“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Қарттарым асыл қазынам» атты студенттердің ҚМИУ ардагер-ұстаздарымен кездесуі

16 сәуірде «Рухани жаңғыру» және «Жастар жылы» аясында алдыңғы буын – қарттар мен кейінгі буын – жастардың басын қосып, «Қарттарым  — асыл қазынам» атты танымдық-тәрбиелік кездесу өткізілді.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деген болатын осыдан екі жыл бұрын жазған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – сол тамырымызда бүлкілдеп жатқан ұлттық салт-дәстүріміз бен құндылықтарымызды, отбасы мен ерлі-зайыптылар арасындағы  сүйіспеншілік, сыйластық, кешірім, сенім  секілді ізгі қасиеттерді осы университеттің ардагер ұстаздары, бүгінде 80 жастың сеңгіріне шыққан, ата-әже атанған асыл жандардың – Серікбаев Сейілбек ағай мен Асылбекова Раушан апайдың өмір жолынан алынған өнеге мен ұлағатты қасиеттерді студенттердің санасына жеткізіп, көңіліне тоқу болып табылады.

Осы университеттің ірегесі қаланып жатқан сонау алпысыншы жылдары өрімдей қыз бен жігіт, қол ұстасқан қос жас болып келіп, бүкіл саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған, бүгінде ақ жаулықты ана мен ақсақалды ата атанған Сейілбек аға мен Раушан апай өздерінің өмір және еңбек жолдарынан қысқаша сыр шертті.

Жастарға махаббат жайында, өздерінің 50-ден астам жыл бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқандарының сырын аша келіп, махаббат деген баланың ата-анасына, отбасына, бауырларына, туған жеріне, мамандығына, еңбекке деген сүйіспеншілігі екендігін жеткізді.

Ақын Руза Алдашева: «Өткенімізге көз жүгірте отырып, яғни кешесіз бүгін, бүгінсіз ертеңнің болмайтыны ескеріп, «Шын ғашықтар қосылмайды» деген сөзді жиі айтамыз. Бұл қаншалықты рас? Тарихымызға көз жүгіртсек, Қыз Жібек пен Төлеген, Баян сұлу мен Қозы-Көрпеш, Еңлік-Кебек, Естай мен Қорлан сынды т.б. кейіпкерлеріміз жөнінде не білеміз? Айша бибі мен Қарахан оқиғасынан және Естай мен Қорланның ғашықтық ғаламатынан қандай ой түюге болады?» деген сұрақтар тастай отырып, студенттерді ашық пікірлесуге шақырды. Және соңында Мұхтар Шахановтың    «Ғашықтық ғаламаты» дастанынан үзінді оқып берді.

Студенттер де махаббат жайлы Абайдың, Мұқағалидың және жас ақындардың өлеңдерін оқып берді.

Кездесуге шақырылған Теміртау орталық мешітінің бас имамы Жанболат Қошкелдиев те қазіргі жастардың үй-семья болуы, олардың міндеттері мен жауапкершілігі жайында айта келіп, студенттерді имандылыққа, адалдыққа, сүйспеншілікке тәрбиелейтін ұлағатты сөздерімен бөлісті.

Студенттер кездесудің басты кейіпкерлерінінң өмірінен сыр шертетін фото-суреттерді тамашалады және естелік үшін фотоға түсті.

Сейілбек ағай студент жастарға арнап ән шырқап берді.

Кездесу соңында ҚМИУ Қазақ, орыс және шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Нұрзия Әбдікәрімқызы қонақтарға алғысын білдіріп, «Адамды бақыттылыққа үйрету мүмкін емес, бірақ бақытты болатындай етіп тәрбиелеуге болады». Сондықтан осындай іс-шаралардың маңызы зор дей келіп, бүгінгі кездесудің студент-жастардың көңілінен шықанына және олардың сана-сезіміне із қалдыратынына сенімді екенін айтты.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

16.04.2019, 17:02:16, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ жалпықалалық сенбілікке қатысты

2019 жылдың 13 сәуірде «Біз – таза қала үшін!» Теміртау қаласын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша экологиялық айлық өтті.

Біздің университеттің оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері таза ауада серуендеп, сүйікті қаланы тазалап, көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Қолдарына тырма, күрек алып, өткен жылғы жапырақтарды, газон тазалады.  Барлық қатысушылар сенбілікті кішкентай жақсы мереке ретінде қабылдайды, жұмыс күндер арасында жаттығу ретінде істеуге және өзара сөйлесуге болады.

Университет студенттері Металлургтер монументінің артында, Достық скверінде үлкен аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді.

Не үшін істеп жатқаныңды түсінген кезде, кез келген сабақ маңызды, яғни жағымды болады. ҚМИУ қоғамдық пайдалы, еңбек сабағын жеңіл орындады және мақтанышпен: «Тазалық – денсаулық кепілі!» айтуға болады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

13.04.2019, 15:59:36, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ-де халықаралық білім беру «Жаппай диктант» акциясы өтті

13 сәуір күні ҚМИУ-де жыл сайынғы халықаралық «Жаппай диктант» акциясы өтті.

Жаппай диктант – бұл барлық ниет білдірушілер үшін ерікті диктант түріндегі жыл сайынғы білім беру акциясы. Акцияның мақсаты – орыс тілінің білімін тексеру. Бұл тіл тасымалдаушылары үшін де, және орыс тіл шет тіл болып келетіндерге қол жетімді, тек тексеру формасы ғана ерекшеленеді: бірінші жағдайда – классикалық диктант, екінші жағдайда – 10 тапсырмадан тұратын TruD тесті және диктовкамен мәтінің қысқа үзіндісінің диктант. Жаппай диктант – бұл белсенділер мен волонтерлердің күшімен өткізілетін қоғамдық жоба. ҚМИУ-де бұл акция «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының оқытушыларының қолдауымен өтті. Теміртау қаласының тұрғындары жыл сайын акцияға қатысады, биыл 80 адам қатысты.

Бір қызығы, диктант әр түрлі адамдардың жазуына болады: барлық жастағы, әр түрлі ұлт, әр түрлі қызмет салалары. “Жаппай диктант” акциясы сауаттылық деңгейін тексеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, ересектердің өздерін мектеп оқушыларының сезінуіне мүмкіндік береді.

Биыл акция 16-шы рет өтуде. 13 сәуірде Ресей, Қазақстан, Түркия, Корея, Сирияны қоса алғанда, әлемнің 80 елінде жаппай диктанттың 3100-ден астам алаңы ашылды. Акцияға алғаш рет Біріккен Араб Әмірліктері, Перу және Мьянма қатысты.

ҚМИУ баспасөз қызметі


ҚИУ-де XLIХ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

11-12 сәуір аралығында «XXI ғасыр жастары – қазіргі әлемдегі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы» атты XLIХ республикалық ғылыми-практикалық конференциясы М.Остоградский атындағы Кременчуг ұлттық университетімен (Украина) және Г.И.Носова атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университет (Ресей) бірлесіп өтті.

Аталған республикалық ғылыми-практикалық конференциясы Ғылым күні мен академик Сәтпаев Қаныш Имантайұлының 120 жылдығы аясында өткізілді.

Конференцияның пленарлық мәжілісін ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор – Айкеева Алтын Аманжолқызы ашты.

Одан әрі конференция қонақтары мен қатысушыларына құттықтау сөзін ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетінің электромеханика, энергия үнемдеу және басқару жүйелері институтының директоры, т.ғ.д., профессор А. П. Черной және Г. И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми-әдістемелік жұмыс және білім берудегі жаңа технологиялар жөніндегі проректоры Сергиенко С. А. сөз сөйледі.

Конференция жұмысы 9 секция бойынша өтті:

– «Металлургия мен металлтану дамуындағы инновациялар»;

– «Машина жасау технологиясының өзекті мәселелері»;

– «Химия, химиялық технология және экология»;

– «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы және өндірісті автоматтандыру»; -«Қазіргі физика-математикалық ғылымдар және ақпараттық технологиялар»;

– «Сәулет және құрылыс»;

– «Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында Қазақстандағы бизнестің дамуы»;

– «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің рөлі»;

– «Филологиялық ғылымдар».

Конференция барысында 300-ден астам баяндама айтылды. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференцияның жабылуы 12 сәуірде ҚМИУ жаңа корпусының акт залында өтті.

ҚМИУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Жаутіков Бахыт Ахатұлы құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараның ресми бөлігі жағымды сәттен басталды. Сахнада салтанатты түрде Тұңғыш Президенттің әріптесі, Құрметті металлург, 1967 жылдың түлегі Ысқақов Тоқтар Ыбырайұлына қазақ салт-дәстүрімен шапан берілді.

Одан әрі республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған студенттерге құрмет көрсетудің салтанатты рәсімі өтті.

«Құрастыру негіздері және машина бөлшектері» пәні бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының арасындағы республикалық олимпиадада жүлделі екінші орын алғаны үшін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті ректорының алғыс хатымен келесі студенттер марапатталды:

1) Райымбек Нұрқазы ТОМ-17к тобынын студенті

2) Дәулетбай Шүкір ТТТТ-17к тобынын студенті

3) Мырзабеков Нұрсұлтан ТТТТ-17к тобынын студенті

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті ректорының алғыс хатымен студенттерді дайындаған үшін «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының оқытушысы Азимбаев Куатхан Әлібекұлы марапатталды.

«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі 3 орын алғаны үшін ректордың алғыс хатымен МиТНМ-16 тобының студенттері Сапаров Дастан және Асаинова Диана марапатталды. Осы олимпиадаға студенттерді дайындағаны үшін «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушылары Балабаева Айнұр Айтжанқызы және Ахметова Гүлжайнат Есенжолқызы марапатталды департаментінің жетекші инженері Жасұлан Рымгүл Құатқызы, СМЖ бөлімнің басшысы Ольга Клементьеваға және «Құрылыс» кафедрасының оқытушысы Қасенова Әйгерім Нұрсұлтанқызына берілді.

Одан кейін барлық секциялар бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Металлургия мен материалтануды дамытудағы инновациялар» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – М-18нм тобының магистранты Моисеев Андрей

2 орын – М-18нм тобының магистранты Булекова Гулзат

1 орын – МиТНМ-15 тобының студенті Асаинова Диана

“Машина жасау және көлік технологиясының өзекті мәселелері” секциясының жеңімпаздары:

3 орын – ТМиО-15к-1 тобының студенті Меирбекова Алтынай

2 орын – ТОМД-15к тобының студенті Қамбар Мадина

1 орын – ТОМД-15 тобының студенттері Шостикова Алия және Тымченко Александра

«Химия, химиялық технология және экология» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – «№21 ЖББОМ» КММ 10 сынып оқушысы Сиверская Екатерина

2 орын –ХТОВ-18 тобының студенті Калашник Константин

1 орын –ХТОВ-15 тобының студенті Федасов Олег

Сонымен қатар «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік жұмыс» номинациясы бойынша №21 орта мектептің 11 сынып оқушысы Хегай Лаураны марапаттады. «Жұмыстың ең үздік тәжірибелік маңыздылығы» номинациясы бойынша ХТОВ-18мн тобының магистарнты Тлепберген Ерзат пен ХТОВ-15к тобының студенті Иманғали Алдияр марапатталды.

«Жылу энергетикасы, электр энергетикасы және өндірісті автоматтандыру» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – ТЭ-15 тобының студенті Попов Федор

2 орын – ЭЭ-15к тобының студенттері Батырбек Әлібек, Смайл Арайлым

1 орын – АиУ-18к тобының студенті Абсалиев Муқағали

«Қазіргі физика-математикалық ғылымдар және ақпараттық технологиялар» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – Теміртау политехникалық колледжінің студенттері Царегородцев Никита, Ибраимова Сымбат

2 орын – №21 мектептің 6 сынып оқушысы Киселев Ян

1 орын – ВТиПО-17с тобының студенті Захватов Константин

“Архитектура және құрылыс» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – С-16к тобының студенті Ахмедов Хуршид

2 орын – С-17к тобының студенті Серікбай Азамат

1 орын – С-15к-2 тобының студенті Сапар Аида

«Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында Қазақстандағы бизнестің дамуы» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – Э-16 тобының студенті Подгурский Роман

2 орын – «№21 ЖББОМ» КММ 8 сынып оқушысы Гульнова Анастасия

1 орын – УиА-18 тобының студенті Казбеков Ануар

«Қоғамдық сананы жаңғыртудағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің рөлі» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – ТОМ-18 тобының студенттері Сулейменова Олжас, Бағдат Жарылқасын, Исенов Жанибек

2 орын – Теміртау индустриялды-технологиялық колледжінің Ш-17-1 тобының оқушысы Усерова Аяужан

1 орын – ТОМД-17к тобының студенттері Жұмабекова Ақмарал және Дюсебекова Маржан

«Филологиялық ғылымдар» секциясының жеңімпаздары:

3 орын – ТОМД-18к тобының студенті Батырхан Забира

2 орын – №27 ші орта мектебінің 3 сынып оқушысы Толегенова Жибек

1 орын – ТОМД-17 тобының студенті Елефтериади Савелий

Одан әрі пленарлық отырыстың баяндамашылары алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды:

– ҚМИУ МС-16мн тобының магистранты Лутченко Никита

– ҚМИУ С-18-с тобының студенті Сакенова Жазира

– ҚМИУ МО-17 тобының студенті Бобылев Артем

Жыл сайынғы металлургия бойыншша Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңіне белсенді қатысқан командалар ҚМИУ ректорының алғыс хатымен марапатталды:

3 орын – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің командасы: Нұрсапарова Ажар, Малыбаева Алуа және Еңсебаева Камила

2 орын – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің командасы: Жұмабаева Жұлдызай, Манасов Нұрсұлтан және Давлетова Әйгерім

1 орын – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің командасы: Пушанова Әсемай, Өтемұратова Аружан және Биғалиұлы Талант

Жүлделі орындарға ие болғандар үшін дипломдар Білім және ғылым министрлігінен кейін беріледі.

Байқау комиссиясының талқылау қорытындысы бойынша келесі студенттер жүлделі орындарға ие болды:

3 орын – Қарағанды техникалық университетінің студенті, Мырзагулова Зарина

3 орын – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенті, Еңсебаева Камила

3 орын – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті, Бақытжанова Үміт

2 орын – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті, Жұмабаева Жұлдызай

2 орын – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенті Утемуратова Аружан

1 орын – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенті Пушанова Әсемай

Өткізілген конференция мен олимпиада елімізде қаншалықты талантты студенттер бар екенін көрсетті.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


ҚМИУ-де «ФОРТ КГИУ» квест ойыны өтті

 

2019 жылдың 12 сәуірде ҚМИУ-де «Форт КГИУ» интеллектуалды квест-ойыны ұйымдастырылды. Бұл ойын Ғылым күні мен академик, геолог, қоғам қайраткері, кеңестік металлогения ғылымның негізін қалаушы, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы Сәтпаев Қаныш Имантайұлдың 120 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді.

Іс-шараны «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасы ұйымдастырды.

Ойының мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын ояту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу.

Квест-ойынға екі команда «Нұрсұлтан» және «Неугомонные» қатысты. Әр командада өз үйлестірушілері болды, олар ойын бойы бірге жүрді және командалардың квест-ойының барлық ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырды. Әділдік үшін қатысушылар тапсырмаларды орындауға көмектесе алатын гаджеттерді пайдалануға болмайды.

Әр команда 9 негізгі кезеңнен тұратын маршруттан өтті, олардың әрқайсысы пәндер бойынша тапсырмаларды шешуді көздейді:

–         Қазақ, орыс және шетел тілдері (КРиИЯ кафедрасы)

–         Математика және физика (ЕНД кафедрасы)

–         Қазақстан тарихы (ТК және ӘГҚ кафедрасы)

–         Металлургия (МиМ және ОМД кафедралары)

–         Информатика (ЭАиВТ кафедрасы)

–         Экология немесе химия (ХТиЭ кафедрасы)

–         Машина бөлшектері (ТМиТ кафедрасы)

–         Экономика (Э және МиБ кафедрасы)

–         Құрылыс («Құрылыс» кафедрасы)

Егер ойынға қатысушылар тапсырманы шешу нәтижесінде кілт-пароль алса, тапсырма орындалды деп саналды.

Квест-ойының жеңімпазы бүкіл ойынды барынша тез өтетін, барлық сұрақтарға дұрыс жауап беретін команда болады, барлық ұсынылған тапсырмаларды орындап және ұсынылған телефон нөміріне қоңырау шалып, жүлденің орналасқан жерін біледі.

Ойың қорытындысы бойынша «Нұрсұлтан» командасы ең жылдам болды. Команда мүшелері ҚМИУ-ның жаңа корпустың актт залында ғылыми-тәжірибелік конференцияның жабылуында өз сыйлықтарын алды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

12.04.2019, 17:00:57, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар