bank директорының шағын және орта бизнес жөніндегі орынбасары Султанаева Жұлдыз Маратқызы сөз сөйледі. Ол шағын және орта бизнесті несиелендіру саласында басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде цифрлық құралдарды қолдану, кәсіпкерлік ұйымдар үшін менеджментті диджитализациялау мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Диджитализация – бұл компанияны алға жылжытуға, нарықтағы орнын жақсартуға, клиенттермен өзара әрекеттесуге және көптеген процестерді автоматтандыруға көмектесетін заманауи технологиялар мен құралдарды енгізу арқылы бизнесті трансформациялау процесі. Диджитализацияның міндеті – компанияны интернетте көрінетін ету, клиенттер трафигінің жаңа көздерін ашу, мүмкіндіктерді кеңейту.
Бұл іс-шара бітіруші және жоғары курстардың техникалық мамандықтарының студенттері үшін өткізілді.
2021 жылдың 2 желтоқсанында аға оқытушылар Тургумбаева Г. Т., Петровская А. С., Акмаганбетова А. С., Алдабаева А. Е. басшылығымен «Экономика және бизнес» кафедрасының базасында «Біздің өміріміздегі жарнама» тақырыбында басқарушылық брейн-ринг өткізілді.
Брейн-ринг — сұрақтарға жауап беретін екі (және одан да көп) команда арасындағы ойын. Брэйн-ринг (ағылш. brain — ми) — телевизиялық зияткерлік ойын.
Брейн-рингке ВТжПО, АжУ, М, ТМО, МжТНМ, ХТОВ-18 топтарының студенттері қатысты. Студенттер командаларға бөлініп, түрлі сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар жарнама тарихы, жарнамалық арналар, мақсатты жарнамалар туралы болды.
Мұндай басқарушылық жарыстар менеджмент дағдыларын қолдануға, студенттердің көкжиегін кеңейтуге және таланттарын көрсетуге мүмкіндік береді.
Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы Тәуелсіздігіміздің «Орда бұзар» жасы 30 жылдығына тұспа тұс келіп отыр. Осыған орай ҚарИУ-дың 2 курс студенттері қатысуымен Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына арналған «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға ҚарИУ 2 курс студенті – Данышпанова Бахыт модераторлық етті.
Дөңгелек үстелдің спикерлері – Қабланова Д., Қыдырәлі Б., Тұрсынхан А., Тәсібек М., Жиенбек С., Жимахан А., Елтай Н., Уәлиханқызы А., Касымова А., Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылық жолына тоқталып, баяндамаларын оқып, жасалған презентацияларымен таныстырды. Іс-шара соңында қатысушылар мен спикерлерге алғыс хаттар табысталды. Осы іс-шара «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі м.а. Солтан М.С. жетекшілігімен ұйымдастырылған болатын.
Іс шараның мақсаты – көрнекті қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялық үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Ә.Бөкейхановтың мұраларын зерделеу, болашақ ұрпақтың біздердің әрдайым назарымызда, жадымызда болуы керек. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – алаштықтар мен оның көсемі Әлихан Бөкейхановтың асқақ арман еді. Қорытындылай келе, Біз өткен тарихымызды толық зерттеп, жете меңгермесек те, күні кешегі Алашорданың, арыстарымыздың тарихын жақсы білуіміз керек. Бүгінгі ұрпақ ХХ ғасыр басындағы қазақтың Тәуелсіз ел болып, еңсе түзеуі жолында қанын қиып, жанын берген тұлғаларымызды көбіне білмейді. Болашағы зор ел боламыз десек, осындай ұлағатты істі ұрпақ жадында мәңгіге қалдыруымыз керек.
|